Шекара қызметі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Қызметі туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Өткізу пункттері
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
01 апреля 2026
ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы ақпан-наурыздағы қызметінің нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы ақпан және наурыз айларында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 6 021 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 5 034 шетел азаматы.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 103 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

41 факті – есірткі заттар;

50 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (7 дана тегіс оқпанды және 37 дана суық қарулары, 276 дана оқ-дәрілері);

1 056 факті – көлемі 66 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

741 факті – жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

215 факті – сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын валюта.

Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 13 фактісінің жолы кесілді, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 330 млн теңгеден астамды құрады.

Осы фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

 

ҰҚК Баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету
26 марта 2026
Жедел-профилактикалық іс-шаралардың қорытындылары туралы

Биыл наурыз айында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шараларды өткізді.

Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткілерді» дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың («Тұз қышқылы», «Ацетон», «Фениппентан») және 1000 кг «Бромкетон-4» затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
27 февраля 2026
Темекі бұйымдарын өткізудің жолын кесу туралы

А.ж. 19 ақпанда «Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі ел аумағына 150 мың қорапта акцизсіз темекі әкелу әрекетінің жолын кесті.

Ұсталған тауардың алдын ала құны 60 млн теңгені құрайды.

Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының жасырын орнында жасырылған. Жүк ілеспе құжаттарсыз жүрген.

Осы фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға берілді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету
Шекара режимін бақылау
Өткізу пункттерінде режимін бақылау
02 февраля 2026
ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы қаңтардағы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 2 594 шетел азаматы.

 

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер);

580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

 

Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілді, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді.

 

Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету
Шекара режимін бақылау
Өткізу пункттерінде режимін бақылау
Аумақтық және ішкі сулар режимін бақылау
Континенттік қайраң режимін бақылау
06 января 2026
ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті органдармен өзара іс-  қимыл жасай отырып, Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету шеңберінде:

  • Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адамды жауапқа тартты.
  • Тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалысының 17 541 фактісінің алдын алды, оның ішінде:

есірткі заттары -  344 факті (1,5 тоннадан жоғары);

қару мен оқ-дәрілер  - 847 факті;

діни әдебиеттер - 315 факті;

жанар-жағармай материалдары - 5 900 факті;

халық тұтынатын тауарлар - 8 083 факті;

валюталар - 2 052 факті.

  • Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:

жүзу құралдары - 226 бірлік;

браконьерлік аулау құралдары - 580 км тор;

бекіре тұқымдас балық түрлері - 2 376 дана;

қара балық түрлері - 7 193 дана;

итбалықтар - 24 дана.

Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады.

 

 

Жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, 48шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл) және 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде) қатысты.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

 

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
19 декабря 2025
Есірткі арнасының жолын кесу туралы

Биыл 14 желтоқсанда Жамбыл облысының «Айша-бибі» өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.

Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде «999» таңбасы болды.

Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды, оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг.

Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

06 декабря 2025
Шекара заставасы аумағындағы өрт туралы

2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
26 ноября 2025
Мигранттарды ұстау туралы

2025 жылғы 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты.

Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.

Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу
Шекаралық бақылау
Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету
Шекара режимін бақылау
Өткізу пункттерінде режимін бақылау
Аумақтық және ішкі сулар режимін бақылау
01 ноября 2025
ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы қазан айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 4 743 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 077 шетел азаматтары.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 708 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

75 – қарулар мен оқ-дәрілер (2 дана жауынгерлік, 3 дана жарақат, 258 дана суық қару, 13 дана оқтауға жарамсыз «АК-74» автоматтары, 36 дана оқ-дәрілер және 2800 дана атыс қаруының жинақтауыштары);

531 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;

867 – жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

235 – жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 106 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

24 дана жүзу құралдары;

жалпы ұзындығы 136 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

496 дана (шамамен 2 900 кг) бекіре балықтарының түрлері;

4 қызыл кітап итбалықтары;

алды алынған залал сомасы шамамен 1,1 млрд теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар іс жүргізушілік шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ.

Сонымен қатар, «Сырым», «Әлімбет» және «Қосақ» өткізу пункттерінде қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл шекарадан өту кезінде күту уақытын ұзартуы мүмкін.

Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзетуді сұраймыз.

Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

08 октября 2025
Әскери қызметшінің қайтыс болуы туралы

7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі Департаментіндежазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып табылады.

Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты