2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылдың 30 маусымда  2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым»  жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 289 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 72 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.
Формалды тексеру кезеңінің нәтижелері әрбір өтінім бойынша қоса беріледі (қосымша).
217 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Дата публикации
10 августа 2022