Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Басқарманың сайтында «Қызмет бағыты», «Мемлекеттік қызмет көрсетулер»- «СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша есеп» бөлімінде 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің нәтижелері туралы есеп (параққа кіру үшін сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/article/details/165710?lang=kk).

Барлық тілек білдірушілерге «Пікірлер» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі.

Жария талқылаулар ағымдағы жылғы 17 сәуірден 30 сәуірге дейін өткізілетін болады.

Солтүстік-Қазақстан облысы
 әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту
және архив ісі басқармасы