2021-2022 оқу жылына арналған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы (жоба)

2021-2022 оқу жылына арналған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы (жоба)

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021-2022 оқу жылына арналған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бекiтiлсiн.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте:

  1. осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» Республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;
  2. осы қаулыны ресми жариялағаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмi Қ. Ақсақалов

2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы