Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №4907 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қаулысына сәйкес Әл-Фараби ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін ораластыру орындарын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Өтініштерді қабылдау: 2025 жылғы 17 қазан – 31 қазан аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі №49, «Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» ММ, анықтама үшін телефон: жұмыс тел: 8(7252)-53-28-92, ұялы тел 8-705-219-00-91. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) жұмыс күндері 2024 жылғы 31 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Конкурсқа Ереже талаптарында көрсетілген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген, жабық конвертте тапсырады. Конвертте сыртында қамтылатын ақпарат: Кәсіпкерлік субъектісінің атауы, байланыс ақпараттары, БСН, ЖСН, заңды мекен-жайы, өтінім беріліп жатқан орынның мекен-жайы. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурстқа қатысуға өткізген конверттер арнайы журналға тіркеліп, кәсіпкерлік субъектісі өкілінің қолы қойылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кәсіпкерлік субъектісінің куәландыратын құжаттың көшірмелері (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон, заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);
4) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
5) конкурстық құжаттамада көрсетілген кәсіпкерлік субъектсінің бағалауына қажетті басқада құжаттармен қамтылуы тиіс;
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.
Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi?lang=kk ресми сайтында жарияланған. Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы Әл-араби ауданы әкімі аппаратының» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi?lang=kk ресми сайтында жарияланады.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары
№ |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары |
Алатын алаңы (шаршы метр) |
Қызмет саласы (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелері) |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) |
Әл-Фараби ауданы |
||||
1. |
Қарасу шағын ауданы, №40 және №43 үйлердің ортасы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
2. |
Қарасу шағын ауданы, Алтын Бұлақ моншасының қарсы беті |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
3. |
Ш.Қалдаяқов көшесі, №4а |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
4. |
В.Терешкова көшесі, №50А |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
5. |
І.Жансүгіров пен Хлопзавод көшесінің қиылысы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
6. |
17 шағын ауданы, Ж.Шаяхметов к-сі №4 үйдің оң жағы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
7. |
Күншығыс шағын ауданы,№94 үй |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
8. |
Күншығыс шағын ауданы, №11А |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
9. |
Сайрам шағын ауданы, №38а |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
10. |
18 шағын ауданы, Т.Рысқұлов көшесі №26 «Мадлен» кофяйнясы жолдың қарама-қарсы беті |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
11. |
Сәуле шағын ауданы, Зерде көшесі №1 қарама-қарсы жағы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
12. |
Көркем шағын ауданы, Б.Саттарханов көшесі №10/1 ғимараттың алды |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
13. |
Күншығыс шағын ауданы, №46 үй |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
14. |
Көркем шағынауданы, Б.Саттарханов көшесі №10 |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
15. |
Көркем шағынауданы, Б.Саттархановкөшесі №104 |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
16. |
Көркем шағынауданы, Б.Саттархановкөшесі №16 |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
17. |
Сәуле шағынауданы, Жаңабазар мен Дәулет көшелерінің қиылысы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |