Таеквондодан (WT) Фуджейра қаласында (БАЭ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК спортшысы, 57 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Аятжан Әмірханов Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
+95 келідегі J2 санаты бойынша финалда сынға түскен Жұрқамырза Шүкірбеков шешуші белдесуде Париж Паралимпиадасының чемпионы, түркиялық Ибрахим Бёлюкбашины жеңіп кетті.
J1 санаты бойынша +95 келідегі Бағланбек Оңалбек жүлделі орынға талас барысында моңғол палуаны Ерденебилег Лхагвадорждан айласын асырды.
Бір салмақта қос отандасымыз да жүлделі орынға ие болды.
2025 жылдың соңына дейін ел аумағында 40-қа жуық маңызды халықаралық спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Яғни, жарыстар олимпиадалық, паралимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санаттарды қамтиды. Спорттық жарыстар ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ұлттық және халықаралық спорт федерацияларының қолдауымен өтеді.
Мәселен, маусым айында Астанада интеллектісі бұзылған тұлғалар арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты (Virtus World Basketball Championship), маусым–шілде айларында ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Әлем кубогі (World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен), шілде айында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен қыздар/ұлдар арасындағы Азия чемпионаты, Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир (WTT Youth Contender Almaty) өтеді.
Мамыр айында Алматыда спорттық альпинизмнен Азия кубогы, қыркүйекте WTT Contender Almaty халықаралық турнирі, қазан айында Астанада мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирі ұйымдастырылады. Сонымен қатар елордада қазан-қараша айларында панкратионнан Әлем чемпионаты, қараша айында жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен Әлем кубогінің екі кезеңі және С.Н. Лиді еске түсіруге арналған садақ атудан Қазақстан Гран-приі жоспарланған. Желтоқсан айында Астана бадминтоннан халықаралық турнирді қабылдайды.
Бұдан бөлек, іс-шаралар күнтізбесіне джиу-джитсу, грэпплинг, кикбоксинг, NOMAD MMA және брейкинг бойынша да турнирлер енгізілген.
2025 жылы ұлттық спорт түрлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл санат бойынша 15-тен астам ірі іс-шара жоспарланған. Атап айтқанда, маусым айында Алматыда теңге ілуден әлем чемпионаты, тамыз айында Астанада ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Азия чемпионаты, Шымкентте дәстүрлі садақ атудан Dala Mergeni әлем чемпионаты өтеді. Тамыз айында Маңғыстау облысында жастар мен жасөспірімдер арасында жамбы атудан (тиісінше ІІ және І Азия чемпионаттары) жарыстар ұйымдастырылады.
26 жасында ғана спорттық жолын бастаған Ғалымжан бүгін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Стамбул, Түркия – 2025 жылдың 25-29 мамыр аралығында.
Дәстүрлі садақ ату әлемі тағы да үлкен жеңістер мен қызықты сәттерге толы Фетих купасы қарсы алады! Фетих Купасы — дәстүрлі садақ атудан Түркияның ең беделді халықаралық турнирі. Бұл жарыс садақ ату дәстүрін жаңғыртып, оны жаңа әлемдік деңгейге көтеруге арналған маңызды алаң болып табылады. Бұл турнирдің атауы Осман империясының жеңісін білдіретін «Фетих» сөзінен шыққан. Турнир өз тарихында садақ атуды тек спорттық жарыс қана емес, мәдени мұра ретінде насихаттап келеді. Онда әлемнің 35 мемлекетінен үздік садақшылар бақ сынайды.
Әрбір қатысушының мақсатында тек жеңіс емес, осы бай мұраны сақтап, жаңа буынға жеткізу міндеті тұр.
Осы дүбірлі додаға Қазақстаннан 50-ге жуық үздік мерген бақ сынайды. Бұл еліміздің дәстүрлі садақ ату спортында қол жеткізген жетістіктерінің айқын дәлелі. Былтырғы турнирде Қазақстанның мерген қызы Батихан Айкөркем алтын медаль жеңіп алып, еліміздің садақ атудағы жоғары деңгейін тағы да дәлелдеген болатын. Осы табысты дәстүрді жалғастырып, биыл Қазақстанның ең үздік садақшылары әлемнің үздік мергендеріне қарсы шығады.
Пара дзюдодан алғаш рет Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті.
Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.
Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:
🥇Бексұлтан Құлмырза — алтын (81 келі, J2 санаты)
🥈Ғалымжан Смағұлұлы — күміс (81 келі, J2 санаты)
🥉Ерғали Шамей — қола (81 келі, J1 санаты)
🥉Даяна Федосова — қола (60 келі, J2 санаты)
🥉Айназ Куралова — қола (46 келі, J1 санаты)
Ертеңгі жарыс күні таңғы 10:00-де басталады.
J2 санаты бойынша 60 келіде бақ сынаған, Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Даяна Федосова 3-орын үшін өткен кездесуде Бразилия спортшысы Мария Дос Сантос Линсты таза жеңді.
Жарыс жолындағы қарсыластары:
✅1/8 финал. Рамона Бруссиг (2 дүркін Паралимпиада чемпионы)
✅1/4 финал. Донду Есілюрт
❌1/2 финал. Дарья Стаканова
J1 санаты бойынша 81 келідегі сынға түскен Ерғали Шамей қола жүлде үшін белдесуде жерлесіміз Бауыржан Арстанбековпен күресуі тиіс еді. Бірақ қарсыластың бас тартуына байланысты жеңіс Ерғалиға берілді.
Ерғалидің бүгінгі жарыс күніндегі белдесулері:
❌1/8 финал. Сирил Жонар
Жұбаныш белдесулері:
✅Елвин Варгас
✅Гоче Явуз
✅Давид Лалремруата
J1 санаты бойынша 46 келідегі Айназ Куралова үшінші белдесуінде Фердауза Убариковаға (Қырғызстан) жеңілді. Әйтсе же, жерлесіміз айналмады жүйенің қорытындысы бойынша, 3-орынға ие болды.