Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 маусымдағы №25 шешімі

Сауран ауданы, Оранғай                  

ауылдық округі әкімінің   

сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Cайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 1, 1) тармақшасы, 3, 4-тармақтары негізінде Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі әкімінің сайлауы  2023 жылғы  14 маусымға  тағайындалсын, 2023 жылдың  23 шілде  күні өткізілсін.

 

  1. 2023 жылғы 23 шілдеге белгіленген Оранғай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін. .(№ 1 қосымша)

 

  1. Осы шешім Сауран аудандық әкімдігінің интернет-бетінде және «Сауран» газетінде  жариялансын.

 

 

 

         Сауран аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы                      О.Амреев

 

         Сауран аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының хатшысы                      С.Қуанышбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                            

                                                                                      

 

 

 

                                                                                    2023 жылғы 14 маусымдағы

      №25  шешіміне қосымша

 

 

 

2023 жылдың 23 шілдесіне тағайындалған Түркістан облысы,

Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Оранғай ауылдық округ әкімін  (бұдан әрі – әкім) сайлауды тағайындау

 

 

Аудандық  аумақтық   сайлау комиссиясы, 

қырық күн бұрын.

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде   14 маусым 2023 жыл

(113-1-б. 2-т, 3б.)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

 Аудандық  аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылдың  24 маусымнан  кешіктірмей.

 (22-б.)

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен

 2023 жылғы  24 маусымнан  кешіктірмей.

 (13-б. 4-т.)

 

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.   

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен

 2023 жылғы   29 маусымнан  кешіктірмей.

 (17-б. 2-т.)

 

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.  

        

 

 

Аудан  әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2023  жылдың  29 маусымнан  кешіктірмей.

 (23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

 

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен – 2023 жылғы  15 маусымнан  басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда – 2023 жылдың                   27 маусымда  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 (113-3-б. 1-т.)

 

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

 

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру 2023 жылдың 15 маусымынан бастап

 

 

Аудандық  аумақтық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

 

9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

 

 Аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы  

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде.

(113-4-б.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2023 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

 

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну.

 

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

 

Мемлекеттік кіріс органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

 (113-5-б. 4-т.)

 

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру.

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2023 жылдың  15 маусымынан бастап,                                                       барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін сайлау күніне  он күн қалғанда  2023 жылғы 02 шілдеде   жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

                                                                               (113-5-б.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен         2023 жылдың 02 шілде  күні сағат 18.00- ден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні  2023 жылдың 21 шілде күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

 (28-б. 4-т.)

 

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.                                                   

 

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылдың  03 шілдеге  дейін.

 (24-б. 5-т.)

 

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

 

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылдың  08 шілдеден бастап

 (26-б. 1-т.)

 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету.                                                                            

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылдың 13 шілдеден  кешіктірмей

                                                            (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2023 жылдың 20 шілдеден  ерте емес және 22  шілдеден  кешіктірмей.

 (37-б. 3-т.)

 

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.           

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда, 2023 жылғы 23 шілдеде   жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де.

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу.                                              

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Сайлау күні, 2023 жылғы 23 шілдеде , жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

 (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.                                   

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

2023 жылғы 23 шілдеде, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

 (18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                               

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                                          (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.                                               

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу.

 (113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу.

 

 

  Аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

 Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен

  кешіктірмей.

 (113-10-б.)

 

29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 

 Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  сайлау өткiзiлген күннен бастап төрт күннен кешiктiрмей

2023 жылдың  29 шілдеден  кешіктірмей.

 (44-б.)

 

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру.

 

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2023  жылдың 29 шілдеден   кешіктірмей

                                              (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

       

 

 

Ескертпе: Оранғай ауылдық округі әкімінің сайлау мерзімі -2023 жылғы  23 шілдеге  тағайындалған. Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

 

 

 

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы  14 маусымдағы   № 26 шешімі

 

 

Сауран ауданы,  Оранғай   ауылдық   

округінің әкімін сайлау жөніндегі

сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Оранғай сайлау округі – Оранғай ауылдық округінің шекарасында құрылсын.
  2. Оранғай сайлау округі мен оның шекарасы және Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген ақпарат

(1-қосымша) Сауран аудандық әкімдігінің интернет-бетінде және «Сауран» газетінде  жариялансын.

 

        Сауран аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы                      О.Амреев

 

         Сауран аудандық аумақтық

        сайлау комиссиясының хатшысы                    С.Қуанышбек

 

 

    

                                                             

 

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1-қосымша

 

 

 

Оранғай   сайлау округі мен оның шекарасы мен Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат

 

 

 

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Оранғай  ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Оранғай сайлау округінің шекарасы – Оранғай ауылдық округінің аумағы  (Оранғай  және  Қосқорған, Бостандық ауылдары).

 

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 20 үй (Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023  жылдың  23 шілдесіне Оранғай  ауылдық округі әкімінің  сайлауын өткізу белгіленген  учаскелік комиссиялардың шекаралары туралы

 

 

             №92 сайлау учаскесі                                                                                                                                                                                                  

 

        Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектеп ғимараты

 

         Мектеп көшесі №4

 

        Оранғай елді мекені: А.Жусипов көшесі №1-185 үйлер, Аланбұлақ көшесі №1-20 үйлер, Бейбітшілік көшесі №1-45 үйлер, Г.Байметов көшесі №1-60 үйлер, Есімхан көшесі №11-149 үйлер, Қос Диірмен көшесі №2-57 үйлер, М.Әуезов көшесі №1-17 үйлер, Мектеп көшесі №1-156 үйлер, Тауке хан көшесі №42-160 үйлер, Темірлан көшесі №134-139 үйлер, Теректі көшесі №2-36 үйлер, Төле би көшесі №1-47 үйлер. Түркістан 1 көшесі №1- 70 үйлер, Яссауи көшесі №2-62 үйлер                                                                                                                

 

 

        №93 сайлау учаскесі                                                                                                                                                                                   

 

        Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекені, «Қосқорған» жалпы орта мектеп ғимараты

        Оранғай көшесі №29

 

        Қосқорған елді мекені: Басқорған көшесі №1-19 үйлер, Достық көшесі №1-63 үйлер, Оранғай көшесі №1-79 үйлер, Халдар бұлақ көшесі №1-53 үйлер, Шабандық көшесі №1-16 үйлер, Шаға көшесі №1-54 үйлер, Шекер бұлақ көшесі №1-43 үйлер.

 

 

        №94 сайлау учаскесі                                                                                                                                                                               

 

         Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Бостандық елді мекені, «М.Қазыбеков» атындағы жалпы орта мектеп ғимараты

        М.Қазыбеков көшесі №76                                                                                                                                                                                             

 

         Бостандық елді мекені: И.Айтқожаев көшесі №1-60 үйлер, Қотыр бұлақ көшесі №1-32 үйлер, М.Қазыбеков көшесі №1-114 үйлер, 1 мүйіс, 2 мүйіс, 3 мүйіс, Мешіт көшесі №1-62 үйлер, Тоған көшесі №1-21 үйлер, Құсшы    ата көшесі №1-17 үйлер.

        Оранғай елді мекені - Қазыбек би көшесі №21-27А үйлер                                                                                      

 

 

 

 

 

              №897 сайлау учаскесі                                                                                                                                   

 

            Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Мектеп көшесі №5А,     

            ауылдық клуб ғимараты        

 

         Оранғай елді мекені: Ж.Жабаев көшесі №1-113 үйлер, Жұғы көшесі №4-47 үйлер, Қазыбек би көшесі №1-19, 29-39 үйлер, Өзен көшесі № 1-55 үйлер, Тарақты көшесі №1-35 үйлер, Тастақ көшесі №1-112 үйлер, Түркістан 2 көшесі №71-131 үйлер, Шымқорған көшесі №1-12 үйлер, Д.Қонаев көшесі №1-33 үйлер, Станция Оранғай №1793-1811 үйлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          2023  жылдың  23 шілдесіне Оранғай  ауылдық округі әкімінің      

          сайлауын өткізу белгіленген  учаскелік комиссиялардың  құрамы  

          туралы  хабарлама

 

 

 

          №92 сайлау учаскесі, орталығы: Сауран ауданы, Оранғай ауылдық  

          округі, Оранғай ауылы, Мектеп көшесі №4, «М.Әуезов атындағы

          жалпы орта мектебі» ғимараты.

 

1.              

Кадиров Нурлан Адилханович - М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілі.Комиссия төрағасы.

2.              

Хайдаров Максат Ташполатович – жеке кәсіпкер, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.Комиссия төрағасының орынбасары.

3.              

Абуов Нурсултан Абумуслимович - М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Сауран аудандық филиалының өкілі.Комиссия хатшысы.

4.              

Койшибаев Арман Балтабаевич – Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мұғалімі, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

5.              

Тулеуова Айгерим Ерахановна – Оранғай ауылдық амбулаториясының мейірбикесі, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

6.              

Ерметов Айтжан – Оранғай ауылдық округі әкімі аппаратының күзетшісі, «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

7.              

Джахаева Айгул Асеновна – М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің хатшысы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

 

№93 сайлау учаскесі, орталығы: Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Қосқорған ауылы, Оранғай көшесі №29, «Қос-Қорған жалпы орта мектебі» ғимараты.

 

1.              

Басанов Тахиржан Нарзуллаевич - В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінің директоры, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілі.Комиссия төрағасы.

2.              

Абдуваитов Абдуразиқ Абдувалиұлы – жұмыссыз, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі.Комиссия төрағасының орынбасары.

3.              

Нурметова Маужуда Алимжановна - Қосқорған жалпы орта мектебінің мұғалімі, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі.Комиссия хатшысы.

4.              

Пайзенов Дилмурод Азимович – Оранғай ауылдық округі әкімі аппаратының жүргізушісі, «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

5.              

Мажитова Хаетхан Утепбергеновна – Қосқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі. Комиссия мүшесі.

 

№94 сайлау учаскесі, орталығы: Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Бостандық ауылы, М.Қазыбеков көшесі №77, «М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебі» ғимараты.

 

1.              

Кадиров Нуржан Адилханович - М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебінің директоры, «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының өкілі. Комиссия төрағасы.

2.              

Бекмурзаев Жумагали – зейнеткер, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі. Комиссия төрағасының орынбасары.

3.              

Бекманов Касымхан Сайлауович - М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілі. Комиссия хатшысы.

4.              

Кулмурзаева Забира Калдыбаевна – емхана медбикесі, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

5.              

Тулеуов Ерехан Жолдасбаевич – «Қазпочта» АҚ-ның қызметкері, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

 

 

№897 сайлау учаскесі, орталығы: Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Оранғай ауылы, Мектеп көшесі №5А, «Оранғай ауылдық клубы» ғимараты.

 

1.              

Жандибаев Еркебулан Нуриддинұлы - М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі.Комиссия төрағасы.

2.              

Джаппаров Муратбек Юлдашевич – М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының өкілі.Комиссия төрағасының орынбасары.

3.              

Утепбергенов Ержан Шереханович - М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің лаборанты, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі.Комиссия хатшысы.

4.              

Миннапова Гулбахар Турсинбаевна – жұмыссыз, «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

5.              

Абдувалиева Минавар Темирхановна – зейнеткер, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі. Комиссия мүшесі.

6.              

Абуов Бауыржан Абумуслимович – Оранғай ауылдық клубының меңгерушісі, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

7.              

Жусупкулова Дина Еркиновна – «Шұғыла» бала-бақшасының әдіскері, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Сауран аудандық филиалының өкілі. Комиссия мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023