Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шымкент қаласының туризмін дамыту туралы

Шымкент – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, көркем табиғат, ұлттық салт-дәстүр мен мәдени құндылықтар үйлесім тапқан көне қала. Қаланың тарихы екі мың жылдан астам уақытқа созылады және ол тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі болды.

Ал бүгінгі Шымкент – Қазақстандағы халқының саны бойынша үшінші және ауданы бойынша бірінші қала, елдегі халық саны бойынша екінші агломерацияны құрайды.

Қала аумағына іргелес қолжетімді қашықтықта еліміздің ірі табиғи және тарихи орындардың көптеп шоғырлануы, қала аумағында бес жұлдызды қонақ үйлерден бастап, заманауи хостелдердің және түрлі мәзірдегі тамақтану орындарының болуы, қалалық демалыс түрлерінің алуан түрлілігі – оны туристер үшін тартымды туристік дестинация ретінде имиджін қалыптастыруға барлық мүмкіндікті береді.

Сонымен қатар, Шымкент инфрақұрылымы дамыған, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын торап болып табылатын ірі қала.

Ежелгі және заманауи шығыс салты мен батыс модерні қиылысқан Шымкент қаласында туризмнің дамуына көптеген факторлар жағымды әсер етеді: бұл жылына 300 шуақты күн, табиғи-климаттық аймақтардың сан алуандығы, Ұлы Жібек жолы бағытында ірі тарихи қалаларға (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жақын орналасуы, түрлі оқиғалы және іскерлік шаралар өткізуге қолайлы жағдайлардың болуы мен Қазақстанның гастрономиялық орталығына айналуы.

Қала аумағы мен жақын өңірлерді қоса алғанда туристер үшін белсенді демалыс, зиярат ету, спорттық, сауықтыру, ойын-сауық секілді түрлі бағыттағы маршруттар әзірленіп ұсынылады. Ал «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы туристердің өңірде болу жайлылығын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетуге дайын.

Шымкент өзінің осы бәсекелестік басымдықтарын қолдана отырып, бүкіл Оңтүстік өңірі үшін тірек туристік орталыққа айналуда. Қала өз әлеуетін көрсете отырып, туристер ағынын қабылдап, оларға қажетті барлық ақпаратты ұсынып, әрі қарай өзге маршруттарға жол аша алады.

Бұдан бөлек, қала өзінің қонақжайлылығымен және әрбір келген туристке деген ыстық ықыласымен ерекшеледі. Мұнда кез-келген турист өзіне қажетті демалыс түрін таңдай алады.

Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Терең тарихы бар шырайлы Шымкент шаhарының табиғаты мен ауа райы адамдардың өмір сүруіне және саяхаттап келген туристерге де өте қолайлы.Тарихқа, таңғажайып мәдениетке және тамаша табиғи сұлулыққа бай қала келген барлық келушілерге ұмытылмас әсер сыйлайды.

Документы
Ақпарат
18 апреля 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛЫ ӨТЕТІН ІС-ШАРАЛАР КҮНТІЗБЕСІ
Ақпарат
18 апреля 2025
ТУРИЗМ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ
Ақпарат
18 апреля 2025
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ТІКЕЛЕЙ ҰШАТЫН ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ТУРАЛЫ
«ДӘМДӘСTOUR»: ШЫМКЕНТТІК АСПАЗДАР ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК САЛАСЫ: НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Медиагалерея
0
National Geographic Шымкент
0
ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ҚАЛАСЫ
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы