2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылдың 18 наурызда  2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым»  жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 397 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 129 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.
Формалды тексеру кезеңінің нәтижелері әрбір өтінім бойынша қоса беріледі (қосымша).
268 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Қосымша

Дата публикации
16 июня 2022