Меню

Страницы

Статья

Казанцев көпестiң тұрғын үйi мен дүкен ғимараты

XIX ғасырдың екiншi жартысы. (Архит.).

Қазақстан Конституциясы көшесi, 2 үйде орналасқан.

Ғимарат ХIХ ғасырдың екiншi жартысында салынған. Бiрiншi гильдия көпесi Казанцев Григории Ивановичке тиесiлi болатын.

Үйдiң төменгi қабатында тұрмыстық тауарлар дүкенi, ал екiншi қабатта контора мен көпестiң үйi орналасты. Алғашында, осы ғимарат пен Пушкин көшесiнде орналасқан Ганьшин көпестiң үйiнiң арасында бiраз арақашықтық болатын. Бiрақ кейiн, Ганьшин көпеске тиесiлi көршi дүкен ғимаратын қайта құру кезiнде, өзiнiң пайдалы жерлерiне алаңдаған Казанцев, басты ғимаратының екiншi бөлiгiн салуға асықты. Осылайша, екi үйдi «қосқан» көпес-көршiлер бiр шатыр астында ортақ қойма жасады.

Кеңестiк уақытта ғимараттың iшкi көрiнiсi «Комсомолка» цех фабрикасы ретiнде қайта салынуға байланысты өзгерген болатын. Iшкi баспалтақ торы жоғалған. Қазiргi уақытта бiрiншi қабат пен екiншi қабатқа кiру жабылған, ғимаратқа кiру iшкi алаңнан жүзеге асады. Қайта жоспарлау кезiнде екiншi қабатта өндiрiстiк мақсатқа қажет кең орындар босады.

Бас ғимарат П тәрiздi пiшiнге ие және тағы П тәрiздi ғимаратмен жалғасады. Осыған байланысты iшкi жабық алаң пайда болды. Бас ғимараттың фасады iшкi жағынан, рельефтi кiрпiш салымымен безендiрiлген.

Ғимарат өзiнiң жоспарлы кешендiк құрылысында кiрпiш тұрғын үйлер, қойма мен саудаға лайықталған, ХIХ басы мен ХХ ғасырларға тән көпестiк қаланың тарихи нұсқасы iспеттес, қаланың орталық бөлiгiнiң архитектуралық мұрасы болып табылады

Мәлiметтер Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Петропавл қалалық әкiмдiгi және жылжымайтын мүлiк Орталығы Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң Тiркеу Комитетiнiң қызметi, Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгi, Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Солтүстiк Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлiмiнiң қорында сақтаулы.

Ғимарат Петропавл қалалық атқарушы комитетiнiң шешiмiмен қорғауға алынды. (№ 115 1982 ж. 18.03)

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

30 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 
29 октября 2025
Ақпараттық хабарлама зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге
28 октября 2025
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты