Меню
Страницы

STREET FOOD FEST 2025

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «STREET FOOD FEST» КӨШЕ ТАҒАМДАРЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Аталған шара қаланың үздік көше тағамдарын насихаттап, тұрғындар мен қонақтар үшін ерекше атмосфера ұсынды. Фестиваль аясында аспаздардан шеберлік сағаттары, концерттік бағдарлама, көше билері, акробатикалық қойылымдар және қолөнершілер аймағы ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты ерекшелігі – салмағы 67 келі тартатын алып бургердің әзірленуі болды. Бұл бургер «КИНЭС» рекордтар кітабына еніп, еліміздегі «Ең үлкен гамбургер» ретінде ресми түрде тіркелді. Бастама Шымкенттің гастрономиялық мәдениетін танытуға, сондай-ақ қаланың туристік әлеуетін арттыруға бағытталды.

Сонымен қатар, қаламыздың тамақтандыру орындары арасында байқау өткізіліп, ең үздік орталықтар анықталды. Жеңімпаздарды арнайы комиссия мүшелері бағалап, үздіктер марапатталды.

Алып бургер «City» қонақүйіне табысталып, қала қонақтары мен туристерге үлестірілді.

Іс-шара қаланың креативті әрі қонақжай келбетін көрсетіп, жаздың дәмін бірге сезінуге мүмкіндік берді.

Социальные медиа
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК