Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
шешімі
№29
Шорнақ ауылы 16 тамыз 2023 жыл
Сауран ауданы, Шаға
ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1, 1) тармақшасы, 3, 4-тармақтары негізінде Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы О.Амреев
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы С.Қуанышбек
Сауран аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының 2023 жылғы
16 тамыздағы №29 шешіміне
№1қосымша
2023 жылдың 24 қыркүйегіне тағайындалған Түркістан облысы,
Сауран ауданы Шаға ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Шаға ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, қырық күн бұрын. Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде 16 тамыз 2023 жыл (113-1-б. 2-т, 3б.) |
2.Сайлау округі тізімін, шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау. |
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей (22-б.2-т) |
|
3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей. (13-б. 4-т.)
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2023 жылғы 31 тамыздан кешіктірмей. (17-б. 2-т.)
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
Аудан әкімдігі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2023 жылдың 31 тамыздан кешіктірмей. (23-б. 5-т.)
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. |
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен – 2023 жылғы 17 тамыздан басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда – 2023 жылдың 29 тамызда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. (113-3-б. 1-т.)
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап. (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде. (113-4-б.) |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
11. Сауран ауданы әкімі аппаратының шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2023 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі. |
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну. |
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде. (113-5-б. 4-т.)
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.(03.09.2023 ж сағат 18.00-ге дейін). (113-5-б.) |
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
|
|
Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде. (28-б. 4-т.)
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. |
|
|
Аудан әкімдігі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылдың 04 қыркүйекке дейін. (24-б. 5-т.)
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылдың 09 қыркүйектен бастап (26-б. 1-т.)
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету. |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылдың 13 қыркүйектен кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2023 жылдың 23 қыркүйек (37-б. 3-т.)
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда, 2023 жылғы 24 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де. (40-б. 1-т.) |
24. Дауыс беруді өткізу. |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау күні, 2023 жылғы 24 қыркүйекте , жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін. (38-б. 1-т.) |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. 2023 жылғы 24 қыркүйекте, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. (18-б. 8) т., 43-б.) |
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу. (43-б. 8-т.) |
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу. (113-8-б. 1-т.) |
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей. (113-10-б.) |
29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап төрт күннен кешiктiрмей
(44-б.)
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру. |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде. Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Шаға ауылдық округі әкімінің сайлау мерзімі -2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған. Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.