Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау Басқарманың интернет-ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі –Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2025 жылғы 01 наурыздан бастап 2025 жылғы 15 наурызға дейін жұмыс күндері СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 522 каб., электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz.
Анықтама телефоны: 8 (7152) 36-13-62.
Об утверждении Правил ведения реестра субъектов социального предпринимательства