Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия биылғы жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында орналасқан.

Осы талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар 2025 жылғы 1 наурызға дейін авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияға Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы бойынша жеке қабылданады.

Анықтама телефондары 8(7172) 74-24-59, 8(7172) 74-16-59.

Дата публикации
28 ноября 2024