Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 апреля 2020
С. Бармақов: жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% дейін жеткізіледі

ОКҚ алаңында өткен брифингте баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов Қазақстандағы жол инфрақұрылымының сапасын арттыру жөнінде айтып берді.

Бармақвотың айтуына қарағанда, инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 мың шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарынан өткізіліп, шамамен 10 мың шақырым жол жөнделді. Жолдардың 682 шақырымында төлем алу жүйесі енгізілді. Автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарға 100 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымы жөнделді.

«Өткен жылғы желтоқсанда Үкімет қаулысымен инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау (оның ішінде 3,8 мың шақырым – өтпелі жобалар), республикалық желідегі 11 мың шақырым автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша автомобиль жолдары саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 3,5 трлн. теңгені құрайды», – деп атап өтті спикер.

Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% дейін жеткізілсе, I және II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығы 60% дейін арттырылатын болады. Сонымен қатар, жергілікті жолдардың 27 мыңнан астам шақырымын жөндеу жоспарланған. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95% пайызын жақсы және қанағаттандырарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді. Биыл автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы («Қарағанды – Балқаш – Қапшағай», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Талдықорған – Өскемен», «Қалбатау – Майқапшағай», «Көкшетау – Петропавл – Қорған, Ұзынағаш – Отар, Меркі – Бурылбайтал», «Қостанай – Денисовка», «Үшарал – Достық») құрылыс жұмыстарымен қамтылған.

«Жыл соңына дейін автомобиль жолдарының 2,6 мың шақырымында, атап айтқанда «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай»; «Ақтөбе-Атырау-Астрахань; «Талдықорған-Өскемен»; «Қалбатау-Майқапшағай; «Меркі-Бурылбайтал»; «Үшарал – Достық»; «Ұзынағаш-Отар»; «Көкшетау-Петропавл-Қорған», «Қостанай-Денисовка» жолдарында қозғалысты ашу жоспарланып отыр», – деді С. Бармақов.

Бүгінгі таңда техниканың 8,6 мың бірлігі жұмылдырылса, ТББ 81 мың текше метрі, битумның 103 мың тоннасы, қиыршық тастың 6 млн текше метрі дайындалып, 11 млн текше метрді құрайтын жер кенептері, ұзындығы 27 шақырымды құрайтын жолға асфальт-бетон жабындысы төселді, 43 көпір мен 171 су өткізу құбыры орнатылған.

Комитет төрағасы атап өткендей,  автомобиль жолдары саласында қолданылатын жол-құрылыс материалдарының барлығы –  отандық өндіріс өнімдері. Бұл: инертті материалдар, битум, цемент, темір-бетон бұйымдары, химиялық қоспалардың (асфальтқа арналған  тұрақтандырғыш қоспалар) азғантай үлесі мен жасанды құрылымдардың жеке элементтерінен (деформациялық тігістер және болат конструкциялар)  басқа металл құрылымдар. 

 

«Наурыз айының соңында оңтүстік өңірлерде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Ауа-райының қолайлы жағдайы орнағанда жұмыстар солтүстік өңірлерге қарай ауып, сәуір айының соңына дейін жолшылар барлық жобалар аясындағы құрылыс жұмыстарына кірісетін болады.

Құрылыс алаңдарының барлығында мамандарды короновирустан қорғауға қажетті шаралар қабылданды. Барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді», – деді ол.

Сондай-ақ, жергілікті жолдарды дамыту бағытында қандай шаралардың қолға алынғандығы жайлы айтылды. Еліміздегі мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 70,9 мың шақырымды құрайды. 2020 жылы жергілікті жолдарды жөндеуге 259 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін автомобиль жолдарының 4 мың шақырымын жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған. Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады. Сондай-ақ, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 75% құрайтын болады. 

Жөндеу жұмыстары осындай қарқынмен жүргізілсе, 2025 жылға қарай жергілікті автомобиль жолдары желісінің 27 мыңнан астам шақырымы жөнделетін болады. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Автомобиль жолдары комитетінің төрағсы биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және аталмыш жолдарды күтіп ұстау шараларына 86 млрд теңгенің бөлінгендігін мәлімдеді.

Күрделі жөндеу жұмыстарымен жолдардың 440 шақырымы қамтылып отыр. Оның 62 шақырымы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Орташа жөндеу жұмыстарымен автомобиль жолдарының 1079 шақырымы қамтылған.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен автомобиль жолдарының қысқы кезеңнен кейін жақсы жағдайда сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Кешенді мақсатты бағдарлама аясында екі айлық жарияланды. Екі ай ішінде шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату және ауыстыру, сондай-ақ, жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау сияқты жұмыстардың жылдық көлемінің кем дегенде 60% орындалмақ. 

Аталмыш жұмыстар 15 сәуір мен 15 маусым аралығында еліміздің оңтүстік өңірлерінде, 1 мамыр мен 1 шілде аралығында  еліміздің солтүстік аймақтарында жүргізілетін болады»,  – дейді С. Бармақов.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ұзындығы 682 шақырымды құрайтын ақылы 4 жол учаскесі бар: «Нұр-Сұлтан – Шучье», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Теміртау – Қорғас», «Алматы – Қапшағай» жолдары.

Жолдарда төлем алу жүйесін алдағы уақытта да енгізу мақсатында 2019 жылы инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша «Computer Vision Technologies» ЖШС басқаратын  Консорциуммен 11 мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау жөніндегі келісімге қол қойылды. Жоба құны 138, 8 млрд теңгені құрайды. 

«Келісім аясында осы жылы реконструкциядан өткен ұзындығы 5,7 мың шақырымды құрайтын жолдарда (Қапшағай – Талдықорған, Орал – РФ шекарасы (Саратовқа), Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Қызылорда – Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Самара), РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда, Ақтау – Бейнеу, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау, Павлодар – РФ шекарасы (Омбы), Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы) төлем алу жүйесі енгізіледі деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң, 2024 жылға дейін ақылы болады», – деп мәлімдеді спикер.

Сондай-ақ, брифинг барысында жол бойында қызмет көрсететін нысандарға қатысты мәселе қозғалды. Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсететін 1815 нысан бар. Олардың 894-і (49%) Ұлттық стандарттың талаптарына сай.

22 апреля 2020
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жоспары

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы Алматы қаласы орталығынан 20-25 шақырым жердегі Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумақтарына жататын қала маңы аймағында орналасқан.

Тасжол Қырғауылды елді мекеніндегі «Алматы – Ұзынағаш» автомобиль жолымен, Райымбек елді мекенінде «Алматы – Бішкек» автомобиль жолымен, Ақсеңгір бекеті маңында «Бұрындай – Шамалған» автомобиль жолымен, сондай-ақ, «Алматы – Комсомол», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Байсерке» автомобиль жолымен, Құлжа тасжолымен қиылысып, «Алматы – Талғар» автомобиль жолымен қиылыста аяқталады. Жоба аясында 7 көліктік жол айырығы, 20 көпір мен 20 жол өтпелі салынатын болады.

22 апреля 2020
Биыл Қазақстан өңірлерінде автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады

Автомобиль жолдары саласының алдында тұрған басымдықты міндеттердің бірі – қазақстандықтарды «үйге дейінгі сапалы жолмен» қамтамасыз ету.

2020 жылы автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады.

Еске салайық, жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 70, 9 мың шақырымды құрайды.

2025 жылға дейін елімізде жергілікті жолдардың 27 мың шақырымы жөнделеді деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

22 апреля 2020
"Нұрлы жол" бағдарламасының бес жылдағы қорытындысы: ақылы жолдардың пайда болуы, жаңа жұмыс орындары, жүк тасымалының өсуі

Қазақстанда "Нұрлы жол"инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының келесі бесжылдығы жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі 88% және жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 71% - ға жеткізілді.
Республиканың жол инфрақұрылымының қалай өзгергені және жалпы алғанда бағдарламаның іске асырылу барысы, қандай әсері болатыны туралы, шолу материалында.

Толығырақ сілтемеде: primeminister.kz

21 апреля 2020
"Нұрлы жол" жаңа бағдарламасының алғашқы қорытындылары Үкіметте талқыланды

 2020 жылғы 21 сәуірде Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасап, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып берді.

Бағдарлама бойынша  жалпы сомасы 5,5 триллион теңгені құрайтын 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қарастырылған. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарға сәйкес «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық автожолдардың 100 пайызын, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу; өзін-өзі өтейтін ақылы автожолдарды 11,7 мың шақырымға жеткізу; теміржол транзитін 50 пайызға арттыру; контейнерлік теміржол транзитін 2 есе арттыру; жолаушылар тасымалын 30 пайызға, оның ішінде транзиттік жолаушылар санын 1 млн-нан 2,2 млн. адамға дейін; әуе кемелері паркін 64 ұшаққа көбейту; автожолдарды ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисі объектілерімен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланған.

Биыл, яғни бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылы автожол саласында республикалық және жергілікті маңызы бар 9,5 мың шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның ішінде республикалық жолдардың 4 мың шақырымында құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі, 1,5 мың шақырымы жөнделеді, жергілікті жолдың - 4 мың шақырымы жөнделеді. 350 жол жоба іске асырылып, 30,5 мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл мақсатқа 680 млрд. теңге қарастырылған. Оңтүстік өңірлерде наурыз айының соңынан бері құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Ал солтүстікте ауа-райына байланысты сәуірдің соңына дейін барлық жобаларда жұмыс басталады. Қолданылатын материалдардың негізгі бөлігі отандық өнімдер екенін айту керек. Жыл қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымдық автожол учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланып отыр.

Азаматтық авиация саласында коронавирус пандемиясына байланысты ішкі және халықаралық әуе рейстері тоқтатылды. Дегенмен, биыл 1-тоқсанда жолаушылар ағыны көрсеткішінде өсім болды. Тасымалданған жолаушылар саны 1,7 млн. адамды құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 5,2 % көп болды.

Биыл Түркістандағы жаңа халықаралық әуежай мен Шымкент әуежайының жаңа жолаушылар терминалын іске қосу жоспарланып отыр. Үржар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту басталады. Қаржы бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағы жаңартылады. Алдағы 5 жылда 13 әуеайлақ салу көзделген. Қазір жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үшарал, Үржар, Зайсан) жұмыс істейді.

Азаматтық авиация саласы өкілдерінің болжамынша коронавирус пандемиясы жағдайына байланысты елімізде авиациядағы операциялық кірістер жыл соңына дейін 300 млрд. теңгеге төмендеуі мүмкін.

Теміржол көлігі саласында 2025 жылға қарай магистральдық теміржол желісінің тозуын 49%, локомотивтердің тозуын 58% дейін төмендету жоспарлануда. Жолаушылар вагондары жетіспейтіндіктен 6 жылда 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Соның 50 вагоны биыл сатып алынады.

Автомобиль көлігі саласында Министрлік отандық автомобиль тасымалдаушыларының халықаралық нарықтағы үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл жолаушылар тасымалы өткен жылға қарағанда 2,5% және жүк айналымы 1,5% артады деп жоспарланған. Ұлттық стандартқа сәйкес келетін автовокзалдар мен автостанциялар санын көбейту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәсіпкерлер үшін ынталандыру шаралары әзірленуде. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жер учаскелерін бөлу, кірме жолдар салу, инженерлік желілерді қосу сияқты шаралар қарастырылады.

Су көлігі саласында бүгінгі таңда теңіз сауда флотының паркі 12 бірліктен тұрады, атап айтқанда 8 танкер, 4 құрғақ жүк кемесі бар. Бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін 2 паром және 4 құрғақ жүк кемесін сатып алу жоспарланған. Бұл жүк ағыны көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Каспий теңізіндегі отандық флот үлесін 35% ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, апаттар санын 10,3% төмендетіп, шлюздердің өткізу қабілеттілігін жылына 350 кемеге дейін арттыру үшін 2025 жылға дейін жеткізу құлыптарын күрделі жөндеу жоспарланған.

Жалпы 2020 жыл қорытындысында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында: республикалық автожолдардың 89%, облыстық және аудандық жолдардың 71% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу; өзін-өзі өтейтін ақылы автожолдарды 5,7 мың шақырымға жеткізу; автожолдарды ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисі объектілерімен қамтамасыз етуді 58% жеткізу; теміржол көлігімен транзиттік тасымалдар көлемін 20% арттыру; контейнерлік темір жол транзитін 842 мың жиырмафуттық контейнерге арттыру; транзиттік әуе жолаушылар санын 1,2 млн. адамға, әуе көлігімен жолаушылар тасымалын 9,1 млн. адамға жеткізу жоспарланған.

 

21 апреля 2020
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 112 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Бағдарламаны іске асыру туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. 

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы тиімді және бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құруға, транзиттік және көлік қызметтерін дамытуға, технологиялық және институционалдық ортаны жетілдіруге бағытталған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов атап өткендей, мемлекеттік бағдарламада жалпы сомасы 5,5 трлн теңгені құрайтын 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қарастырылған.

«Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолдың құрылысы және реконструкциясы, республикалық желідегі 11 мың шақырым автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеу жоспарланған. Автожол саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрайды. Бағдарламаны іске асыру республикалық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 100% дейін жеткізуге, I және II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығын 60% дейін, ақылы жолдардың үлесін 45% дейін ұлғайтуға, жол бойындағы сервис объектілерімен 100% қамтамасыз етуге жол ашады», — деді министр.

Б. Атамқұловтың мәлімдеуінше, автожол саласында биыл жөндеу жұмыстарымен республикалық және жергілікті маңызы бар 9,5 мың шақырым автожолды қамту жоспарланып отыр. Автожол саласының 2020 жылға арналған бюджеті 680 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық желі – 421 млрд теңге және жергілікті желі – 259 млрд теңге.

«Республикалық желі бойынша құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен 4 мың шақырым автожол қамтылады. Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 1,5 мың шақырым жол қамтылып, оның ішінде 1,1 мың шақырымында жұмыстар аяқталады», — деді министр.

Жыл соңына дейін 5,7 мың шақырымға төлем жүйелерін орнату, 158 қызмет көрсету нысанын ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру, санитарлық-гигиеналық қондырғылармен (СГҚ) қамтамасыз етілген 23 жанармай құю станциясын салу, сондай-ақ 62 санитарлық-гигиеналық қондырғы орнату көзделген.

«Жыл қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін тиісінше 89%-ға және 75%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автожол учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған. Жобаларды уақытылы іске асыру үшін барлық дайындау жұмыстары жүргізілді», — деді Б. Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, барлық қолданылатын материалдардың негізгі бөлігі отандық өндіріс өнімдері. Наурыз айының соңында оңтүстік өңірлерде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. 

Ауа-райы қолайлы бола бастаған кезде жұмыс солтүстік өңірлерде қолға алынатын болады және сәуір айының соңына дейін барлық жобаларда құрылыс жұмыстары басталады. 

«Құрылыс алаңдарының барлығында мамандарды короновирустан қорғау үшін қажетті шаралар қабылданды. Барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді», — деді министр. 

2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 27 мың шақырымнан астамын жөндеу жоспарланып отыр. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95%-ын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді. 

Бұл мақсатқа 2020 жылы 259 млрд теңге көзделген, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 201,4 млрд теңге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жер учаскелерін сатып алуға 4,1 млрд теңге көзделген.

Жыл соңына дейін 4 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. 350 жол жобалары іске асырылады, 31 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. 

Б. Атамқұловтың айтуынша, азаматтық авиация саласында коронавирус пандемиясына байланысты бүгінгі таңда, өкінішке орай, ішкі (100%) және халықаралық (98%) авиарейстер уақытша тоқтатылды.

Бірақ орын алған жағдайға қарамастан, осы жылдың бірінші тоқсанында жолаушылар ағыны көрсеткішінде өсім болды. Есепті кезеңде тасымалданған жолаушылар саны 1,7 млн адамды құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 5,2%-ға артық.

«Биыл біз Түркістан қаласындағы жаңа халықаралық әуежай мен Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды бастаймыз. Қаржы бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағын да қайта жаңартуды бастаймыз. Алдағы 5 жылда 13 аэродром салу көзделіп отыр. Бүгінгі таңда жергілікті әуе желілерінің 3 әуе айлағы жұмыс істейді», — деді министр.

Әуе тасымалы тоқтатылған сәтке дейін Қазақстанның 26 шетел мемлекетімен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы болғанын атап өткен жөн.

«Жақын арада біз қалыпты жұмыс режиміне оралып, барлық ұшуларды қалпына келтіріп, азаматтық авиация саласында жоспарланған барлық міндеттерді орындаймыз деп үміттенеміз. Жалпы, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласы өкілдерінің болжамы бойынша авиация саласындағы операциялық кірістердің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 млрд теңгені құрауы мүмкін», — деді Б. Атамқұлов. 

Теміржол көлігі саласында 2025 жылға дейін магистральдық теміржол желісінің тозуын 49%-ға, локомотивтердің тозуын 58%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

«Жолаушылар вагондарының жетіспейтіндігі белгілі. Сондықтан 6 жыл ішінде 600 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Биыл 50 вагон сатып алынады, бюджеттік несиеге 20 млрд теңге бөлінді», — деді министр.

Бұл ретте жылжымалы паркті жаңартуға 657 млрд теңге тарту жоспарлануда, оның ішінде 455 млрд теңгесі жеке инвестициялар екенін атап өту керек. 

Автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің құрылысы жоспарлануда.

Бүгінде министрлік отандық автомобиль тасымалдаушыларының халықаралық нарықтағы үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ағымдағы жылы өткен жылға қарағанда жолаушылар тасымалын 2,5%-ға және жүк айналымын 1,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Ұлттық стандартқа сәйкес келетін автовокзалдар мен автостанциялар санын көбейту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәсіпкерлер үшін ынталандыру шаралары әзірленуде. 

Су көлігі саласында 2025 жылға дейін 2 паром және 4 құрғақ жүк кемесін сатып алу жоспарлануда, бұл ары қарай жүк ағыны көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Каспий теңізіндегі қазақстандық флоттың қатысуын 35%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ апаттық жағдайды 10,3%-ға дейін төмендету және шлюздердің өткізу қабілеттілігін жылына 350 кемеге дейін арттыру үшін кеме шлюздерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. 

Осы жылы осы мақсатта темірбетон конструкцияларын және жүк көтергіш құрылғыларды жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр аталған жобалардың ең алдымен өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін, бұл мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. 

«Биыл бұрын-соңды болмаған бірқатар жобаларды, соның ішінде жаңадан пайдалануға берілген 2600 км жолды енгізу жоспарланған. Теміржол электрификациясы жалғасады. Сондай-ақ 11 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолында ақы төлеу жүйесін енгізу жоспарланған, бұл автомобиль жолдарының осы учаскелерін бюджет есебінен күтіп-ұстауға одан әрі қаржыландыруды қысқартуға және босатылған қаражатты басқа да маңызды жобаларды дамытуға бөлуге мүмкіндік береді», — деді Р. Скляр. 

Дереккөз: primeminister.kz

20 апреля 2020
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 2020 жылдың алғашқы тоқсанында 1500-ден астам олқылықты анықтады

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» үш айда жүргізілген жұмыстардың қорытындыларын шығарды. Осы уақыт аралығында орталық мамандары ел өңірлеріндегі жолдарға 1398 сапар жасап, 1522 олқылықты анықтады. Олқылықтардың біраз бөлігі автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстау сапасының төмендігіне қатысты.

Осылайша, орталықтың көшпелі зертханалары республикалық маңызы бар жол учаскелеріне  1294 сапар жасады. Зертханалық жұмыстар жүргізілген жол учаскелерінің жалпы ұзындығы 27 мың шақырымнан асады. 3 айдың ішінде республикалық маңызға ие жолдарда 582 нысан тексерілді. Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде нысандардың талаптарға сай емес екендігі анықталды. Анықталған олқылықтардың саны – 1386. Осы ретте мердігер ұйымдарға 579 хат жолданды. 

Сондай-ақ, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында жергілікті автомобиль жолдарының 4500 шақырымы тексерілген болатын. Зертханалар мұндай жолдарға 104 сапар жасап, 136 олқылықты анықтады.

Еске салайық, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде 2019 жылы 16 «ОблЖолЗертхананы» РММ біріктіру арқылы құрылған болатын. Оны құрудағы мақсат – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау.

Айта кетейік, өз жұмысының алғашқы жылында Орталық жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен құрылыс материалдарының сапасын сараптау мақсатында орындалған жұмыстардың аясында ел жолдарына 8 мыңнан астам сапарды жүзеге асырды. 5 мыңнан астам олқылық анықталды, құрылыс материалдарынан 12 мыңнан астам сынама алынып, сыналған болатын.

Биыл кәсіпорын Қазақстан жолдарының сапасын бақылау шараларын күшейте түспек.

Индустриялық даму
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Жер қойнауын пайдалану
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту
18 апреля 2020
Болашаққа қарай: ҚР ИИДМ жетекшілік ететін салаларда жаңа мамандықтар атласын әзірлеу барысы туралы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Вице-министр Динара Щеглованың және «BTS Education» компаниясының қатысуымен «Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласын» әзірлеу тақырыбында бейнеконференция өтті.

