Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілері менөзге де коммерциялық емес ұйымдардың назарына

Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілері менөзге де коммерциялық емес ұйымдардың назарына

Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) 2021 жылғы «Жомарт жүрек» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді облыстық деңгейде қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Қатысуға өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:

1) «Жыл тұлғасы» — белсенді филантропиялық қызметі үшін (тек жеке тұлғалар үшін);

2) «Жыл меценаты» — белсенді меценаттық қызметі үшін (тек жеке тұлғалар үшін);

3) «Туған өлке» — кіші отанды қолдау жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін (жеке және заңды тұлғалар үшін);

4) «Жылдың үздік ұйымы» — қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін беріледі (тек заңды тұлғалар үшін — жеке мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, акционерлік қоғамның, қордың, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар үшін);

5) «Жылдың үздік қамқоршысы» — әлеуметтік маңызы бар елеулі өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі, қайырымдылық көмегі үшін (тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін).

Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші Басқарманың интернет-ресурсында жарияланған қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органға өтінім береді.

«Жомарт жүрек» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 20 шілдеден бастап 15 тамызға дейін (қоса алғанда) o.soldatova@sko.gov.kz электронды поштаға жүзеге асырылады.

Анықтама телефондары: 8 (7152) 36-13-62.

Қосымша