Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов