«Абай және Пушкин» мүсін композициясы
Жарияланған күні: 25 қаңтар 2021
Жаңарту күні: 25 қаңтар 2021
Көру саны:793
Ресейде Абай жылы және Қазақстанда Пушкин жылы болып жарияланған 2006 жылы Петропавл қаласында «Абай және Пушкин» ескерткiшi орнатылды. Композиция екi ұлы ақын Абай мен Пушкиннiң мүсiндерiнен құрылған және екi халық арасындағы достықты бiлдiредi. Екi мүсiннiң ортасында мәңгiлiк нышаны және осы екi тұлғаның заманын ажырататын биiктiгi 5,2 м ағаш орналастырылған. Ескерткiштiң авторы — К. Сатыбалдин, архитекторлары — С. Баймағамбетов пен В. Затай. Композиция қоладан, iргетасы куртинск гранитiнен жасалған.

Жарияланған күні
25 қаңтар 2021
Жаңарту күні
25 қаңтар 2021