«Парасатты отбасы» онлайн байқауының ережесі

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының ережесі

«БЕКІТЕМІН»
СҚО әкімдігінің білім
басқарма басшысының м.а.
____________Т.Протопопова
2021 ж. «___»______________

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасылық қатынастарды қалыптастыру мен нығайту, қазіргі жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында "Парасатты отбасы" онлайн конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізеді.

1.2. облыстық байқауға құрметті, белсенді оқушылар мен студенттердің отбасылары қатыса алады.

2. Конкурсқа қатысу шарттары

2.1. Байқауға түрлі салада жұмыс істейтін отбасылар қатыса алады.

2.2. Конкурсқа қатысушылардың отбасыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымы назарға алынады.

2.3. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылықты сипаттайтын 4-5 минуттық жоғары сапалы бейнероликтер дайындайды. Бұл бейне әлеуметтік желілерде жалпы хэштегпен орналастырылады (#parasattyotbasy15).

3. Конкурсты өткізу ережелері

3.1. Конкурстың ЕРЕЖЕСІ өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3.2. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері, ұсынылатын роликтер келесі критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

  1. ролик мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі;
  2. роликтің негізгі идеясының креативтілігі;
  3. роликтің негізгі идеясын ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.

3.3. Байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең (іріктеу) – аудандық (қалалық); 2021 жылғы 16 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін

2) екінші кезең (қорытынды) – облыстық; 2021 жылғы 29-30 қыркүйек

3.3. Конкурсқа қатысатын жұмыстар және үлгіге сәйкес келетін өтінімдер (1-қосымша) білім басқармасының электрондық поштасына 2021 жылғы 28 қыркүйекке дейін жіберіледі.

3.4. Қазылар алқасының шешімі бойынша бір жеңімпаз отбасы анықталады.

1-қосымша

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының ережесі