Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
Жазғы спорт түрлері
10 апреля 2026
Оразбек Асылқұлов Ұлан-Батырда Азия чемпионы атанды

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдары басталды.

Қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов -60 кг дейінгі салмақтың алтыны үшін Сачин Сачинмен (Үндістан) шеберлік байқасты. Тартысты өткен айқаста Оразбек мықты екенін паш етті. Есеп: 3-2.

Бұл Асылқұловтың карьерасындағы ересектер санатында Азия чемпионатының 2-жүлдесі. Ол 2024 жылы күміс жүлдеге ие болған.

Биылғы сары құрлық чемпионаты барысында Оразбек Поль Жулифер Басконды (Филиппин), ширек финалда Шунсуке Китамото (Жапония, жекпе-жекте шықпады), Абдурахмон Махмуджоновты (Өзбекстан) ұтты.

Алда әлі Ұлттық құраманың 4 өкілі шаршы алаңға шығады. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.

Кеше әйелдер арасындағы финалдар өткен. Оның нәтижесінде Надежда Рябец (-80 кг) пен Дина Исламбекова (+80 кг) алтыннан алқа тақса, Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдегер атанды. Ал Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) өз салмағында 3-орын алды.

Жазғы спорт түрлері
09 апреля 2026
Гүлмарал Еркебаева - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасының қоржынына қола жүлде түсті.

Аса ауыр салмақтағы (+76 кг) Гүлмарал Еркебаева кіші финалда Оңтүстік Корея палуаны Хван Ын Джудан мықты екенін дәлелдеді.

Бүгін кешкі сессияда тағы екі Ұлттық құрама спортшысы қола жүлдеге таласты. Алайда Марал Тәңірберген (-50 кг) мен Елена Шалыгина (-68 кг) қарсыласына есе жіберді.

Спорт
09 апреля 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.

Жазғы спорт түрлері
09 апреля 2026
Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдары өтіп жатыр.

Аса ауыр салмақта бақ сынайтын (+80 кг) Дина Исламбекова шешуші кезеңде Альфия Тараннум Хан Патанмен (Үндістан) кім мықтыны анықтады. Бес раунд нәтижесінде қазақ боксшысы басым түсті. Есеп: 5-0.

Дина бірнеше күн бұрын жартылай финалда өзбек боксшысын 5-0 есебімен жеңген. Айта кетейік, үндістандық спортшы - жастар арасындағы әлем чемпионы (2021 ж), Азия чемпионы (2022 ж).

Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы Моңғолиядағы чемпионатты 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен аяқтады. Бүгін Надежда Рябец (-80 кг) алтыннан алқа тақса, Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс еншіледі.
Осыған дейін Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдегер атанған.

Енді ертең ерлер арасындағы финалдар өтеді. Онда біздің 5 былғары қолғап шеберіміз күш сынасады. Олар: Оразбек Асылқұлов (-60 кг), Төрехан Сабырхан (-70 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг).

Жазғы спорт түрлері
09 апреля 2026
Надежда Рябец Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдары өтіп жатыр.

Қазақстан командасының тәжірибелі өкілі Надежда Рябец -80 кг дейінгі салмақтың ақтық айқасында өзбек былғары қолғап шебері Рухшона Парпиева жұдырықтасты. Алма кезек шабуылмен өткен жекпе-жекте отандасымыз басым түсті. Есеп: 5-0.

Надежда жартылай финалда Пуджа Раниді (Үндістан) 3-1 есебімен ұтқан. Бұл - Рябецтің ересектер санатындағы сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы алтыны.

Осыған дейін шаршы алаңға шыққан Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Енді біраздан соң аса ауыр салмақтағы (+80 кг) Дина Исламбекова финалда бақ сынайды.

Осыған дейін әйелдер командасы сапынан Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.

Жазғы спорт түрлері
09 апреля 2026
Спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатында үш спортшымыз 1/8 финалға жолдама алды

Қытайдың Мэйшань қаласында  спорттық құзға өрмелеуден өтіп жатқан сары құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жылдамдық сайысының іріктеу кезеңдері өтуде.

Нәтижесінде қазақстандық Әмір Маймұратов, Ришат Хайбуллин және Дамир Тоқтаров 1/8 айналымға шықты.

Өкінішке қарай, қалған спортшыларымыз іріктеу кезеңінен аса алмады.

Енді ел намысын қорғайтын отандастарымыз 1/8 финалда өнер көрсетеді. Келесі кезең бүгін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады.

Жазғы спорт түрлері
09 апреля 2026
Бақыт Сейдіш ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финал жекпе-жектері басталды.

Біздің Ұлттық құраманың спортшысы Бақыт Сейдіш (-70 кг) ақтық сында Арундхати Чоудхаримен (Үндістан) күш сынасып, тартысты өткен айқаста қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Бақыт ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Есеп: 1-4.

Айта кетейік, Бақыт - 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Бүгін әйелдер арасында тағы 2 отандасымыз бас жүлдеге таласады.

Жазғы спорт түрлері
08 апреля 2026
Ислам Евлоев - Бішкектегі Азия чемпионатының қола жүлдегері

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны 4-медаль түсті.

Грек-рим күресінен -97 кг салмақта өнер көрсететін Ислам Евлоев кіші финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Минхоны жеңіп, 3-орын алды.

Бұл біздің Ұлттық құраманың еншісіндегі 4-медаль.

Санаулы сəттер бұрын Алматбек Аманбек (-72 кг) Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салса, Ибрагим Магомадов (-82 кг) қолаға қол жеткізді. Кеше тәжірибелі Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль иеленген.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы 1 алтын, 3 қола медальмен Бішкектегі доданы аяқтады.

Жазғы спорт түрлері
08 апреля 2026
Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты.

Ибрагим Магомадов 82 кг дейінгі салмақта қола жүлде жолында қытайлық Рую Люмен күш сынасып, 5-3 есебімен басым түсті.

Санаулы сəттер бұрын Алматбек Аманбек (-72 кг) Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салса, кеше тәжірибелі Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль иеленген.

Жазғы спорт түрлері
08 апреля 2026
Алматбек Аманбек - грек-рим күресінен Азия чемпионы

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Грек-рим күресінен 72 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы Алматбек Аманбек финалда ирандық Мұхаммед Жавад Резаидың жауырынын жерге тигізді.

Бұл - Қазақстан қоржынына түскен чемпионаттағы бірінші алтын жүлде.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты