Меню

Шымкент қаласы мәслихаты

Шымкент қаласының мәслихаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала халқының еркін білдіретін және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган.

Қала халқы санының артуына және жаңа ауданның құрылуына байланысты жаңадан сайланған мәслихаттың сандық құрамы артты. Бұған дейін мәслихат құрамында 30 депутат болса, қазіргі уақытта оның құрамына 32 депутат кіреді. Партиялық тізімдер бойынша сайланған 16 депутат, оның ішінде: «AMANAT» партиясында 11 мандат, «Ақ Жол» партиясында 3 мандат, «Ауыл» партиясында 2 мандат. 16 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланды.

Қалалық мәслихаттың өз функцияларын босатылған негізде орындайтын төрағасы мен бюджет және экономикалық даму жөніндегі, инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағаларын қоспағанда, қалалық мәслихат депутаттары өз функцияларын қызметтерінен босатылмаған негізде орындайды. 

Мәслихат өз құзыреті шегінде қаланың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 6 тұрақты комиссия құрылған:

  • бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия;
  • әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия;
  • құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия;
  • кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссия;
  • жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия;
  • инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссия.

Ерекше маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізіледі. Комиссиялар мәслихат шешімдерінің, қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметтері туралы есеп береді.

Депутаттар тұрғылықты жері бойынша халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары сайлаушылармен тұрақты байланыста болуға, оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы үнемі хабардар етіп отыруға міндетті. Депутаттар мәслихатта партиялардың өкілдері ретінде азаматтарды қабылдауды және округтер бойынша жеке қабылдауларды жүргізеді. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, олардың қарауына мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау тәртібі және басқа да ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат регламентінде айқындалады.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10. Индекс:160024 
   
Байланыс телефоны: +7 (7252) 24-74-00
E-mail: maslihat_shm@mail.ru 
 
1
Пресс центр
XVII сессияның трансляциясыXVII сессияның трансляциясы
Медициналық ұйымдардың материалдық базасы жаңартыладыМедициналық ұйымдардың материалдық базасы жаңартылады
🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы қоғамдық эко-бақылау🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы қоғамдық эко-бақылау
ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Направления
Қаралған мәселелер тізбесі
Нормативтік құқықтық актілер
Төралқа құрамы
Жоспар
Құрметті азаматтар
Қоғамдық кеңес туралы заң
Қоғамдық кеңес құрамы
Тұрақты комиссиялардың тізімі мен құрамы
Жария тыңдаулар
Тұрақты комиссиялар қызметінің негізгі бағыттары
Полезные ссылки
Электрондық еңбек биржасы
Ашық деректер
Бизнеске арналған цифрлық платформа
Документы
Об утверждении Правил использования веб-портала государственных закупок и Правил работы веб-портала государственных закупок в случае возникновения технических сбоев работы веб-портала государственных закупок
2024-10-09T00:00:00Z
О государственных закупках
2024-07-01T00:00:00Z
О государственных услугах
2013-04-15T00:00:00Z
Вакансии
Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының бас маманы
2021-04-15
Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-әкімшілік жұмыс бөлімінің бас инспекторы
2023-05-10
Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-әкімшілік жұмыс бөлімінің бас инспекторы
2023-05-16
Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының бас инспекторы
2024-01-18
Календарь событий
2022-12-22
Кезектен тыс 24 сессия
2022-12-29
Хабарландыру
2022-12-29
Кезектен тыс 25 сессия
Услуги
Слайды
ЦИК РК
ЦИК РК
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Страницы
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы