Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 4 сәуірдегі № 23 шешімі
Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық
округінің әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
(1-қосымша) Сауран аудандық әкімдігінің интернет-бетінде және «Сауран» газетінде жариялансын.
Сауран аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы О.Амреев
Сауран аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Айтбай
1-қосымша
Жүйнек сайлау округі мен оның шекарасы және Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпарат
Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Жүйнек сайлау округінің шекарасы – Жүйнек ауылдық округінің аумағы (Жүйнек және Шыпан, Шекербұлақ ауылдары).
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен жайы – Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 20 үй (Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты).