ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.
Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, инвестициялар тарту туралы Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын орындау тетіктері туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндады.
Биылғы қаңтар айында экономиканың негізгі салалары көрсеткіштердің жақсару үрдісіне ие. Бұл ретте карантиндік шаралардың сақталуы мен күшеюі көрсетілетін қызметтер мен көлік салаларына әсер етуде.
Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты динамика байқалып отыр, ол жыл басынан бері 3%-ға өсті. Өсімнің негізгі қозғалтқыштары металлургия өндірісі (+3,1%), оның ішінде автомобиль жасауды қоса алғанда (+21,2%), машина жасау (+16,2%), түсті металдар өндірісі (+6,6%), сондай-ақ химия өнеркәсібі (+12,8%), құрылыс материалдары өндірісі (+11,8%) және фармацевтика (+4%) болды.
Құрылыс көлемі 7%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,4%-ға немесе шамамен 801 мың шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 2,5%-ға артты.
ОПЕК+ келісімдері аясында мұнай өндіруді қысқарту бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындауына байланысты тау-кен өндірісі секторы ұлттық экономиканың баяулауының негізгі факторына айналды. Мұнай өндірудің нақты көлем индексі -12,3%-ды құрады. Сонымен қатар көмір өндірісі жоғары қарқынмен өсуде (+10,1%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 25,5%-ды құрады. Қызмет көрсету секторында ақпарат және байланыс саласында жоғары өсу қарқынына қол жеткізілді (+9,4%)
Экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5%-ға дейінгі диапазонда ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынған, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір өңірлерде белгілі бір шектеулер әлі де қолданылып отыр.
Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында 4 көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.
«Министрліктер мен әкімдіктер жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қабылдап, белгіленген мақсаттар мен міндеттерді нақты орындауы қажет», — деп А. Мамин, ел экономикасына инвестициялар тарту көлемін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Үкімет басшысы екі күн мерзімде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб құруды тапсырды. Оның отырыстарын апта сайын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, ай сайын Премьер-Министр өткізетін болады.
Штабтың жұмыс органы болып Ұлттық экономика министрлігі белгіленді, оған осы жылдың 1 наурызына дейін жол картасы көрсеткіштерінің цифрлық картасын әзірлеу тапсырылды.
Дереккөз: primeminister.kz
Дәл осындай қаржы биыл қолданыстағы ақылы учаскелерден жиналады деп болжануда.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздің келесідей ақылы күре жолдары жұмыс істей бастады:
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» (211 км) - 1,67 млрд теңге;
«Нұр-Сұлтан-Теміртау» (134 км) - 1,91 млрд теңге;
«Алматы-Қорғас» (295 км) - 1,03 млрд теңге;
«Алматы-Қапшағай» (42 км) - 1,12 млрд теңге.
Бұдан бөлек, биыл бірінші тоқсанның соңына дейін төлем өндіру жүйесі республикалық маңызы бар жолдардың 5,8 мың шақырымына енгізілмек. 2025 жылға қарай ақылы жолдардың қатарына тағы 5,2 мың шақырым жол қосылмақ. Осылайша Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11,7 мың шақырымды құрайтын болады.
«Жобаны сәтті іске асыру арқылы ақылы жолдар өз шығынын өзі өтейтін болады. Демек бұл автомобиль жолдарын күтіп-ұстау үшін мемлекет бюджетінен қаржыландыруға қажеттілік болмайды. Бұдан бөлек, жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға да сеп болғанын айтып өту керек. Мәселен, қазірге дейін 1200 қазақстандық екі қолға бір күрек тауып отыр», - деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз-қызметінде.
2021 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударды.
Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Түркістан – Шымкент – Ташкент теміржол жолаушылар қатынасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұдан басқа, Өзбекстан аумағына шығатын Мақтарал – Дарбаза жаңа желісін салу жоспарланып отыр. Ол жоба Сарыағаш өткелі пунктінің жүктемесін едәуір азайтады.
Сонымен қатар, Түркістаннан Ташкентке дейін созылатын жаңа жоғары жылдамдықты магистралды іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Министр мен Елші әуе қатынасы жайын талқылады. Коронавирустық инфекция пандемиясына қарамастан, екі ел арасындағы рейстер тұрақты орындалуда. Болашақта олардың санын ұлғайту, сондай - ақ Өзбекстанның Үргенч, Самарқанд, Нүкіс қалаларынан Қазақстанның Түркістан, Ақтау және Тараз қалаларына жаңа бағыттар ашу жоспарда бар.
Инфрақұрылымдық жобалардан бөлек кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік жобаларға назар аударды. Тараптар Қазақстандағы машина жасау саласына маманданған, сондай-ақ Өзбекстан аумағында фармацевтикалық өнім шығаратын бірлескен кәсіпорындар құрмақшы. Сондай-ақ, Шымкентте дәрілік заттар және гигиеналық бұйымдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда.
Екі ел жеңіл өнеркәсіп саласын да тиімді дамытуда. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап "Alliance" ТПК " ЖШС Қазақстан-Өзбекстан бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Ол 2020 жылы 510 тоннадан астам мақта талшығын өңдеп, 420 тоннадан астам жіп өндірді.
Кездесу соңында тараптар бір-біріне жаңа жобаларды іске асыруға көмектескені үшін алғыс айтып, өзара қарым-қатынастардың одан әрі жемісті дамитынына үміт білдірді.
Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Министрлік ұжымына жаңа аппарат басшысын таныстырды.
Мұқаев Ерболат Рахметұлы Гурьев педагогикалық институтын "физика мұғалімі" мамандығы бойынша, БЛКЖО Орталық комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебін "саясаттанушы" мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.
35 жылдан астам еңбек өтілі бар. Комсомол, партия және ұйымдастырушылық жұмыстарында үлкен тәжірибе жинаған. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Орал қаласы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
Төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты. "Құрмет", "Парасат"ордендерімен марапатталған.
Еліміздің тас жолдарында бейнебақылау камераларын орнату жалғасуда. Бұл ақылы жолдарда ақы өндіру жүйесін орнату бойынша инвестициялық жобаның аясында қарастырылған.
Бүгінге дейін инвестормен 374 камера орнатылған. Олар әзірге тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. Ақы өндіру жүйесі іске қосылғанда, бағдарламалық-аппараттық кешен автокөліктің нөмірін, класын, қозғалыс жылдамдығы мен бағытын автоматты түрде анықтайтын болады. Егер автокөлікте RFID таңбасы орнатылса, темір тұлпарды анықтаудың сенімділігі анағұрлым артатынын айтып өткен жөн. Мәселен, біреу жалған нөмірлермен жүріп өтсе немесе нөмірлік белгі нашар күйде болған жағдайда, жүйе дұрыс анықтай алмауы мүмкін. Мұндай күмәнді жағдайларда RFID таңбасы көлік иелерін жүріс үшін заңсыз төлем өндіруден сақтайды.
Бейнетіркеудің басты міндеттерінің бірі – жолдардағы жылдамдық режимін бұзу, белгіленбеген жерде тоқтау және қарсы бағыттағы қозғалыс жолағымен жүру сияқты жол жүру ережелерінің бұзылуын тіркейді.
2024 жылға дейін республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолда инвестициялық жоба аясында 1000-нан астам камера орнатылады деп көзделген. Олардың қатарында тіркеу камералары, сондай-ақ кадрлеу және шолу камералары болмақ.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінге дейін Министрдің ресми блог-платформасына 206 сұраныс түсіп, ҚР ИИДМ құзыретіне кірмейтін 26-сы басқа блог платформаларға жіберілді. Осылайша 180 өтініш қабылданып, 141-не жауап берілді және 39 өтініш әлі қаралып жатыр.
Өткен 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардың 1 659 сұранысына жауап берілген еді.
Министр Бейбіт Атамқұловтың блог-платформасы ҚР Ашық үкіметінің «Ашық диалог» компоненті базасында құрылған.
Анықтама: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 95-ші қадамын іске асыру шеңберінде 2015 жылдың 16 қарашасында ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды. Ол ҚР Үкіметі мүшелерінің жеке блог-платформалары ашылған «Ашық үкімет» порталын құрудың іргетасын қалады.
Блог жүргізу платформасының негізгі қағидасы - мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланыс орнату.
Осындай байланыстың жолға қойылуы тұрғындардың мәселелерін шешуге үлкен серпін берді. Азаматтар мен Үкімет мүшелері арасында диалог құрылды. Министрліктердің басшыларына тікелей сұрақтарын жіберіп, мәселелерін айтуға, қалыптасқан жағдайда ықтимал шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді.
Блог жүргізу платформасының басты артықшылықтарының бірі - мәселелерді шешудің жеделдігі мен тиімділігінде. Өтініштер құзыретті мемлекеттік органдарға күнделікті форматта бағытталып, туындаған сұрақтарға жауап беріледі.
2020 жылдың басында Министрліктің Комитеттерінің төрағалары, сондай-ақ бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары да өз блог платформаларын ашты.
Тәжірибе барысында анықталғандай, блог платформаларға келіп түсетін сұрақтар маусымдық, салалық және секторлық факторларға байланысты әртүрлі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Ашық Үкіметтің негізгі мақсаты ашық жұмыс істейтін, халыққа есеп беретін мемлекет құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдануға саяды.
Анықтама үшін:
Индустриялық даму комитеті Төрағасының блог-платформасы
Көлік комитеті Төрағасының блог-платформасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының блог-платформасы
Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының блог-платформасы
Азаматтық авиация комитеті Төрағасының блог-платформасы
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті Төрағасының блог-платформасы
Биыл Түркістан облысында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу бойынша бірқатар жол жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.
Атап айтсақ, жолшылар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне реконструкция жүргізбек. Бұдан бөлек, «Алматы - Ташкент - Термез» тас жолында үш жаяу жүргіншілер өткелі тұрғызылып, «Шымкенттің солтүстік айналма жолының» 2231 + 674 км және «РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда арқылы» жолының 2135- 2183 км учаскесін орташа жөндеуден өткізу көзделген.
Сонымен қатар, өңірде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жаңарту жоспарланып отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарымен келесідей автомобиль жолдары қамтылады: Шардара ауданындағы «Өзбекстан Республикасы шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32 республикалық жолының» 70-111 км және «Облыс шекарасы-Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған-Р-31 республикалық жолы» 279-312,1 км. Сондай-ақ, 2021 жылы «КХ-15-Елшібек батыр» 0-3 км, «КХ-15-Қарақұм» 0-1 км, «М-32-Қызылжар 0-6 км, «КХ-63-Ықыластемір» 0-4,5 км, «М-32-Шұбарсу» 0-6,6 км, «Шұбарсу-Шұбарсу-2» 0-5,6 км, «Қараспан-Жұлдыз» 0-1,6 км жол учаскелерінде орташа жөндеу жүргізілетін болады.
Айта кетейік, өңірдегі автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 6 692 шақырымды құрайды. Оның 740 км – республикалық және 5952 км – жергілікті маңызы бар жолдар.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2021 жылғы 4-8 ақпан аралығында ауа-райының қолайсыз жағдайларына, атап өткенде, қалың қар, бұрқасын, қар аралас жаңбыр мен көк тайғаққа байланысты және төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес береді.
Жолға шыққан жағдайда, қауіпсіз маршрутты таңдау, жол ережелерін сақтау, қауіпсіз ара қашықтық пен жылдамдықты ұстану қажеттілігі туралы ескертеміз. Шұғыл тоқтау және маневр жасау кезінде абай болыңыздар.
Автожолға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береміз.
Кез-келген күрделі жағдайда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 1403 нөміріндегі байланыс орталығына немесе 102, 112 нөміріндегі төтенше қызметке хабарласыңыздар.
Аталмыш талаптарды ескере отырып біз автожолдағы қауіпсіздікті және жүргізушілер мен жолаушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, сыртқы істер министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады.
Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында экономикалық белсенділікті қолдау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, салық және бюджет саясатын жетілдіру, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін дамыту және т. б. жөніндегі шаралар әзірленді. Үкімет АӨК, мұнай-газ химиясын, электр энергетикасын, су ресурстарын басқаруды, «Жасыл Қазақстан» экологиясын және басқа да салаларды дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды әзірлейді.
«Құрылымдық және ынталандыру шаралары халық пен бизнесті жан-жақты қолдауды, олардың жаңа жағдайларға бейімделуін, сондай-ақ экономикалық белсенділікті жандандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа шынайылық жағдайында шикізаттық емес экспортты проактивті ілгерілетуге және инвестицияларды нысаналы тартуға бағдарланған өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және әртараптандырылған экономиканы дамытуға назар аударымыз қажет. Шағын және орта бизнес экономиканы дамытуға қарқын беруі тиіс», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.
Премьер-Министр Үкіметтің 2021 жылғы негізгі мақсаты — экономикалық өсімді 3%-ға қамтамасыз ету, негізгі капиталға салынатын инвестицияларды ЖІӨ-нің 20%-на дейін және шағын және орта бизнес үлесін 30%-ға дейін ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе арттыру, өңдеу өнеркәсібін 10%-ға өсіру, жұмыссыздықты 4,9%-ға дейін қысқарту екенін атап өтті.
А. Мамин Ұлттық экономика министрлігіне екі күн мерзімде Премьер-Министр Кеңсесіне Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі жол картасының жобасын енгізуді тапсырды.
«Басты міндет – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын арттыру. Үлкен жұмыс істеу керек, Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі нәтижелі түрде орындау қажет», — деді Премьер-Министр.
Дереккөз: primeminister.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде министр Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы жүйе енгізу мәселесіне арналған кеңес өтті.
Кеңес жұмысына вице-министр Берік Камалиев, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов және "Computer Vision Technologies" ЖШС Басқарма Төрағасы Зейнұр Майтеков қатысты.
Бүгінгі таңда ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын жолдың 18 учаскесінде бақылау аркаларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 10 учаске тестілік пайдалануға берілді. "Шымкент-Өзбекстан шекарасы", "Орал- РФ шекарасы (Саратов)", "Орал – РФ шекарасы (Самара)" және Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)", "Щучинск-Петропавл", "Шымкент-Қызылорда", "Шымкент-Тараз", "Тараз-Қайнар", "Қапшағай-Талдықорған", "Қостанай-Тройцк" учаскелерінде 41 бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылды. Барлық бағдарламалық-аппараттық кешендерді орнатуды аяқтап, қалған 8 учаскені тестілік пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды қамтитын I кезең аясында ақылы учаскелерді 2021 жылғы 30 наурызда іске қосу жоспарланып отыр.
Айта кету керек, 2021 жылы инвестициялық келісімшарт аясында ұзындығы 800 шақырым болатын 5 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған. Олар: "Петропавл-РФ шекарасы (Қорған)", "Щучинск – Зеренді", "Таскескен – Бақты", "Жетібай – Жаңаөзен" және "Ақтөбе – Қарабұтақ" учаскелері.
Бұл мәселе бойынша жүйелі негізде өңірлерде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. 2020 жылдың желтоқсан айында осындай 15 қоғамдық тыңдау өткізілді. Биылғы ақпан айында 13 учаске бойынша 58 қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылға қарай Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11 мың шақырымға жетеді. Одан түскен қаражат жолдарды жөндеуге, күтіп-ұстауға, ақы алу жүйелеріне қызмет көрсетуге және инвесторға төлеуге жұмсалады.