Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясында қазақ күресінен ересектер арасындағы «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі өтеді.
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диханбай Биткөзовтың жүлдесіне арналған бұл додада 6 мемлекеттің, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай және Моңғолия елдерінің кіл мықты спортшылары жиналады.
Жарыс бағдарламасына сәйкес, палуандар 55, 60, 66, 74, 82, 100 және +100 келі салмақ дәрежесінде белдеседі.
І орын – 400 000 теңге
ІІ орын – 200 000 теңге
ІІІ орын – 100 000 теңге
Жеңімпаздың бапкеріне - 400 мың теңге!
Еске салсақ, Азия кубогі 30 сәуір - 1 мамыр күндері аралығында Қарағанды қаласы, Қазақстан көшесі 1/4, «Жастар» спорт кешенінде өтеді.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі: 30 сәуір, сағат 12.00.