Цифрландыру
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 14 қазан 2023СұхбатЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ОҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖӘНЕ ЫҚТИМАЛ ТӘУЕКЕЛДЕР
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы функционал деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) тікелей енгізеді. Осыған байланысты Сіз ЖЖОКБҰ-ға (канцеляриясына) тікелей жүгіне аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657.
Мысалы, азаматша М.К. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде алған жоғары білім туралы дипломын цифрландырғысы келеді. Ол үшін М.К. eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы eOtinish функциясын пайдаланып, өзі білім алған оқу орнына өтініш жолдайды және дипломының сканерленген көшірмесін (бар болған жағдайда) қоса тіркейді немесе ЖЖОКБҰ-ға тікелей жүгінеді.
ЖЖОКБҰ 15 күннен аспайтын мерзімде диплом деректерін өзінің ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы «eGov mobile» қосымшасында дипломның цифрлық нұсқасын жаңартады.
«Egov-mobile» қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы функционал деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) деректерін есепке алуға көзделген.
ЖББП-да шетелдік жоғары оқу орындарының есебінің болмауына байланысты дипломды цифрландыру мүмкін емес.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың ресми расталуы уәкілетті орган берген білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік болып табылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы: Азаматша А.Е. «Түрікмен политехникалық институтында» оқыған дипломын «Egov-mobile» қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде шығаруды сұраған. «Egov-mobile» қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер ЖББП ақпараттық жүйесінің деректері негізінде көрсетілетіндіктен, шетелдік білім беру ұйымдарының құжаттарын цифрландыру мүмкіндігі жоқ.
Білім беру ұйымы жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгіне алады.
Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы:
Азамат Т.Е. Қазақстан-Ресей университеті берген жоғары білім туралы дипломын «Egov-mobile» қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде шығаруды сұраған. Алайда, қазіргі таңда, аталған білім беру ұйымы жабылғандықтан, азамат Т.Е. «Egov-mobile» қосымшасы, www.egov.kz веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметіне өтініш беру қажет. Мемлекеттік қызметті орындау мерзімі – 5 жұмыс күн.




