Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Автомобиль жолдары
26 декабря 2023
Көлік министрлігінің өкілдері карьерлік ауыр жүк көліктеріне қоғамдық жолдарда жүруге қашан тыйым салынатыны туралы хабарлады

Көлік министрлігінің басшысы Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Министрге елордадағы қоғамдық көлік желісін дамыту, автобустарда жол ақысын төлеу жүйелері, жүк тасымалы және көлік инспекцияларының қызметіне қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ көлік компанияларының өкілдері көлік құралдарының рұқсат етілген салмағының артуын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатпен келіспейтіндіктерін айтып жеткізді.

Сөз кезегінде Марат Қарабаев министрлік өз тарапынан көліктік бақылау инспекторларының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және үстеме бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шараны енгізіп жатқанын хабарлады.

«Егер жүк көлігінің иелері заңнама талаптарын сақтаса, дұрыс болар еді. Алайда, талаптар жиі бұзылып тұрады. Нәтижесінде бұл бюджетке орасан зор зиян келтіреді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында жолдың құрылысына кірістірілген ауыр жүк көліктері жаңа жолдарды қалай бұзғанын көріп отырмыз», – деді көлік саласына жауапты министр.

Қордаланған мәселені шешу үшін министрлік 2024 жылы қалалардың кіріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнатуды бастайды. Олар автоматты түрде артық салмақ үшін айыппұл салады. Сонымен бірге 220 камераны «Сергек» бейнебақылау жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі бөлінбейтін ірі көлемді жүктерді тасымалдауға ресми арнайы рұқсаттар беру және самосвалдардың жолдармен қозғалысын шектеу тетіктері пысықталуда.

«Әлемнің кез келген жерінде карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салынады. Қазақстан, бәлкім, мұндайға жол берген жалғыз ел. Біз аталған шектеулерді 2023 жылдан бастап іске қосқымыз келді. Дей тұрғанмен, нарық қатысушылары аз да болса уақыт беруді сұраған болатын. Сондықтан ауыр карьерлік жүк көліктеріне 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басында қазақстандық жолдармен жүруіне тыйым салынады», – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Сонымен қатар егер министрліктің ұсынысы Үкімет пен Парламентте қолдау тапса, тасымалдаушылар төлеуге тиісті арнайы рұқсаты болған кезде белгілі бір шегіне дейін артық жүктерді тасымалдауға мүмкіндік беретін норма енгізіледі. Аталған шешім жергілікті жерлер орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды көздейді.

Дәстүр бойынша тұрғындармен кездесуден кейін Көлік министрлігінің басшысы елорда азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Күн тәртібінде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат» автожолын орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жүзеге асырылуы, Алматы-Екатеринбург трассасын жарықтандыру, автобус аялдамаларын орнату, заңсыз тасымалдаушылардың қызметі және кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Барлық келіп түскен өтінішке Марат Қарабаев толыққанды жауап берді. Кейбір мәселелер министрдің жеке бақылауына алынып, Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Автомобиль жолдары
01 декабря 2023
Ақылы автомобиль учаскесімен жол жүру ақысын төлемегені үшін айыппұл 8-ші күні салынады – Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын күнтізбелік 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салады.

Осы ретте төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және т.б.

8-ші күні «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК құрайды (2023 жылы 1 АЕК көлемі 3 450 теңгеге тең).

Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын уақтылы төлеуі қажет.

Сонымен бірге берешектері бар автокөлік иелерін тарифке сәйкес қарыздарын өтеуге шақырамыз.

Автомобиль жолдары
28 ноября 2023
Жол саласын қайта жаңғырту үшін Бюджет кодексіне 39 түзету дайындалып жатыр — Көлік министрі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көлік министрлігі автожол саласын реформалау бойынша жұмыстар кешенін жүргізіп жатыр. Аталған жұмысқа автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы және Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты жұмылдырылды.

Саланы реформалау шеңберінде 6 нормативтік құқықтық актіге - Бюджет кодексіне, «Автомобиль жолдары туралы», «Жол қозғалысы туралы», «Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу туралы» заңдарға 39 түзету енгізіледі.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Аталған түзетулер жол құрылысының сапасын және құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, саланы цифрландыруға, жол мамандарының білімі мен даярлығын жақсартуға бағытталған.

Сондай-ақ жылдың соңына дейін барлық автожол жобасында ФИДИК халықаралық қағидаттарын енгізу жоспарланып отыр. Ал 2024 жылдан бастап жаңа жобаларды іске асыру кезінде EPCM-келісімшарттар енгізіледі деп күтілуде.

Бұдан басқа, ҚазжолҒЗИ-мен отандық жол құрылысын қайта жүктеу мақсатында ғылымды дамыту және жаңа материалдар мен технологияларды енгізу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес 1200-ге жуық салалық нормативтік-техникалық құжатты оңтайландыру және қайта өңдеу жұмыстары жалғасуда.

«Қазір институт автожол саласына жаңа технологияларды енгізу бойынша зерттеулер жүргізуде. Жыл басынан бері 75 жаңа технология мен материалдар зерттелді. Оның 29-ы сынақтан өткізіліп, жобалау-сметалық құжаттамада пайдаланылса, 9-ы сынақтан өтуде, 37-сі зертханалық сынақтан өтуде. Жаңадан 19 патент алынды. ҒЗИ мамандарының қадағалауымен материалдар мен технологияларды сынау аясында 207 тәжірибелік учаске салынды», - деді Марат Қарабаев.

Автомобиль жолдары
28 ноября 2023
Жолдардың сапасына қатысты шағымдар ең алдымен жергілікті жердегі жолдарға қатысты - Көлік министрлігі

Сапаға жүргізілген сараптаманың нәтижелері көрсеткендей мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 млрд теңгеге қайта орналастыру жұмыстары жүргізілген

Жолдардың сапасы бойынша негізгі шағымдар жергілікті жердегі жолдарға қатысты деп атап өтті ҚР Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев автожол саласын дамыту мәселелері жөніндегі Үкімет отырысы барысында.

Жергілікті жолдарды нормативтік жағдайға келтіру үшін өткен жол-құрылыс маусымында жөндеу жұмыстарымен 4,2 мың км қамтылған, оның 3,6 мың шақырымы биыл аяқталып жатыр.

Жергілікті жолдарды жөндеуге 384 млрд теңге бөлінген, оның ішінде жергілікті бюджеттен барлығы 81 млрд (21%). Сонымен қатар кейбір аймақтар жолдардың жай-күйі бойынша төмен көрсеткіштерге ие бола отырып, жөндеу жұмыстарына ақша мүлдем бөлінбеген. Бұл Абай, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарына қатысты.

Сондай-ақ министр жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау сияқты маңызды факторға тиісті деңгейде көңіл бөлмейтін өңірлерді атап өтті.

«Сапа сараптамасымен жергілікті желінің 85% ғана қамтылған. Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында сараптамамен төмен қамту байқалады. Регламент бойынша объектілердегі жұмыстардың сапасын бақылау айына кемінде 4 рет жүргізілуі тиіс. Алайда Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында құрылыс маусымы барысында объектіге тек бір рет қана келіп, тексеру фактісі тіркелген», - деді Көлік министрлігінің басшысы.

Бүгінгі таңда Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жол-құрылыс материалдарының 27 мың сынамасын іріктеп алып, сынақтан өткізді. Нәтижесінде 2,9 мың сынама нормаларға сәйкес келмейтіні анықталды. Ендігі кезекте кемшіліктерді жою шаралары жүргізілуде. Осылайша мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 млрд теңгеге қайта орналастыру жұмыстары жүргізілген.

Аталған ескертулерге байланысты әкімдіктерге жолдардың жай-күйін жақсарту үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруды жоспарлап, құрылыс маусымы барысында жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптамамен толық қамту бойынша келісімшарттар жасасу ұсынылды.

Автомобиль жолдары
28 ноября 2023
Еліміздегі ақылы учаскелер бойынша жол жүру тарифтері ең төмен болып қала бермек – ҚР Көлік министрлігі

Еліміздегі ақылы учаскелер бойынша жол жүру тарифтері жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен болып қала бермек

Жыл сайын еліміздің автомобиль жолдарын күтіп ұстауға шамамен 60 млрд теңге қажет. Осыған байланысты, бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін Қазақстанда кезең-кезеңмен ақылы учаскелер енгізілуде. Қазір Қазақстанда 3,2 мың км ақылы жол бар. Биыл 11 айда олардан 26,5 млрд теңге түскен.

Келесі жылы ақылы учаскелердің үлесі 1,2 мың шақырымға ұлғаяды, ал 2029 жылға қарай автожолдарды реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталуына байланысты ақылы жүйе 11 мың шақырымды қамтиды деп жоспарланып отыр.

Көлік министрлігі ақылы жол жүйесі бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын, бұл ретте отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық негізде сатып алу мүмкіндігімен абоненттік төлем көзделгенін атап өтті.

«Қазақстандағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру тарифтері жақын және алыс шетелдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен болып табылады. Соңғы уақытта бізде транзиттік ағынның өсімі байқалуда, сондықтан жолдардың жөнделген учаскелерінің сақталуын қамтамасызету мақсатында жол ақысы ставкалары нарттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде», деді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметтің отырысында.

Автомобиль жолдары
28 ноября 2023
4 жолақты жолдардың көбеюіне байланысты жол техникасына деген сұраныс арта түсті – Көлік министрлігі

Жол-құрылыс маусымы аяқталуына қарай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ барлық күш-жігерін жолдарды қар мен мұздан тазарту жұмыстарына жұмсады. Жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау үшін 142 мың текше метр құм және 25 мың тонна техникалық тұз дайындалды, 1 870 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылды.

Айта кетерлігі, қайта құру нәтижесінде Қазақстанда 4 жолақты жолдардың үлесі өсіп келеді. Бұл өз кезегінде қысқы кезеңге арналған техника санын көбейтуді талап етеді.

Бұл міндетті орындау үшін «ҚАЖ» қосымша 379 жаңа машина сатып алды, оның ішінде 245-і өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы, 25-і жол ақысы есебінен және 109-ы амортизациялық аударымдар есебінен алынды.

«Алайда, осы уақытқа дейін 1,1 мың машинаға деген қажеттілік бар. Осыған байланысты өнеркәсіпті дамыту қорына жеңілдікпен кредит беру арқылы техникамен толықтыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының ақпараты бойынша, жыл сайын еліміздің жолдарын күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржыландыру талап етіледі.

Автомобиль жолдары
28 ноября 2023
Елімізде құрылысы ұзаққа созылған ірі жол жобалары аяқталып жатыр

Көлік министрлігінің өкілдері жол жөндеу жұмыстары аяқталған нысандардағы қызметкерлер мен мердігер ұйымдардың техникалары қайда жұмылдырылатыны туралы мәлімдеді

Биыл елімізде республикалық маңызы бар автожолдарды салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының үлкен көлемі жүзеге асырылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 6,5 мың км қамтылды, оның ішінде 3,6 мың км - құрылыс және реконструкциямен, 2,9 мың км - күрделі және орташа жөндеумен жұмыстарымен.

«Биыл жұмыстар 16 жоба шеңберінде жүргізілді, оның үшеуі БАКАД, Қандыағаш-Мақат және Үшарал-Достық. Халық тарапынан түскен шағымдарды ескере отырып, барлық күш-жігер құрылысы ұзаққа созылған 4-5 жыл бұрынғы негізгі жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Бұл Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань. Қазір бұл жобалар бойынша 923 км жол қозғалысы ашылды», деді Үкімет отырысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық жолдарды күрделі жөндеуге ерекше назар аударылды. Бүгінде Казталовка-Жәнібек және Өнеге-Бисен-Сайқын трассалары арқылы 245 км-ден 220-ға дейін жол жүру қамтамасыз етілген.

Өткен жол-құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Қазақстанда 2 мың шақырымға жуық республикалық жол толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Осылайша, нормативтік жағдайда республикалық маңызы бар жолдардың жалпы көлемі 92%-ға дейін өседі.

Министрдің айтуынша, жол-құрылыс жұмыстарының қарқыны келесі жылы да сақталады. Жұмыстармен республикалық желінің 5,3 мың шақырымы қамтылмақ.

«Біздің алдымызда басым жобаларды іске асыру бойынша үлкен міндеттер тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 8 мың шақырым жолды қайта жаңарту қажет. Жоғарыда айтылғандай, келесі жылы негізгі ірі жобалар аяқталады, құрылыс компанияларының техникасы мен жұмыс күші босатылады. Сондықтан 2024 жылдан бастап жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым басымдық берілетін негізгі жобалардың құрылысын кезең-кезеңімен бастайтын боламыз. Бұл міндетті шешу үшін сыртқы және ішкі көздерден қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», деді ведомство басшысы.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Сарыағаш қаласын айналып өту» және «Қарағанды – Жезқазған» жобалары бойынша Азия және Дүниежүзілік даму банктерінен қаражат тарту көзі анықталды. Қалған жобаларды іске асыру үшін дайындық жұмыстары басталды, қаржыландыру тетіктері айқындалды.

Ірі жобаларды бастау жол-құрылыс материалдарының, сондай-ақ құрылыс жабдықтары мен қосымша инженерлік персоналдың өндірісін ұлғайтуды талап етеді. Сондықтан жол битумының тапшылығын болдырмау үшін цемент-бетон жолдарына көшу және битум импорты жөнінде шаралар қабылданады, инертті материалдардың жаңа карьерлері зерделенеді, темір-бетон бұйымдарын өндіруді ұлғайту көзделеді. Сондай-ақкәсіби сертификаттауды енгізу басталды, ал келісімшарттарда мердігерлерде жол-құрылыс техникасының жеке паркінің болуы жөнінде нақты талаптар жазылады.

Сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыру кезіндегі маңызды мәселелердің бірі жер ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

«Бүгінгі таңда жобалар бойынша жерге қатысты бірқатар қиындық туындайды. Жеке меншіктен жерді қайтару процедуралары 3 жылға дейін созылады. Сондықтан әкімдіктерге осы сәттен бастап қажетті жерлерді резервке қоюға және оларды жеке меншікке беруге тыйым салу қажет», – деп атап өтті Көлік министрлігінің басшысы.

12 сентября 2023
ҚР Көлік министрі: Біздің басты міндетіміз – автожолдардың сапасы бойынша жағдайды жақсарту

Марат Қарабаев Алматы – Өскемен автожолының салынып жатқан учаскелеріне жұмылдырылған мердігерлермен көшпелі кеңес өткізді

ҚР Көлік министрі өңірлерге жасаған жұмыс сапары барысында Алматы қаласынан Өскеменге дейінгі автожолдардың құрылысы мен жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бағамдады.

Ведомство басшысы Шамалған станциясын айналып өту, «Сарыөзек-Көктал», «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық», «Қалбатау-Майқапшағай» және басқа да республикалық маңызы бар автожолдар учаскелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша жұмыстардың ілгерілеуін тексерді.

Марат Қарбаев учаскелердің мердігерлерімен үлкен жиын өткізіп, барлық проблемалық мәселе егжей-тегжейлі қаралды, сондай-ақ жаңадан құрылған министрліктің алдағы кезеңге арналған жоспарлары мен талаптары айтылды.

«Халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Сондықтан жеке Көлік министрлігі құрылды. Жаңа ведомство алдында тұрған міндеттер зор. Біз еліміздегі жолдардың сапасы бойынша жағдайды шұғыл түрде бақылауға алып, барынша жақсартуымыз керек. Сіздер «Қазавтожолмен» жұмыс істеуге дағдыланып қалғансыздар. Алайда қазір жұмыстың сапасы мен барынша жылдамдықты қамтамасыз ету үшін салалық министрлікпен тығыз жұмыс істеуге тура келеді», деді министр.

Марат Қарабаев кездесу барысында белгіленген мерзімдерден артта қалған мердігерлер үшін жағдайды өз қолдарына алып, қалыптасқан проблемаларды түпкілікті белгілеу үшін Көлік министрлігімен бірлесіп шешуге соңғы мүмкіндік бар екенін атап өтті.

«Әлбетте, сіздердің жағдайларыңызды түсінгім-ақ келеді. Оған қоса, жұмыс барысында халыққа өз пайдамды тигізуге тырысамын. Осы кездесуден кейін жағдай барынша жақсармаса, нақты шаралар қабылдайтын боламыз. Алдағы уақытта Қытай Халық Республикасының көлік және коммерция министрлерімен кездесемін деп жоспарлап отырмын. Ол жерде сіздердің тараптарыңыздан атқарылған қызмет сапасы бойынша міндетті түрде өз ойыммен бөлісетін боламын. Бұрынғыдай қолды қалтаға салып, бос жүретін уақыт жоқ. Сіздер күн-түн демей, құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін жолда болуларыңыз керек», деді министрлік басшысы.

Сондай-ақ Марат Қарабаев жол құрылысшыларын битумның қажетті көлемімен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешуге уәде берді. Сонымен бірге ол Қазақстанның автожол құрылысына қатысатын барлық отандық мердігер және шетелдік компаниялармен алдағы уақытта кездесу ұйымдастырылатынын айтты.

«Жаңа министр ретінде басты міндетім барлық республикалық жолдарды басып өтіп, автожолдардағы жағдайды бағамдау. Біз жылдамдық пен сапаға баса назар аударып отырмыз. Осы аптада орталық және оңтүстік өңірлерге бару жоспарда бар. Содан кейін 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс көлемін талқылау үшін әріптестерімізбен кездесу өткіземіз», деді М.Қарабаев.

Демалыс күндерін пайдаланып, көлік министрі «Қалбатау-Көкпекті» жол учаскесінде кеңес өткізіп, бас мердігермен қалыптасқан жағдайды талқылады, сонымен қатар жұмыс қарқынын ілгерілетуді тапсырды.

 

08 сентября 2023
Марат Қарабаев Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтеді

Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру үшін төрт облысты басып өтеді

Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында жария етті.

«Бүгін ведомство басшысы Алматы облысына келді. Ең алдымен Шамалған станциясының айналма жолының құрылысын және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді. Сондай-ақ министр «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысып, «Алматы – Қорғас» автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр», делінген жазбада.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министрлік басшысы Марат Кәрімжанұлы демалыс күндерін пайдаланып, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына да барады. Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтіп, министр аталған өңірлердегі жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексереді.

31 августа 2023
Цзянсу Ұлттық жол ғылыми-зерттеу орталығы ҚазжолҒЗИ базасында Қазақстан-Қытай зерттеу орталығын құруға ниетті

Астанада өткен кездесуде ҚР мен ҚХР жол ғалымдарының ынтымақтастығын одан әрі тереңдету перспективалары талқыланды

Цзянсу Ұлттық жол ғылыми-зерттеу орталығының басшылары мен ғалымдары елордасы Астана қаласына ат басын тіреді. Қазақстандық әріптестермен кездесуде көлік инфрақұрылымын жобалаудың жаңа әдістерін енгізу және негізгі зерттеу жобаларын іске асыру перспективалары талқыланды.

Шетелдік қонақтарға Қазақстандағы жалғыз жол ғылыми-зерттеу институтының негізгі қызметі, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері, сондай-ақ ҚазжолҒЗИ ғалымдарының соңғы әзірлемелері туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, жол битумының нанокөміртекті және өзге де инновациялық модификаторларының презентациялары таныстырылып, сондай-ақ сала мамандары, тас карьерлері, жаңа технологиялар мен материалдар, көпірлерді басқару жүйесі және цифрлық деректер базасын құру жөніндегі басқа да жобалар қонақтардың назарына ұсынылды.

Келіссөздер барысында «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті осы жылдың сәуір айында қазақстандық ғалымдардан құралған делегацияны қарсы алған Jiangsu Transportation Institute компаниясына алғыс білдіріп, ұзақ әрі жемісті ынтымақтастыққа ниетті екенін жеткізді.

«JSTI - жолдарды жобалау мен салуда, сондай-ақ жол-құрылыс саласының нормативтік-техникалық базасын реформалауда бай тәжірибесі бар көлік саласындағы жетекші Қытай ғылыми-зерттеу институты. Қазір JSTI Group Co Ltd әлемдегі үздік 150 инжинирингтік компанияның ішінде 56-шы орында. Аталған институтпен ұзақ уақыт бойы бірлесе жұмыс істеп келеміз. Кездесу барысында жаңа әзірлемелерді, технологиялар мен жабдықтарды сынақтан өткізуге болатын жаңа бірлескен пилоттық жобаларды талқылауға қашанда дайынбыз», деді Арман Әлібаева.

Бүгінгі таңда битумдарды жақсарту, жаңа жол-құрылыс материалдарын және озық зертханалық жабдықтарды жасау бойынша зерттеулер екі тарапты да қызықтырып отыр. Сонымен қатарҚытайдағы жол мамандарының өз біліктілігін міндетті түрде арттырып отыратыны төңірегіндегі тәжірибесі де асқан қызығушылық тудырып отыр. Осы ретте қазір мұндай бастаманы халық қалаулылары Парламентте қарап жатқандығын айта кеткен орынды.

JSTI басшылығы да өзара ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты. Өйткені Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының өте маңызды қатысушысы.

«Біздің орналасқан жеріміз, климаттық және басқа да ерекшеліктеріміз өзара ұқсас. Әлбетте, жол саласы үшін ыстық жаз және суық қыс үлкен проблема. Екі ел арқылы жүктердің белсенді транзиті жүріп жатыр. Сондықтан біз жолдардың бұзылуына қарсы күрес әдістерін бірлесіп әзірлей аламыз, сондай-ақ жол құрылысының сапасын бақылауды жақсарту үшін бірлесе жұмыс жасай аламыз»,деді кездесуде Jiangsu transportation Institute бас инженері, ұлттық озық жол материалдарын зерттеу орталығының директоры Чао Ронджи.

«Біз жұмыстың сапасы мен әлеуметтік мәселелерді, сондай-ақ құрылыстың құнын ескере отырып, жол құрылысы қағидаттарын құрудың дұрыс, теңдестірілген стратегиясын әзірлеуіміз керек. Бізде, ең алдымен, жаңа асфальтбетон қоспаларын әзірлеу, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы ынтымақтастық үшін көптеген ортақтақырыптар бар. Біз жол көлігі саласындағы стратегиялық мәселелерді бірлесіп шешу үшін ҚазжолҒЗИ базасында Қазақстан-Қытай зерттеу орталығын құруға ниеттіміз», деп толықтырды профессор.

Сондай-ақ сапар аясында шетелден келген қонақтар «ҚазжолҒЗИ» АҚ сынақ зертханасына, «ҚазАвтоЖол»ҰК ақылы жолдар дирекциясының дата-орталығы мен кеңсесіне барды.

Естеріңізге сала кетейік, отандық және қытайлық жол ғалымдарының ынтымақтастығы 2009 жылы басталған болатын. 2016 жылы тәжірибе алмасу мақсатында тиісті келісімге қол қойылды. 2023 жылдың сәуір айында ҚазжолҒЗИ делегациясының ҚХР-ға жасаған сапарыбарысында Jiangsu Transportation Institute-пен ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойылды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы