Меню

Страницы

Статья

Сайлау

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның депутаттарын мәслихаты сайлау кезінде саяси партиялардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпарат

Жетiншi шақырылымдағы
Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан мәслихатының бiрiншi сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-тармағы негiзiнде, Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Жетiншi шақырылымдағы Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан мәслихатының бiрiншi сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарға жергiлiктi уақытпен сағат 14.00-ге шақырылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Н. Барақаев

Новоишим а.
2021 жылғы 14 қаңтар
№ 5/2

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудандық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5
қаулысына қосымша

Жетінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының депутаттарын тіркеу туралы хабарлама

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысы бойынша келесі депутаттар тіркелді:

  1. «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша:
  2. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша:
  3. «ADAL» саяси партиясының партиялық тізімі:
  4. Солтүстік Қазақстан облысы
    Ғабит Мүсірепов атындағы
    аудандық сайлау комиссиясы

    VII шақырылымдағы Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауының
    қорытындылары туралы хабарлама

    2021 жылғы 10 қаңтарда бiрыңғай сайлау округiнiң аумағы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауы өттi.

    Облыс бойынша сайлаушылар тiзiмiне 26755 азамат енгiзiлiп, оның 25599-ы немесе 95,68 пайызы сайлау бюллетеньдерiн алды.

    Дауыс беруге 25218 адам қатысты, оның iшiнде есептен шығару куәлiктерi бойынша 13 сайлаушы дауыс бердi, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 325 сайлаушы дауыс бердi.

    Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

    Саяси партиялар үшiн дауыс беру кезiнде мынадай дауыс саны берiлдi:

    «Nur Otan» партиясы — 19874 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,52%;

    «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 3356 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 13,43%;

    «ADAL» саяси партиясы — 1763 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,05%.

    Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жетi және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгiлендi:

    «Nur Otan» партиясы;

    «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

    «ADAL» саяси партиясы.

    Саяси партиялар үшiн депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгiлендi:

    «Nur Otan» партиясы — 9 мандат;

    «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 2 мандат;

    «ADAL» саяси партиясы — 1 мандат.

    Ғабит Мүсiрепов атындағы
    аудандық сайлау комиссиясы

    Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының депутаттығына кандидаттардың «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының депутаттығына кандидаттардың «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының депутаттығына кандидаттардың «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі қаулысының жобасы 

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

    Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6 – тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  5. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
  6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар шарттық негізде осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
  7. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

2018 жылғы 19 сәуірдегі № 128 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы» (2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4705 болып тіркелген);

2019 жылғы 8 мамырдағы № 121 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарына үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй - жайлар беру туралы» (2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5403 болып тіркелген);

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі А. Тастеміров

Қаулыға қосымша

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылы 16 қарашада Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 103-бабына сәйкес, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестік филиалы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихат депутаттығына партиялық кандидаттар тізімін ұсыну туралы құжаттар ұсынды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жерлері туралы хабарлама

Дата публикации
19 ноября 2020
Дата обновления
19 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 июня 2026
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді
16 июня 2026
«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады
16 июня 2026
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты