Меню
Страницы

Шымкентте Республика күні аталып өтті

Шымкентте Республика күні аталып өтті

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

🔷 Бүгін «Түркістан» сарайында Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков барша тұрғындарды еліміздің рухын асқақтатқан, басты құндылықтарымыз – ынтымақ- бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен құттықтады.

 

🔷 «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, орнықты дамуға бет алған, алдыңғы қатарлы мемлекет болуымыз үшін Президентіміз атап өткендей, «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, таза әрі жанашыр» болуға ұмтылуымыз қажет. Өйткені, осы жақсы қасиеттерді бойына жинай білген «Адал азаматтар» Әділетті Қазақстанды құратын болады. Тәуелсіздігіміздің айшықты мерекесі Республика күніне Шымкент қаласы да жетістіктерімен келіп отыр. Қаланың республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Биылғы жылдың 9 айында Шымкентке 434 миллиард теңге инвестиция тартылып, жыл соңына дейін 722 миллиардқа жетеді деп күтілуде», - деді қала әкімі.

 

🔷 Мерекелік жиында түрлі салада қызмет атқарған бірқатар азаматқа «Құрметті азамат» атағы беріліп, «Барыс», «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдері табысталды.

 

🔷 Кеш қонақтары патриоттық бағыттағы көріністерді ташамалап, өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтататын әуендер шеруін тарту етті.  

 

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК