Республикалық «TeachFest: тәжірибе, табысқа жетелейтін практика» кәсіби шеберлік байқауының өткізілуі туралы ақпарат

Республикалық «TeachFest: тәжірибе, табысқа жетелейтін практика» кәсіби шеберлік байқауының өткізілуі туралы ақпарат

2026 жылғы 19 қаңтар мен 4 ақпан аралығында М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж КМҚК және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы қолдауымен «TeachFest: тәжірибе, табысқа жетелейтін практика» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттері арасында өткізді.

Байқауға еліміздің әр түрлі колледждерінен 100-ден астам педагогикалық мамандық студенттері қатысты. Олар төменде аталған білім беру ұйымдарының өкілдері болды:

  • КМҚК «Ж. Мусин атындағы Көкшетау мемлекеттік қазақ педагогикалық колледжі»;
  • КМҚК «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі Абай атындағы»;
  • ПХБ на КГП «Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі»;
  • КМҚК «Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі»;
  • КМҚК «Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі»;
  • «М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»;
  • КМҚК «№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі»;
  • КМҚК «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі»;
  • ЧУ «Шет тілдер колледжі»;
  • ТОО «Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжі»;
  • КМҚК «№1 Алматы қазақ гуманитарлық педагогикалық колледжі»;
  • «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі»;
  • Колледж «Бөбек»;
  • КМҚК «М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж».

Байқау педагогикалық мамандық студенттерін біріктіріп, олар үшін кәсіби даярлық нәтижелерін, шығармашылық әлеуетін және инновациялық педагогикалық ойлауды көрсетуге тиімді алаңға айналды.

Байқауға педагогикалық практика түрлеріне сәйкес алты бағыт бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды. Қатысушылар заманауи білім беру технологияларын, интерактивті оқыту әдістерін қолдануда жоғары деңгейде біліктіліктерін көрсетті, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда практикалық және шығармашылық тәсілдерді қолданды.

Байқаудың әділқазылар алқасы, құрамында педагогика және цифрлық технологиялар саласының жетекші мамандары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері бар, конкурстық жұмыстарды бекітілген критерийлерге сәйкес жан-жақты бағалады. Байқау нәтижесінде әр бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, номинациялармен және сертификаттармен марапатталды.

«TeachFest: тәжірибе, табысқа жетелейтін практика» байқауын өткізу педагогикалық мамандық студенттерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарын, педагогикалық тәжірибелерді тарату мен техникалық және кәсіптік білім беру саласының абыройын арттыруға ықпал етті.

Байқау нәтижелері колледждің ресми сайтында colmagzhan.kz жарияланады, сондай-ақ марапаттау материалдарын жүктеу үшін арнайы сілтеме беріледі.

 

Байқау ережесі

«TeachFest: Табысқа шабыттандыратын тәжірибе» республикалық кәсіби шеберлік байқауының нәтижесі