«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында қоқыс сұрыптау кешенін салу және пайдалану» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында қоқыс сұрыптау кешенін салу және пайдалану» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V заңының (бұдан әрі – «МЖӘ туралы» ҚР Заңы) 36-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 77-тармағына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу жолымен «Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қоқыс сұрыптау кешенін салу және пайдалану» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасы бойынша жекеше әріптесті анықтау бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары: инвестициялық шығындарды өтеу. Тараптардың келісімі бойынша анықталатын шығындарды өтеудің басқа да көздері болуы мүмкін.

Жобаны іске асырудың басталу мерзімі: 2022 жж. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы – 12 ай. Жобаның аяқталу мерзімі: ең жақсы ұсынысқа және әлеуетті жекеше әріптесті айқындау мерзімдеріне сәйкес анықталады.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

  1. жобалау-сметалық құжаттамада көзделген құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу (объектіні құру);
  2. «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28.02. №165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар жауапкершілігі ІІ (қалыпты) деңгейлі объектілеріне жатады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке серіктестерге хабарландыру жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде 16 сағат 30 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген өздерінің техникалық ұсыныстарын ұсынуы және біліктілік іріктеуі жүргізілетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (конвертте желімделген) ұсынуы қажет.

Әлеуетті жекеше әріптестердің (олардың уәкілетті өкілдеріне) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсыну үшін қажетті техникалық тапсырмамен және құжаттар тізбесімен төмендегі сілтемелер бойынша танысуға болады:

1) техникалық тапсырма;

https://www.gov.kz/uploads/2021/5/20/3ad75e24b08937e90c7c1681c3d6d1fd_original.33780.zip

2) құжаттар тізбесі.

https://www.gov.kz/uploads/2021/5/20/b8ade056a32c3b4a0d9e69c213786e61_original.15724.zip

Техникалық тапсырманың көшірмесін және біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті жекеше әріптестерге ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жұмыс күндері Нұр-Сұлтан қ. уақытының 9-00-ден 13 сағат 00 минутқа дейін және 14 сағат 30 минуттан 17 сағат 30 минутқа дейін конкурсты ұйымдастырушыдан қағаз немесе электрондық нысанда тегін мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Парк к-сі, 57В, №440, телефон: 8(7152)533653. Байланысушы тұлға: «СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ бөлімінің бас маманы Виктор Викторович Спиней.