2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023 жылдың 30 қарашасында 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 2967 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 635 (21,4%) өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады. 156 өтінім пысықтаудан қайтып келмеді.

Әрбір өтінім бөлінісінде ресми тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша). 2176 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Қосымша