Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
08 января 2021
2020 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы 75%-ға дейін өсті

2020 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы қамтылды. Құны  238 миллиард теңге болатын 350 автожол жобасы жүзеге асырылған.

Атап айтқанда, 39 шақырым жол салынды. Автожолдардың 199 шақырымы қайта жаңартылса, 541 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Ал жергілікті маңызы бар 3221 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Іске асырылған ірі жобалардың қатарында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайға кірме жол бар. Бұдан бөлек, Ақтау теңіз курорттық аймағында автомобиль жолдарын салу және қайта құру жүргізілуде. Сондай-ақ,  республикалық маңызы бар қалалардағы көшелерді дамыту да жүзеге асырылған.

Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 75%-ға жеткізілді. Былтыр бұл көрсеткіш 71% -ды құраған болатын.

Атап өту керек, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жергілікті атқарушы органдардың құзырында. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз кезегінде жыл сайын жергілікті жолдар желісін дамытуға мақсатты трансферттерді паритеттік негізде, яғни 50/50 қылып бөлуде. 

Еске сала кетейік, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 70,9 мың шақырымды құрайды. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар 27 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамту көзделген. Сондай-ақ, жолдардың 95%-ын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіру жоспарланып отыр.

05 января 2021
2020 жылы жұмыстармен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 9800 шақырымы қамтылды

31 декабря 2020
Жаңа 2021 жылыңызбен!

ҚР ИИДМ ұжымы барша қазақстандықтарды келе жатқан 2021 жаңа жылмен құттықтайды!

Өткен жыл оңай болған жоқ, бірақ біз оны лайықты көрсеткіштермен және нәтижелермен шығарып саламыз. Биылғы жылы кездескен барлық қиындықтарға қарамастан, бәрімізде мақтануға тұратын жайғдай бар. Егер Министрлік туралы айтатын болсақ, онда бірқатар негізгі бағыттар бойынша барлық белгіленген жоспарлар мен міндеттер орындалды.

Алда ел үшін пайдалы әрі қажетті көптеген қызықты және маңызды жобалар күтіп тұр. Келе жатқан жыл жаңа жетістіктер, жасампаз және жемісті жұмыс уақыты болатынына сенімдіміз.

Біз шын жүрегімізден сізге мықты денсаулық пен бейбітшілік, отбасылық бақыт, шаңырағыңызға береке мен молшылық тілейміз. Сіздердің барлық армандарыңыз орындалсын, жаңа шыңдар бағындырылсын, жаңа жарқын мүмкіндіктер ашылсын! Керемет жаңа жылдық мерекелер және келесі жылға жағымды көңіл-күй тілейміз!

30 декабря 2020
Алматы облысында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық автожолдар желісінің үлесі 99%-ға жетті

Алматы облысында жол саласындағы 2020 жылғы құрылыс маусымының нәтижелері анықталды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Абдуллин Министрліктің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

2020 жылы аталған өңірде қыруар жұмыс атқарылды. Атап айтар болсақ, «Үшарал – Достық», «Бұрылбайтал – Құрты», «Ұзынағаш – Отар», «Талдықорған – Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолдары реконструкциядан өтті. Сондай-ақ, Шамалған станциясындағы жер үсті өткелінің құрылысы жүргізілді.  Бұдан бөлек, жол компаниялары «Көкпек – Кеген – Жалаңаш – Сәтті – Құрметті – Көлсай көлі», «Көкпек – Кеген – Қырғызстан шек. (Түп), Алматы – Бішкек («Алтын Орда» нарығы), «Алматы – Бішкек» («Асыл Арман» ТК) және «Алматы – Көктал – Байсерке – Междуреченск» жолындағы Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, «Алматы – Шелек – Қорғас», «Алматы – Көкпек – Шонжы – Көктал – Қорғас», «Көкпек – Кеген – ҚР шек. (Түп)», «Алматы – Өскемен (Талдықорған қаласының айналма жолы)», «Өзбекстан шек. (Ташкент) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» жолдарының учаскелері жаңартылды.

Бүгінгі таңда өңірде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық автожолдар желісінің үлесі 99%-ға жетті. Алматы облысындағы республикалық маңызы бар тасжолжардың жалпы ұзындығы бүгінде 2806 шақырымды құрайды.

28 декабря 2020
АДБ Қазақстандағы автомобиль жолдарын дамытуға грант бөлді

Азиа даму банкі квазимемлекеттік секторға республиканың автомобиль жолдары саласын жақсарту үшін алғаш рет гранттық қаржыландыру бөліп отыр. Бағдарламаны іске асыруды ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы үйлестіретін болады.

Халықаралық қаржы институттары Қазақстанда автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу үшін, сондай-ақ жол активтерін басқару үшін мамандандырылған жол құрылымын құру идеясын жоғары бағалады.

2019 жылы құрылған ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы өз жұмысының тиімділігін көрсетіп үлгерді. Азия Даму Банкі Орталыққа оның әрі қарай функционалдық дамуы мен сапаны бақылауды жақсартуы үшін арнайы грантын бөліп отыр. Қаржыландыру бағдарламасы нормативтік-құқықтық базаны, нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіруге, жол қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Жұмыс барысында Азия Даму Банкі бағдарламаны басқаратын болады. Бұдан бөлек, консультанттарды тартып, семинарлар өткізеді. Сондай-ақ, жобаның барлық нәтижелерінің сапасы мен үйлестірілуін қамтамасыз етпек.

Бағдарламаны іске асыру 2021 жылдың басында басталады деп көзделіп отыр. Ол 1,5 жылға есептелген.

25 декабря 2020
Қазақстанда жол бойындағы сервистік инфрақұрылымды дамытудың жаңа кезеңі

Алматы-Талдықорған тасжолының 20-шы шақырымында жол бойындағы қызмет көрсетудің заманауи COMPASS Comfort кешені ашылды. Бұл елдегі көлік инфрақұрылымын жақсартуға және осы саладағы қызмет көрсету деңгейін әлемдік стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беретін жоспарлы 35 кешеннің алғашқысы.

Қазақстанда теңдесі жоқ жол бойындағы кешен ауданы екі гектардан асатын жер учаскесінде орналасқан. Оның аумағында 14 автокөлікке және 2 электромобильге арналған жанармай бекеті, сондай-ақ жүк көліктерге арналған тұрақ бар. Ғимараттың ауданы 1000 шаршы метрді құрайды. Саяхатшылар үшін асхана, жеңіл тағамдар мен кофенің кең таңдауы бар экспресс-кафе жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кешенде намаз оқуға арналған намазхана да бар. COMPASS Comfort кешені мүгедектерге арналған санитарлық аймақтарды қоса, көп орындық дәретханалармен және душ бөлмелерімен жабдықталған.

Кешеннің ерекшелігі - оның аумағында саяхатшыларға арналған қызметтердің толық спектрі ұсынылады. Автокөлікке жанармай құю мен жайлы дәретханалардан бастап, тамақ және гигиена өнімдерін, автокөлік тауарлары мен жолда қажет болатын кешенді тағамдарды сатуға дейін ұсынылады. Кешеннің аумағында қонақтар шамамен 40-тан 60 минутқа дейін болады деп болжануда. Осы уақттың ішінде жайлы жағдайда тынығып, жаңа күшпен жолға шыға алады.

Ranking.kz мәліметтері бойынша былтыр Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінің (ЖҚБ), газ құю бекеттерінің (ГҚБ) және автомобиль газын құю компрессорлық станциясының (АГҚКС) жалпы саны 5296 бірлікке жетті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,8% артық. Алайда, олардың қатарында автомобиль саяхатшыларына сапалы қызметтердің толық спектрін ұсынатын үлкен кешендер жоқ. Сондықтан COMPASS Comfort жол бойындағы кешенінің ашылуы осы саланың дамуындағы өзіндік жаңалық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан Республикасында жол бойындағы сервистік желіні дамыту тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ және «Compass»  желілік жанармай құю станциялары компаниясы арасында жол бойындағы қызметті дамытудағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Оның аясында 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 35 заманауи кешен тұрғызу көзделген.  Аталған нысандарда жанармай құю бекеттері, жүк көліктері мен автобустарға арналған кең тұрақтар, кем дегенде 80 орындық фуд-корттар болмақ. Сондай-ақ, тауарлар мен автомобиль аксессуарларының үлкен таңдауы болатын экспресс-дүкендер жұмыс істейтін болады.  Жоба 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтымақ. Ал инвестициялардың көлемі 30 млрд теңгені құрайды.

«Бұл кешеннің ашылуы – елімізде халықаралық стандарттарға жол бойындағы қызмет инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам. Әзірге еліміздегі алғашқы көпфункционалды кешен болып отыр. Келешекте де қазақстандықтарға дәп осындай пішінде, яғни сапалы және жайлы қызмет көрсететін нысандар көбееді деп үміттенеміз», - деді Kusto Group директорлар кеңесінің мүшесі Оразхан Қайыржанұлы Қарсыбеков.

«Новая АЗС» компаниясы жайлы

Compass бренді бар «Новая АЗС» компаниясы Қазақстандағы, Ресейдегі, Украинадағы және Вьетнамдағы құрылыс индустриясы, мұнай өндіру, дамыту, ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда және білім беру жобаларын басқаратын және аталған салаларға инвестиция құятын Kusto Group өндірістік-инвестициялық тобының құрамына кіреді. Топта барлығы 30-дан астам компания бар. Оларда 8 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

Қазақстандық «Compas» @compass.kz  бренді әлемнің ең озық тәжірибесін қолдана отырып, көпфункционалды қызметтерді дамытуда жоғары деңгейге жетті. Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында осындай 12 заманауи кешен қызмет көрсетуде. 

Индустриялық даму
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Жер қойнауын пайдалану
25 декабря 2020
ҚР ИИДМ жанындағы Қоғамдық кеңестің 2 отырысы өтті

2020 жылғы 11 желтоқсанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда  индустрия саласындағы салалық комитеттердің бірінші басшыларының (О.А. Әлібеков), көлік (С. К. Гилимов), автомобиль жолдары (С. С. Бармаков), азаматтық авиация (Т. Т. Ластаев), Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (Б. М. Шаханов) Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі министрліктің 2020-2021 жылдарына арналған есептері тыңдалды.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері осы бағыттағы жұмысты күшейту және тиісті салалардағы барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсынымдар берді.

Сондай-ақ, отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдағы салалық комитеттердің оң жұмысы Министрліктің ақпараттық ресурсында қоғамдық маңызы бар ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын қамтамасыз ету бойынша Министрліктің ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің жұмысы атап өтілді.

Одан басқа, күн тәртібіндегі екінші мәселе шеңберінде министрліктің ақпараттық ресурсында қоғамдық маңызы бар ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Министрліктің есебі тыңдалды. Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры О.З. Баржақсыновты тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері министрліктің осы бағыттағы оң жұмысын атап өтіп, сапалы ақпараттық қамтамасыз етуді, Министрліктің салалары бойынша қабылданып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар туралы халықты хабардар етуді және ден қоюды атап өтті.

Бұдан басқа, 2020 жылғы 23 желтоқсанда Қоғамдық кеңестің тағы бір отырысы өтті. Онда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Қ. Ержановтың Министрліктің отандық ғылыми әлеуетті дамыту саласындағы жұмыс тәжірибесі, салаларда өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есебі тыңдалды.

Бірінші сұрақтың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері отандық ғылыми әлеуетті дамыту, салаларда өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану желілері бойынша өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, осы бағыттағы жұмысты жандандыру және Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процестерінің сапасын күшейту қажеттілігі туралы бірқатар ұсыныстар берді.

Екінші және үшінші мәселелер шеңберінде Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету практикасын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есептері, әдеп жөніндегі уәкіл Г.А. Әубәкірованың қызметкерлерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін түсіндіру, анонимді сауалнама жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштерге мониторинг жүргізу бойынша есебі тыңдалды.

Жалпы, отырыс барысында министрліктің әдеп жөніндегі уәкілінің қызметкерлерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін түсіндіру, анонимді сауалнама жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштерге мониторинг жүргізу бойынша оң жұмысы атап өтілді.

24 декабря 2020
Түркістан және Қызылорда облыстарында жол сапасын жақсарту мәселелері талқыланды

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Түркістан және Қызылорда облыстарына жұмыс сапарымен барды. Іс-сапарлар барысында «Нұрлы жол» бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асырудың алғашқы жылының қорытындылары шығарылды. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін жол саласын дамыту мәселелері талқыға салынды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Түркістан және Қызылорда облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың сапасы 100%-ға дейін жеткен. 2020 жылы Түркістан облысындағы «Жыззақ-Гагарин-Жетісай» және «Самара-Шымкент» жол учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, екі өңірде де жергілікті жолдар желісін дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Түркістан облысында жергілікті желінің ұзындығы 5 795 шақырымды құрайды. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 74,1 %. Ал Қызылорда облысында ұзындығы 2382 шақырым болатын жергілікті жолдардың 65%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Кездесу барысында А.Беков «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының аймақтық филиалдарының өкілдерін «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы қойылған ауқымды міндеттер жайлы хабардар етті. Сондай-ақ, жол саласын дамытуға үлес қосқан филиал қызметкерлерінің жемісті еңбегі еленді. Оларға «Құрметті жолшы» төсбелгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. 

22 декабря 2020
ҚР ИИДМ «Балқаш-Бұрылбайтал» жол учаскелерін реконструкциялау бойынша келісімшарттарға қол қойылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде «Балқаш-Бұрылбайтал» автожолының екі учаскесін жаңарту бойынша жобаларына жарияланған байқау жеңімпаздары анықталды. Келісімшарттарға «СП СинеМидасСтрой» қазақстандық компаниясы мен итальяндық «Тодини» ұйымының өкілдері қол қойды.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Тасарал ауылынан Сарышаған кентіне дейінгі ұзындығы 50 шақырым (1955-2005 км) болатын учаскені бас мердігер – «Тодини» компаниясы жаңартатын болады. Жолды реконструкциялау аясында қозғалыс жолағы екіден төртке ұлғайтылады. Сондай-ақ, төрт жаңа өткел салынып, үшеуін қайта жаңарту көзделген. Сонымен бірге, В категориялы жол бойындағы сервис кешені бой көтермек. Осылайша аталған тасжол I-б техникалық категорияға сай болады.

Сарышаған кентінен Мыңарал ауылына дейінгі 64 шақырым (2005-2069 км) болатын учаскеге реконструкция жұмыстарын «СП СинеМидасСтрой» компаниясы жүргізеді. Жолшылар қозғалыс жолақтарын төртке дейін ұлғайтып, бір көпір мен бір өткел салады. Бұл учаске де I-б техникалық категориясына сәйкес болмақ.

Осыған дейін аталған учаскелер бойынша міндеттемелерді орындамаған «Shanghai Construction» (Қытай) және «Azerinsaatservis» (Әзірбайжан) шетелдік компанияларымен келісімшарттар бұзылған болатын.

Жоба Халықаралық қайта құру және даму банкінен қарыз алу аясында жүзеге асуда. Қазір компаниялар әзірлік жұмыстарын бастамақшы. Келісімшартқа сәйкес екі учаскедегі жұмыстар 2023 жылға дейін тәмәмдалуы тиіс.

22 декабря 2020
Қазақстанның өңірлері автожол саласындағы жыл қорытындыларын шығаруда

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов «ҚазАвтоЖол», «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» және «Қазақавтожолдың» Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы филиалдарының ұжымдарымен кездесті.

Жұмыс жиналыстарының барысында 2020 жылдың құрылыс маусымы бойынша қорытындылар шығарылды. Мәселен, Павлодар облысындағы «Нұр-Сұлтан – Павлодар» республикалық тасжолында реконструкциялау жүргізілген. Аталған облыста күрделі жөндеу 44 шақырым жолда іске асқан. Ал 76,5  шақырымы орташа жөндеуден өтіпті. Сондай-ақ, облыстағы жергілікті жолдарда да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Шығыс Қазақстан облысында биыл келесідей автомобиль жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асты: «Қалбатау-Майқапшағай», «Талдықорган-Өскемен», «Осин асуы». Бұдан бөлек, «Ащысу арқылы», «Семей – Қайнар», «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары», «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» тасжолдары да жөндеуден өтті.

Комитет төрағасы биыл жолшылармен үлкен жұмыс атқарылғанын, келесі жылы да өңірлерде ауқымды жобалар іске асатынын алға тартты. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелін салу жоспарланған. Сондай-ақ,  «Шар-Бақыршық», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Октябрь өткелі - Алтай - Ново-Хайрузов» және «Манат ауылына барар жол» автожолдарына орташа жөндеу жүрізу көзделіп отыр.

Комитет жетекшілігінің ел аймақтарындағы ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелер ұжымдарымен кездесулері жалғасатын болады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы