Меню
Страницы
Об управлении
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Контакты
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Об управлении
Контакты
Все материалы
04 мая 2024
СЕССИЯ: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ АРТТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМІ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Күн тәртібіне Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемін 1 329 120 теңгеден (360 АЕК) 2 000 000 теңгеге (542 АЕК) дейін арттыру мәселесі шығарылды. Тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге (12 АЕК) төленсе, биыл бұл сома 55 380 теңгеге (15 АЕК) ұлғайтылды. Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады. Сонымен қатар, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына тиесілі біржолғы әлеуметтік төлем өседі. Биыл олар 239 980 теңге (65 АЕК) алады. Сондай-ақ 29 тамыз Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнге байланысты ядролық сынақтар салдарынан мүгедек болып қалған және ядролық сынақтарға тікелей қатысқан тұлғаларға 45 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұрын бұл төлемнің мөлшері 36 АЕК болатын. Сонымен қатар, биылдан бастап қозғалу қиындығы бар I топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерінің санаториялық-курорттық емделуіне 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл қаражат жеке көмекшінің санаториялық-курорттық ұйымда болу құнын өтеу үшін жылына бір рет төленеді. Ал пробация қызметінің есебінде тұрғандарға 36 920 теңге (10 АЕК) аударылады.

Сондай-ақ 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау барысында жалға берілетін пәтерлер сатып алуға, кәсіпкерлік мақсатта берілген несиелерді субсидиялауға, мектептерге байланыс жүйесін тартып, жол салуға, 4 елдімекенді газдандыруға қаржы қарастыру ұсынылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халық тұрмысын жақсартуға бағытталып отырған маңызды шешімдерге қолдау білдірген мәслихат депутаттарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 мая 2024
“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”: ҚАЛА ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
 Шымкентте республикалық акцияның “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында тазалық шаралары жүргізілді. Акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы қазыналы қарттарымызбен, қала тұрғындарымен және еріктілермен бірге тұрғын үй аумағын тазалады. Акция барысында шөп орып, айналаны қоқыстан тазартты және ағаш ақтады.
 
Сонымен қатар, экологиялық шара аясында қала жастары, мәслихат депутаттары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барып, ауласын абаттандырды. Ал, демеушілер қайырымдылық көмек көрсетті.
 
Сондай - ақ, қала әкімінің орынбасары С.Құранбек бастаған азаматтар 100-ге келген ҰОС ардагері Нина Мосунованың үйіне барып, ауласын тазалады. Белсенділер ағаш түбін қопсытып, қораларын сырлап берді.
 
Бұдан бөлек, барлық басқарма мен аудан әкімдігінің қызметкерлері, қала жастары мен еріктілер қарттарымыздың батасын алып, экологиялық шараға өз үлесін қосты.
 
Жалпы “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында қаладағы барлық көмекке мұқтаж қарттарды қамту қарастырылған. Қариялардың үйіне барып, ауласын тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
 
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
03 мая 2024
Личный прием акима города Шымкент
Завтра, 4 мая 2024 года, пройдет Единый день приема граждан.
Личный прием акимом города Габитом Сыздыкбековым проводится согласно списку жителей, прибывших во фронт-офис акимата и записавшихся ранее на приём.
Также на 1 этаже здания акимата жители могут обратиться с предложениями, жалобами к заместителям акима города, руководителям управлений и акимам районов.
Адрес: пр. Назарбаева, № 10
Дата: 04.05. 2024г
Время: 09:00
02 мая 2024
100-ГЕ КЕЛГЕН АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерін орып, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.


«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы бастаған бір топ белсенділер, студент жастар, еріктілер ҰОС ардагері Нина Мосунованың шаңырағына бас сұқты. Жастар ауланы тазартып, ағаш түптерін қопсытты. Қоршауларды сырлады.


Бүгінде Шымкентте екі-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі – Нина Мосунова. Қария биыл 100-ге келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Можайск маңындағы соғыста қолына пулемет алып жауға қарсы шыққан. Соғыстан соң кассир, кітапханашы, хатшы-машинистка болған. Қазіргі таңда 2 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.


– Бізге бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз. Біз – ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз. Ендігі парызымыз көзі тірісінде осы кісілерге барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау. Сізге Ұлы Жеңіс пен бүгінгі бейбіт күндеріміз үшін алғыс айтамыз, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.


Нина әжей қала орталығындағы алақандай үйде немересінің қамқорлығында тұрып жатыр. Жиналған жастарға ризашылығын айтып, жылап қалды. Отан үшін отқа түсіп, қан майданда жеткен жеңісі, бүгінгі бейбіт өмір үшін бас иіп, алғыс білдірді. «Енді соғыс деген зұлматты жастар көрмесін. Елімізде тек бейбітшілік болсын» деді қарт ана.

02 мая 2024
В ШЫМКЕНТЕ В РАМКАХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ПРОХОДИТ НЕДЕЛЯ «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ».

Молодежь и волонтеры оказывали помощь и провели уборку в домах одиноко проживающих пенсионеров и ветеранов в пяти районах города под лозунгом «Өнегелі ұрпақтың ізгілігі». В уборке приняли участие около 470 молодых людей.

Молодежь и волонтеры выезжали в дома одиноко проживающих пенсионеров и убирали дворы, выносили мусор, проводили работы по благоустройству и оказывали другую необходимую помощь в домах С.Болатбекова, И.Диханбаевой, А.Турганбекова в Абайском района, Л.Печенкиной, К.Панкиной в Аль-Фарабийском районе, А.Педенко, В.Казанджиди в Енбекшинском районе, М.Шанкозова, Д.Мырышов в Каратауском районе, Б.Тулгаевой и Б.Мамыровой в Туранском районе.

Вместе с молодежью в акции приняли участие председатель Совета ветеранов Абайского района – У.Башенов, аксакал района – Р.Анарметов, председатель Совета ветеранов Аль-Фарабийского района – И.Рысбай, председатель Совета ветеранов Енбекшинского района - З.Зайшыбеков, депутат городского маслихата – А.Ельчиева, председатель Каратауского районного совета ветеранов - А.Токмаганбетов, районный председатель партии «AMANAT» Р.Абдез. председатель Каратауского районного совета ветеранов – А.Сатыбалды, ответственный секретарь партии ««AMANAT» - Бектаева и другие известные граждане.

- «Сегодня в рамках недели «Өнегелі ұрпақ» молодежь нашего города посещает дома одиноко проживающих пенсионеров и ветеранов, выполняет уборку и проявляет заботу. Мы считаем, что это очень хороший поступок. Наши пожилые люди с большой радостью выражают свою благодарность. Мы, в свою очередь, всегда даем хорошее воспитание и образование молодежи и продолжим эту работу в будущем», - говорит Р. Анарметов, аксакал Абайского района.

В Шымкенте в рамках недели «Өнегелі ұрпақ» продолжается посещение домов одиноко проживающих пенсионеров и ветеранов, проявляя им уважение и заботу, где ведутся работы по уборке дворов, вывоза мусора, побелке деревьев и другие работы.

02 мая 2024
БЕЛСЕНДІ АРДАГЕРЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫНДА

Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы басталып, көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шарада қаламыздың тазалығына ардагерлер үлес қосты. Аға буын өкілдері жас буынға үлгі көрсетті десек болады. Абай саябағына жиналған белсенділер «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немеренің бірлесіп атқарған еңбегіне куә болды.
Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.


– Өз қаламызға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, – Кенжехан Төлебаев.
350-дей адам қатысқан тазалық жұмысында қариялар мен ардагерлер ерікті жастарға тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстарына қол көмек беріп, ақылдарын айтып, жол көрсетті. Әсіресе қариялар осындай игі істің Ұлы жеңіс күні қарсаңында өткеніне қуанышты.

02 мая 2024
ХРАНЕНИЕ, ВЫРАЩИВАНИЕ, ТЕКСТИЛЬ – СЕРИК ЖУМАНГАРИН ОЗНАКОМИЛСЯ С КРУПНЫМИ ОТЕЧЕСТВЕННЫМИ ПРЕДПРИЯТИЯМИ ШЫМКЕНТА
По поручению Премьер-Министра в части поддержки отечественного производства 1 мая 2024 года вице-премьер Серик Жумангарин посетил Шымкент, где ознакомился с ходом строительства и работой действующих крупных производственных и сельскохозяйственных объектов.
На территории транспортно-логистического центра Шымкента строится многофункциональный складской комплекс ТОО «НМИ-Юг» площадью 5 га. Стоимость проекта - 10,2 млрд тенге. Первый этап строительства планируется завершить уже в этом году, строительно-монтажные работы первого этапа завершены на 90%. Общая площадь складских помещений составит 22 тыс. кв. м. Здесь будет создано 107 рабочих мест. По словам учредителя ТОО «НМИ-Юг» Айжан Наимбековой, это будет склад категории А+, с гибкой системой климат-контроля, возможностью регулировки температуры холодильных камер от -18 до +4 градусов Цельсия. Это позволит обеспечить хранение самого широкого ассортимента товаров.
 
Здесь же вице-премьеру презентовали проект строительства тепличного комплекса ТОО «Alsera kz». Инвестпроект стоимостью $650млн реализует турецкая компания «Alarko Holding» в индустриальной зоне «Бозарык». Он будет поэтапно реализован на площади 500 га с применением новых технологий. Здесь планируют выращивать огурцы, помидоры, бахчевые, корнеплоды и другие сельхозкультуры. Это будет самый большой тепличный комплекс в Шымкенте по выращиванию томатов и огурцов, с созданием порядка 2000 новых рабочих мест.
Аким города Габит Сыздыкбеков проинформировал о других проектах, которые предстоит реализовать на территории ТЛЦ. Серик Жумангарин высоко оценил перспективы реализуемых проектов, отметив, что со стороны государства будет оказана вся необходимая поддержка, так как они отвечают целям госполитики в сфере АПК – доведения глубокой переработки сельхозпродукции до 70%.
 
Вице-премьер посетил крупнейшую и единственную в Казахстане текстильную фабрику полного законченного цикла по переработке и выпуску готовой текстильной продукции - ТОО «AZALA Textile». На фабрике трудятся 475 человек. Уникальный текстильный комбинат производит несколько десятков видов продукции, начиная от пряжи и заканчивая текстильными изделиями. Мощность предприятия составляет свыше 6 800 тонн пряжи и 14 млн. погонных метров суровой ткани в год. Это экспортоориентированное предприятие, порядка 70% своей продукции AZALA Textile поставляет в страны ближнего зарубежья, в Литву, Германию, Италию, Польшу, Бельгию, Данию, Латвию и Турцию. По итогам осмотра производственных цехов и разговора с руководством фабрики Серик Жумангарин поручил проработать на правительственном уровне возможность увеличения закупа для государственных нужд продукции отечественного производителя текстиля.
30 апреля 2024
О завершении тестирования на знание законодательства в рамках отбора в региональные кадровые резервы

28 апреля 2024 года завершился первый блок «Тестирование на знание законодательства» второго этапа отбора в региональные кадровые резервы области, города республиканского значения, столицы.

Список лиц, допущенных к следующему блоку тестирования «Оценка личных качеств», размещен на  сайте onir.pkrezerv.gov.kz.

Тестирование на оценку личных качеств будет проводиться 4-5 мая 2024 года на базе Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан и ее филиалов в офлайн формате.

Процедура записи на тестирование будет открыта с момента получения уведомления о прохождении тестирования на знание законодательства. Кандидатам необходимо выбрать город, дату и время прохождения процедуры из предложенных вариантов. Регистрация будет осуществляться по принципу первоочередного наполнения.

Тестирование на оценку личных качеств кандидатов включают задания на выявление уровня инициативности (12), коммуникативности (12), аналитичности (12), организованности (12), стратегического мышления (12), лидерства (12), этичности (12), ориентации на качество (12), ориентации на потребителя (12), нетерпимости к коррупции (12).

Общее время на выполнение тестов на оценку личных качеств будет составлять 90 минут.

30 апреля 2024
ШЫМКЕНТТІКТЕР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Шымкентте республикалық акцияның “Жасыл аймақ” апталығы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Сонымен қатар аудан әкімдіктері, басқармалар мен қала тұрғындары да “Таза Қазақстан” акциясына белсене атсалысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері сенбілікке шығып, әлеуметтік қызмет көрсеу орталығының маңын көгалдандырды. Әрі айналасына 100 түп ағаш отырғызды.

Ал, Абай ауданының әкімдігі мен тұрғындары ішкі орамдық көшелер мен магистральді көшелерде тазалық жұмысын жүргізді. Нәтижесінде аудан аумағынан 13 тонна қоқыс шығарылды.
Дін істері басқармасы және Тұран мен Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен тұрғындар мазарат маңын бей-берекет қоқыстан тазартып, 300 көшет екті. Шараға аудан тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері және 10 арнайы техника жұмылдырылды.

Қаратау аудан халқы да акциядан шет қалмады. 30 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында шөп ору және ағаш қырқу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мыңнан аса азамат 10 шақырымнан аса жол жиегін қоқыстан тазартты.
Әл-Фараби ауданында ақсақалдардан бастап жас еріктілерге дейін жалпы саны 2000-нан астам адам сенбілікке қатысты. Олар ирригациялық жүйелер мен көшелерді қоқыстар тазартып, шөп қырқу, ағаш әктеу жұмыстарын жүргізді.

Қала әкімі барша тұрғындарды республикалық акцияға белсене қатысуға шақырды. Акция тағы екі апта бойы жалғасады. Таза Қазақстан-таза қаладан, ал таза қала-таза ауладан басталады. Демек, әрбір азамат шараға өз үлесін қосуы тиіс.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 апреля 2024
"ЖАСЫЛ АЙМАҚ": МЕТАЛЛУРГТЕР САЯБАҒЫНА 100 ТҮП КӨШЕТ ЕКТІ
"Таза Қазақстан" акциясының "Жасыл аймақ" апталығының бір күні Металлургтер саябағында ағаш көшеттерін отырғызу шарасымен жалғасты. Акцияға «Тұран» коммуналдық мекемесімен қатар, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы мен Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымдары, еріктілер қатысып, саябаққа 100-ден аса қаратал көшеттерін екті.
 
— «Таза Қазақстан» науқандық жұмыс болып қалмай, әрі қарай жалғасады. Айналамыздың тазалығы мен көркіне бәріміз жауаптымыз. Осы уақытқа дейін аудан көлемінде 1000 тал ектік. Ал, бүгін саябақтың ашық жерлеріне100 түп көшет отырғыздық,— дейді Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков.
 
Саябаққа, сондай-ақ, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртістері де келіп, қолдарына күрек алып, тал екті.
— «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген қазақпыз. Жұтатын ауамыздың тазалығы маңызды. Осы саябақтардағы талдарды да біздің әкелеріміз бен ағаларымыз еккен ғой, сол сияқты біз де парызымыз деп санап, осы науқанға атсалысуға келдік. Елімізді, қаламызды таза ұстау міндетіміз, — дейді әзілкештер.
 
"Шымкент келбеті"
Социальные сети
akimat_shymkent
Youtube канал акимата города Шымкент
Меню подвал
Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития