Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының әкiмiдiгi 10 жыл мерзiмге мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.
Хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк отыз күн кезеңi бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 15 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2021 жылдың 04 мамырының бастап 2021 жылдың 26 мамыры сағат 18 00 дейiн қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күнi нәтижесi шығарлыған күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.
Конкурстың өтетiн орны және күнi, уақыты: Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесi, 10, 1-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша, 2021 жылдың 27 мамыры сағат 15.00 минутта өтедi.
Конкурстың шарттары:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс Қазақстан Респубиликасының Жер Кодексiнiң 43-бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткiзiледi.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде Жер кодексiнiң 43-1-бабының 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтер қамтылуы тиiс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшысының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «_______ жылғы _____________ «____» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.
Талаптарға сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.
Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2021 жылдың 27 мамыр айында шығарылады.
Конкурстың өту тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Есiл ауданы әкiмiнiң сайтында esl.sko.gov.kz, «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ ozo-esl.sko.kz, немесе 8 (71543) 2-16-91, 2-15-65 тел. бойынша алуға болады. Мекенжайы: СҚО, Есiл ауданы, Явленка а., Ленин к., 20.