10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

10 жыл мерзімге  мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Скачать

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ 10 жыл мерзімге  мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама)   бірінші   жариялымынан   күнтізбелік  отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде  осы  конкурсқа қатысуға  өтінімдер  қабылданады.  2022 жылғы 17 қаңтардан бастап 2022 жылғы 04 ақпанға дейінгі кезеңде өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56, 2-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша  Мағжан Жұмабаев  ауданы  әкімдігінің  ғимаратында 2022 жылдың 07 ақпандағы 18 сағат  00 минутта конкурстың нәтижелері  шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі  конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім  берушіге  хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Конкурстық өтінімдер «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жер қатынастары бөлімі» КММ-не 2022 жылғы 04 ақпандағы сағат 18:30-дан кешіктірмей, 150800, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 31 мекенжайы бойынша қолма-қол, веб-портал арқылы немесе пошта арқылы беріледі.

Мемлекеттік меншіктегі  және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелері  2022 жылдың  07 ақпандағы  шығарылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің www.mzh.sko.gov.kz, «Солтүстиік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлімі» КММ www.ozo-mzh.sko.gov.kz сайтында немесе  8 (71531) 2-03-75, 8 (71531) 2-08-33, 8 (71531) 2-04-22 тел. бойынша алуға болады. 

 

Лот №

Алқаптардың құрамы

Алаңы, га

Бонитеттің орташа көтерілген балы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы

1

 

Егістігі: өріс 20 – 195 га, өріс 3 – 205 га, өріс 2 – 38,6 га, өріс 2 – 36,2 га, өріс 17 – 345 га, өріс 23-1 – 362 га, өріс 17 – 386 га;

 

Жақсырталған жайылымдары: өріс 2-7 – 24 га;

 

Табиғи жайылымдары: өріс Г-3,4 – 144 га, өріс Г-8 – 82 га, өріс кос4 – 3,9 га, өріс г-8 – 119 га, өріс т-9 – 76 га, өріс кос1 – 22,8 га, өріс кос8 – 0,9 га, өріс 9 – 17,9 га, өріс Т-8лош - 86 га;

 

Батпақтары – 188,9 га;

 

Жолдары – 6,4 га;

 

Бұталары – 24,7 га

 

Су астында – 50,9 га:

 

Басқа жерлері – 1,7 га.

 

2416,9

34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Возвышен ауылдық округі, Таман ауылдық округі, Ұзынкөл ауылдық округі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кәдімгі чернозем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жақсы

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал шаруашылығын дамыту