Қарасай және Ағынтай батырлардың ескерткіші
Жарияланған күні: 25 қаңтар 2021
Жаңарту күні: 25 қаңтар 2021
Көру саны:123
Петропав қаласының Театр алаңында 17 ғасырда Есiм ханның туы астында қазақ жерiн басқыншылардан қорғаған атақты Қарасай және Ағынтай батырларына ескерткiш орнатылды. Мүсiндiк композицияны белорус шеберлерi қоладан жасап, оны Петропавл ауыр машина жасау зауытының мамандары орнатты. Ескерткiштiң ашылу рәсiмi 1999 жылы 22 маусымда ҚР Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың қатысуымен өттi. Ескерткiштiң мүсiншiсi Б. Досжанов. Ескерткiш нобайы жасалған соң мүсiн құмнан құйылып, кейiн қоламен және гранитпен қапталды. Қарасай мен Ағынтай батырларының мүсiндерi сәулет ескерткiшi болып табылады.

Жарияланған күні
25 қаңтар 2021
Жаңарту күні
25 қаңтар 2021