Іс-шара барысында жоба жетекшісі Саясат Нұрбек аталған әзірлеменің негізі болатын үш мамандық санаты туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Бұл экономиканың келесі басым 9 саласын қамтитын жойылып бара жатқан, өзгеретін және жаңа мамандықтар болып табылады: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм және құрылыс.

Сондай-ақ Атласты әзірлеу бойынша жұмыс барысы айтылды және тау-кен металлургия саласын зерттеу бойынша аралық нәтижелермен таныстырылды.

Конференция соңында Динара Щеглова атласты әзірлеу қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада қажетті мамандықтар мен дағдыларды анықтауға көмектеседі және нарықтың негізгі қатысушылары үшін ақпараттық құндылықты білдіретін қарапайым қолданбалы құрал болады деп атап өтті.

Өз тарапынан, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі салалар бойынша қауымдастықтардан, сараптамалық және кәсіби ұйымдардан бірлескен қызмет процесіне белсенді қатысуды және құрылыс, көлік-логистикалық, машина жасау салалары бойынша «Қазақстандағы жаңа кәсіптер атласы» салалық жобасын іске асыру бойынша қолдау көрсетуді сұрайды.

17 апреля 2020
«Қандыағаш – Мақат» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс биыл ашылады

«Қандыағаш – Мақат» (160-504км) ауқымды жобасы инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Жоба 7 учаскеге бөлінген. Жолдың жалпы ұзындығы 299 шақырымды құрайды. Жобаның бас мердігерлері - «Todini», «Shanghai», «Ант», «Ақжол»  және «СПИК Аккорд» компаниялары.

Жоба іске асырыла бастағаннан бері жер төсемінің 3909,8 мың текше метрі төгілді. 144,7 шақырымда төсеме қабат, 125,4 шақырымда жол негіздемесінің төменгі қабаты, 108,8 шақырымда жол негіздемесінің жоғарғы қабаты және 99,7 шақырымда жөл төсемінің төменгі қабаты жатқызылды. Бұдан бөлек, жолшылар 68 су өткізу құбырын монтаждады.

Компаниялар биылғы құрылыс маусымына қиыршық тастың 450,63 мың текше метрін, темір-бетонды бұйымдардың 2,36 мың текше метрін, битумның 2,31 мың тоннасын дайындаған.

2020 жылдың соңына дейін «Қандыағаш – Мақат» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, қайта жаңарту жұмыстарына 1500 қызметкер жұмылдырылады деп күтілуде. Олардың 1420-ы жергілікті тұрғындар қатарынан тартылмақ.

2021 жылы жоба аясындағы жұмыстар аяқталған соң республикалық маңызға ие «Қандыағаш- Мақат» жолы ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріледі.

Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы қамтылса, қозғалыс 2 мыңнан астам шақырым жолда ашылады деп жоспарланып отыр.

16 апреля 2020
«Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс 2020 жылы  ашылады

Ұзындығы 184 шақырымды құрайтын «Үшарал-Достық» автомобиль жолы Алматы облысына қарасты Ынталы, Көктума, Жалаңашкөл және Достық елді мекендері арқылы өтетін болады. 

 

Бүгінгі таңда бас мердігер «Қыран» ЖШС мен «АБК Автодор НС» ЖШС негізгі жұмыстарға кірісіп кетті. Жұмыстың сапасын «Аймерке» ЖШС, «Альянс» ИӨО» ЖШС мен «Сапаинжиниринг» ЖШС бірлесіп бақылайды.

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң Үшаралдан Достық елді мекеніне дейінгі 184 шақырымдық күре жол ІІ-техникалық санатқа сәйкестендіріліп, екі жолақты автожол болады. Жоба аясында 12 көпір, 278 құбыр, демалыс алаңдары салынып, елді мекендердің маңында автопавильнодар орнатылады деп күтілуде.

Тасжолды қайта жаңарту жұмыстарына жол-құрылыс техникасының 363 бірлігі мен 571 маман жұмылдырылмақ. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталмыш жолдың 60 шақырымында қозғалыс ашылады деп жоспарланған. Жоба аясындағы жұмыстар 2022 жылы толықтай аяқталауы тиіс. 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы