|
2024 жыл |
|
|
|
|
|
|
Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының
2024 жылғы 13 желтоқсандағы №03-47/18 қаулысымен бекітілген
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жетісу облысының ауыл шаруашылығы қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жетісу облысының ауыл шаруашылығы қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 6 шілдесінен бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына (осы Жарлық 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) сәйкес Алматы облысының құрамынан әкімшілік жолмен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандардың, Талдықорған және Текелі қалаларының облыс орталығы Талдықорған қаласында Жетісу облысы құрылды.
Облыста 19,2 мың агроөнеркәсіпкешені (бұдан әрі – АӨК) субъектісі (573 кәсіпорын, 18,2 мың ШҚ, 397 ЖК) жұмыс істейді және 85,4 мың ЖҚШ бар.
2022 жылдың қаңтар - қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 425 500 000 мың теңгені құрап, 1,3% - ға өсті (күтілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша – 51 000 000 млрд.теңге, НКИ-101,1%).
Облыстың АӨК дамыту үшін ағымдағы жылы 20 600 000 мың теңге бюджет қаражаты, оның ішінде субсидиялар – 19 100 000 мың теңге бағытталды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4457 мың га жер бар (егістік – 528,5 мың га, оның ішінде суармалы – 199,1 мың га, жайылым – 3698,3 мың га және шабындық – 126,6 мың га).
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 517,2 мың гектарға егілді немесе 2021 жылға қарай 1,7 мың гектарға ұлғайды.
Астықтың жалпы түсімі 6,6% - ға артып, 830,7 мың тоннаны құрады, тиісінше майлы дақылдар-6,2% және 203,6 мың тонна, жемістер - 45,7% және 41,1 мың тонна.
Қант қызылшасы 182,3 мың тонна көлемінде жиналды, оның 162,8 мың тоннасы Көксу қант зауытына тапсырылды.
Облыс қажеттілігі 67 мың тонна болғанда 252,3 мың тонна картоп өндірілді. 223,2 мың тонна көкөніс жиналды, оның ішінде пияз, сәбіз және қырыққабат көлемі 110,7 мың тоннаны құрайды, бұл облыс халқының қажеттілігін 2,6 есе (қажеттілік – 42 мың тонна) жабады.
Су шаруашылығында Ескелді (4262 га) және Ақсу (11500 га) аудандарында ИДБ желісі бойынша, Талдықорған қаласында (1500 га) Жұмыспен қамту жол картасы бойынша суару желілерін қайта жаңарту жүргізілуде. Облыстық бюджет есебінен Сарқан ауданының 12 каналында жөндеу жұмыстары жүргізілуде (2358 гектарға 3,7 млрд.теңге).
Сондай-ақ, республикалық бюджеттен Қызылағаш суару массивін (5300 га) салуға және Қаратал ауданының суару желілерін қайта жаңартуға (5950 га) 4,0 млрд.теңге бөлінді.
Су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы 4,2 мыңға кеңейтіліп, 8,0 мың гектарға жетті.
Мал шаруашылығында 540 мың бас ІҚМ (103,2%), 1,9 млн.бас ұсақ мал (101,9%), 183 мың бас жылқы (104,1%), 1,6 мың бас түйе (96,2%) және 2,4 млн. бас құс (101,7%) бар.
87,7 мың тонна барлық түрдегі ет (101,6%), 290 мың тонна сүт (107,3%) және 315 млн.дана жұмыртқа (89%) өндірілді.
111 мал шаруашылығы нысаны бар: 33 мың басқа арналған 76 бордақылау алаңы, 8,4 мың басқа арналған 36 сүт-тауар фермасы, қуаты 360 млн.дана жұмыртқа болатын 1 құс фабрикасы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді 150 кәсіпорын жүзеге асырады, тамақ өнімдерін өндіру 9,6% - ға (57,4 млрд.теңге) өсті.
Ағымдағы жылы құны 2 800 000 мың теңге болатын 12 инвестициялық жоба іске асырылып, 128 жұмыс орны ашылды.
АӨК дамыту перспективалары
АӨК саласында алдағы төрт жылға құны 38 300 000 мың теңге болатын 40 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды, атап айтқанда 1316 басқа 8 МТФ, сыйымдылығы 26 мың басқа арналған 23 бордақылау алаңын, қуаты 14 мың тонна "Каусар Агро" ЖШС құс фабрикасын және 2 қайта өңдеу кәсіпорнын ("Уыз Май" ЖШС ұн тарту кешені) іске қосу жоспарлануда Индустрия ("6 мың тоннаға,"Пак" ШҚ жем цехы).
2023 жылы Қызылағаш суару алабын салу, Көксу ауданының суару желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталады. Құны 22 000 000 мың теңге болатын Алакөл ауданының суару желілерін реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталады.
Нәтижесінде 4,5 мың гектар жаңа суармалы жерлер айналымға тартылады және 26,8 мың гектарға сумен жабдықтауды қалпына келтіру, жақсарту.
Жалпы, 2026 жылға қарай қант қызылшасын егу алаңын 2,5 есеге (6 – дан 15 мың гектарға дейін) ұлғайту, жалпы алымды 525 мың тоннаға (2021ж. - 280 мың тоннаға) дейін жеткізу көзделген. Қант зауыттары қызылша мен Қамысты өңдеу есебінен жыл бойы тиеліп, 190 мың тоннаға дейін қант өндіретін болады (қызылша зауыты – 61 мың тонна, қамыс зауыты – 129 мың тонна).
2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражаты бойынша 2 980 478,6 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.
Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 3 333 908,1 мың теңге.
Оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 613 389,8 мың теңге (бюджет есебіне қайтаруға жататыны 613 389,8 мың теңге);
2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 0 теңге;
3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 2 720 518,3 мың теңге;
4) Жіберіліп алған мүмкіндіктер, экономикалық шығындар – 2 009,8 мың теңге;
5) Жүйелі кемшіліктер – 4 дана;
6) Рәсімдік бұзушылықтар – 17 дана.
«Жетісу облысының ауыл шаруашылығы қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі аудиторлық іс-шарасымен келесі бұзушылықтар анықталды:
«Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- Басқарма):
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес Алматы облысының құрамынан әкімшілік жолмен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандардың, Талдықорған және Текелі қалаларының облыс орталығы Талдықорған қаласында Жетісу облысы құрылды.
Жетісу облысы әкімінің 2022 жылғы 27 маусымдағы №4 Қаулысының 1-қосымшасына сәйкес, «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды.
2022 жылдың қазан айында «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нен «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-не – 1 033 470,0 мың теңге кассалық көшіру жүргізілді.
Басқарманың 2022 жылға жасалған бюджеттік өтнімінде аудиторлық іріктеме негізінде аудитпен қамтылған бағдарламалар бойынша шығыстардың жиынтық есебі келесідей жоспарланған:
2022 жылдың соңына:
001 «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 85 760,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 85 642,4 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны – 22 574,0 мың теңге.
067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 216 112,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 149 106,8 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны – 152 720,0 мың теңге.
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 11 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қағидасының (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасау қағидасы) 12, 21 тармақтарының 2-қосымшасының талаптары сақталмай, 2022 жылға жасалған бюджеттік өтінімінде әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақыларына арналған шығыcтарды есептеу 01-111-нысанында жасалмаған.
Басқарманың 2023 жылға жасалған бюджеттік өтінімінде аудиторлық іріктеме негізінде аудитпен қамтылған бағдарламалар бойынша шығыстардың жиынтық есебі келесідей жоспарланған:
2023 жылдың соңына:
001 «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 391 588,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 338 772,7 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны - 84 666,3 мың теңге.
002 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 817 415,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 812 353,6 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны - 99 957,5 мың теңге.
006 «Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 3 664 367,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 3 661 645,6 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны - 643 971,9 мың теңге.
008 «Cаны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 461 973,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 460 818,5 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны – 71 098,9 мың теңге.
047 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2 233 108,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 2 232 893,1 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны - 496 953,6 мың теңге.
050 «Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу» бағдарламасы бойынша 3 161 769,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 3 161 768,9 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны - 767 203,3 мың теңге.
053 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 6 600 000,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 6 599 275,0 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны - 599 341,3 мың теңге.
057 «Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 992 220,0 мың теңге жоспарланған, нақты шығысталғаны 992 220,0 мың теңге, аудиторлық іріктеме жасалып, аудитпен қамтылғаны - 41 991,8 мың теңге (аудиторлық есептің 1-тармағы).
2-тармақ. Бюджеттік өтінімді жасау қағидасының 12, 21 тармақтарының 2-қосымшасының талаптары сақталмай, 2023 жылға жасалған бюджеттік өтінімінде әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақыларына арналған шығыcтарды есептеу 01-111-нысанында жасалмаған (аудиторлық есептің 2-тармағы)..
3-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Бюджет кодексінің» (бұдан әрі – Бюджеттік кодекс) 67-бабының 6-тармағының 1-1) және Бюджеттік өтінімді жасау қағидасының 8-тармағы 34-тармақшасының және 60-тармағының талаптары сақталмаған. Яғни, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы №295 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларының» 3-тармағы бұзылып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау туралы Басқарма басшысының бұйрығы шығарылмаған, сәйкесінше ресми көздерден алған деректердің мониторингін, талдау және салыстыру жүзеге асыралмаған, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігі айқындалмаған, бюджеттік субсидиялардың әрбір бағыты бойынша экономикалық әсерді айқындау нәтижелері туралы қорытынды дайындалмаған.
2023 жылдың бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық нәтижесін бағалауынсыз және осы шығыстарға есептеулер негіздемелерінсіз және шығыстардың әрбiр түрi бойынша ашып жазылмай, 002 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасының бюджеттік өтніміндегі аудитпен қамтылған - 99 957,5 мың теңге, 006 «Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасының бюджеттік өтніміндегі аудитпен қамтылған - 643 971,9 мың теңге, 008 «Cаны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасының бюджеттік өтніміндегі аудитпен қамтылған – 71 098,9 мың теңге, 047 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» бағдарламасының бюджеттік өтніміндегі аудитпен қамтылған - 496 953,6 мың теңге, 050 «Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу» бағдарламасының бюджеттік өтніміндегі аудитпен қамтылған -767 203,3 мың теңге, 053 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасының бюджеттік өтніміндегі аудитпен қамтылған - 599 341,3 мың теңге, 057 «Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау» - 41 991,8 мың теңге жалпы сомасы 2 720 518,3 мың теңге қаражаттар тиімсіз жоспарланған (аудиторлық есептің 3-тармағы).
4-тармақ. Басқармаға 255-067-015 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасына 2022 жылдың қазан айында 289 012,0 мың теңге қаржы қарастырылған.
Басқарма «Тапсырыс беруші» және «Angar stroi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Өнім беруші» арасында, 2022 жылы 1 желтоқсанда жалпы құны 66 976,0 мың теңге 2 (екі) дана «экскаватор-тиегішті (3-те1 нұсқалы)» сатып алуға №14 мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған. Шарттын 1-қосымшасына сәйкес шарт қазынашылық органдарында тіркеген күннен бастап тауарды 25 күнтізбелік күнде жеткізу міндеттелген.
Шарт қазынашылық органдарында 2022 жылы 2 желтоқсанда №6735519* хабарламамен тіркеліп, сәйкесінше экскаватор-тиегіштерді «Angar stroi» ЖШС-гі 2022 жылғы 27 желтоқсанға дейін жеткізілуі қажет болған.
Алайда, Басқарма тарапынан «Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау» басқарасына 2022 жылы 21 қарашада №43-01/207-И хат жолданып, кезекті маслихат отырысында 255-067-015 бағдарламасынан 72 900,0 мың теңгені азайтуды сұраған, сәйкесінше 2022 жылғы желтоқсан айында аталған қаржы кемітілген.
Өнім беруші, «Angar stroi» ЖШС-гі экскаватор-тиегіштерді 2022 жылғы 30 желтоқсанда №25 жүкқұжатымен Басқармаға жеткізген. Тауарларды қабылдап алғаны туралы Басқарма башысының орынбасары Б.К.Шампиков қол қойып, Басқарманың мөрімен жүкқұжатты қабылдағанын растаған.
Тауарды 3 (үш) күнге кешіктіріп жеткізгені үшін (27-30 желтоқсан аралығы) «Angar stroi» ЖШС бюджет есебіне 2023 жылы 12 қаңтарда №116 төлем шотымен 405,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын бюджетке төлеген.
Бірақ, қабылданып алынған техникларға төлейтін 66 976,0 мың теңгеге қаржыны Басқарма 2022 жылдың аяғында төлемей, мердігерге қарыз болып қалған (2022 жылы 21 қарашада №43-01/207-И хаты).
Өз кезегінде, «Angar stroi» ЖШС-гі тауарды 2022 жылы 30 желтоқсанда жеткізгенін атап көрсетіп, Басқарма тарапынан міндеттемелер орындалмағаны және жеткізілген тауарға тиесілі қаражат аудармағаны туралы 2023 жылы 13 ақпанда сотқа жүгінген және 2023 жылғы 24 наурыздағы №3313-23-00-2/228 сот шешімімен, «Angar stroi» ЖШС-тің талабы қанағаттандырылған.
Сот «Angar stroi» ЖШС пайдасына 66 976,0 мың теңге берешек қарызды және 2009,8 мың теңге мемлекттік баж төлемін бюджетке төлеуге Басқарманы міндеттеген (№3313-23-00-2/228 -1 атқару парағы).
Басқарма мердігерге қарызын төлеу үшін 2023 жылы қаржыны қайта сұратып, мердігерге 2023 жылдың шілдесінде төлеп берген.
Жетісу облысы әкімінің 26.05.2023 жылғы 26 мамырдағы №153 «Мүлікті өткізіп беру туралы» Қаулысының негізінде, экскаватор-тиегіштер «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ШЖҚ «Сарқанирригация» су шаруашылығының МКК-ның теңгеріміне өткізіліп берілген.
Осылайша, Бюджет кодекстің 4 бабының, 12 тармағының тиімділік қағидаты талаптары сақталмай, Басқарма тарпынан бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмей, жіберіліп алған мүмкіндіктер сомасы 2009,8 мың теңге ықтимал шығынадарға жол берілген (аудиторлық есептің 6-тармағы).
002 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша:
Субсидия төлеу барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары» басшылыққа алынған (бұдан әрі- №107 қағидалар).
5-тармақ. Өтінім субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкіметтің» веб-порталымен және аграрлық ахуалдық орталықпен өзара іс-қимыл жасасуға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің (өтпелі өтінімнің) субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығында беріледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалына 2024 жылы 9 қыркүйекте №21-03-43/1115-И хатпен Жетісу облысында тіркелген жер кадастырларына сәйкес өріс алаңын (га), жер түрін, мекен-жайын және меншік иесі туралы мәліметтерді беруге сұраныс жасалынды.
Сұранысқа, 2024 жылғы 16 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалынан №03-20-23-14/12401 хатпен жауап мәліметтер алынды.
Басқарманың 2023 жылғы 002 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша нақты сатып алынған тұқымдар үшін субсидиялар алудағы өтінімдеріне аудиторлық іріктеме жасалып, келесі 22 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өтінімдері аудитпен қамтылуы тиіс болған.
Алайда, №107 Қағидасының 2 тармақ 14 тармақшасының талабы сақталмай, аудит барысында аудиторлық іріктеме негізінде алынған 22 өтінімінің 12 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жалпы 48 825,0 мың теңгеге өтінім құжаттары туралы мәліметтер СМАЖ веб-порталында болмай шықты, сол себепті ол өтінімдерді аудитпен қарауға қол жетімсіздігі орын алып, жүйелік кемшіліктер анықталды. Басқарма тарапынан 2024 жылғы 4 қыркүйекте №29-07-01/794-И хатымен «ҚР ауыл шаруашылығы министірлігіне» СМАЖ веб-порталындағы 2023 жылғы өтінімдерді қалпына келтірілуін сұрап, хат жолданды. Осының салдарынан субсидя алушылар тарапынан бюджет қаражатын жымқыру тәуекел деңгейі жоғары (аудиторлық есептің 8-тармағы).
6-тармақ. 2023 жылғы 5 мамырдың 12 сағат 27 минутында №64549b720197664ff502b9bd бірегей номерлі өтінімімен, «Қызылшоқы» ЖШС-нен, егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған 220 тонна көлемінде «Терранова КВС» қант қызылшасы тұқымына 5 973,6 мың теңге субсидия төлеуге өтінімі түскен.
«Қызылшоқы» ЖШС-нің Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округіне қарасты жалпы 161 гектар жеріне – 1,4, 1,39, 1,3 тонна себу нормаларымен, 220 тонна тұқымына 1 тоннаға субсидиялар нормативі – 27 175 теңге нормасымен 5 978,5 мың теңге есептелген:
Басқарма тарпынан 2023 жылғы 5 мамырда субсидия тағайындау туралы хабарламамен «Қызылшоқы» ЖШС-нің «Халық Банк» АҚ-дағы KZ746017311000000874 KZT банк есепшотына 5 973,6 мың теңге аударылғанын хабарлаған.
2023 жылғы 5 мамырда 11 сағат 27 минутта №64548f8be1bc1a2a510cc805 бірегей номерлі өтінімімен «Қызылшоқы» ЖШС-нен, егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған 280 тонна көлемінде «Концертина КВС» қант қызылшасы тұқымына 7 605,1 мың теңге субсидия төлеуге қосарлас өтінім түскен.
«Қызылшоқы» ЖШС-нің Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округіне қарасты жалпы 198 гектар жеріне – 1,4, 1,47, 1,4 тонна себу нормаларымен 280 тонна тұқымына 1 тоннаға субсидиялар нормативі – 27 175 теңге нормасымен 7 605,1 мың теңге есептелген:
Басқарма тарпынан 2023 жылғы 5 мамырда субсидия тағайындау туралы хабарламасымен «Қызылшоқы» ЖШС-нің «Халық Банк» АҚ-дағы KZ746017311000000874 KZT банк есепшотына 7605,1 мың теңге аударылғанын хабарлаған.
Бюджет кодексінің 97 бабының, 3 тармағының және №107 Қағидасының 4 тарауының 53 тармағының талаптары сақталмаған, яғни бюджеттік субсидияларды аудару бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға аударылуы тиіс. Алайда, «Қызылшоқы» ЖШС-нің 24-260034-439 жер кадастіріндегі 38 га жер көлеміне екі өтінімдегі қорытындысымен себу нормасы бекітілген нормадан артық 1435,3 мың теңге субсидия негізсіз қайталанып төленген. Негізсіз бекітілген себу нормасынан артық қайталанып төленген субсидия бюджет есебіне қайтаруға жатады.
Басқарманың 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №29-07-01/873-И хатымен, «Қызылшоқы» ЖШС-не екінші рет қайталанып төленген 1 435,3 мың теңге субсидияны мемлекетке қайтару қажеттігін хабарлаған. Бұзушылықтың болу себебі, жер кадастірі бойынша бір жер көлеміне екі рет субсидия немесе бір жер көлеміне себу нормаларын артық төленген (аудиторлық есептің 9-тармағы).
7-тармақ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №03-20-23-14/12401 хатына сәйкес, «Қызылшоқы» ЖШС-нің өтініміндегі 24260034428 кадастірлі жер телімі 71 га жерінің меншік иесі Баймурзаев Кабидолда Акабекович, 24260034439 кадастірлі жер телімі 38 га жерінің меншік иесі Джаксылыкбаев Талгат Сайдуллаевич болып табылады. Яғни, ауылшартауарөндірушінің СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы нәтижесінде, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар екені расталмаған. Өтініміндегі жерлер бойынша, «Қызылшоқы» ЖШС-нің атына жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығы тіркелмеген.
Бюджет кодексінің 97 бабының, 3 тармағының және №107 Қағидасының 49 тармағының 4) тармақшасының талаптары сақталмай, бюджеттік субсидияларды аудару бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға аударылуы тиіс. Алайда, «Қызылшоқы» ЖШС-нің атына жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығы тіркелмеген 24260034428, 24260034439, кадастірлі жалпы жер телімі 109 га жеріне есептелген 4219,0 мың теңге субсидия негізсіз төленген.
Басқарманың құзыретінде субсидия алушылардың өтініміндегі көрсетілген жерлердің меншік иесін анықтау тетіктері Қағидамен қарастырылмаған. Осының салдарынан субсидия негізсіз төленген (аудиторлық есептің 10-тармағы).
8-тармақ. «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС-нен 2023 жылдың 5 маусымында, егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған «Пионер 0937» дәнді жүгері тұқымының 288 тоннасына 3 831,8 мың теңге субсидия төлеуге өтінім түскен.
«Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС-нің Панфилов ауданы Жаркент қаласына қарасты жалпы 288 гектар жеріне – 1 тонна себу нормаларымен, 288 тонна тұқымына 1 тоннаға субсидиялар нормативі – 13305 теңге нормасымен 3 831,8 мың теңге есептелген.
Басқарма тарпынан 2023 жылғы 12 маусымда субсидия тағайындау туралы хабарламасымен «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС-нің «Халық Банк» АҚ-дағы KZ796010311000017915 банк есепшотына 3 831,8 мың теңге аударылғанын хабарлаған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №03-20-23-14/12401 хатына сәйкес, «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС-нің өтінімінде көрсетілген 24262032492 кадастірлі 40 га жер телімінің меншік иесі «Бент» АҚ болып табылады. Яғни, ауылшартауарөндірушінің СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы нәтижесінде, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар екені расталмаған.
Бюджет кодексінің 97 бабының, 3 тармағының және №107 Қағидасының 49 тармағының 4) тармақшасының талаптары сақталмай, бюджеттік субсидияларды аудару бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға аударылуы тиіс. Алайда, «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС-нің атына жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығы тіркелмеген 24262032492 кадастірлі жер телімі 40 га жеріне есептелген 532,2 мың теңге субсидия негізсіз төленген.
Бұзушылықтың болу себебі, өтініміндегі жерге «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС-нің атына жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығы тіркелмеген (аудиторлық есептің 13-тармағы).
006 «Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша:
9-тармақ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өтінімдерін қарауда, аудитпен келесідей жүйелі кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда:
9.1. 2023 жылғы 17 қарашадағы басым дақылдарды өндіруге субсидия бөлу туралы «Самал» ШҚ-нан жалпы 56 га егістік жерінен 4026,1 тонна көлемінде қант қызылшасына 100 652,6 мың теңге субсидия төлеуге өтінімі түскен.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2023 жылы Жетісу облысында қант қылшасының өнімділігі 431,4 ц/га, яғни гектарына 43,1 тонна болған. Ал, «Самал» ШҚ-ның жалпы 56 га егістік жерінен 4026,1 тонна, яғни гектарына 71,8 тонна көлемінде қант қызылшасы жиналып, өткізілген. Бұл жерде қант қылшасының өнімділігі аномальды жоғары болып тұр.
9.2. 2023 жылғы 23 қарашада басым дақылдарды өндіруге субсидия бөлу туралы «Қыдырали» ШҚ-нан жалпы 74 га егістік жерінен 5550,4 тонна көлемінде қант қызылшасына 138 760,8 мың теңге субсидия төлеуге өтінімі түскен.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2023 жылы Жетісу облысында қант қылшасының өнімділігі 431,4 ц/га, яғни гектарына 43,1 тонна болған. Ал, «Қыдырали» ШҚ-ның жалпы 74 га егістік жерінен 5550,4 тонна, яғни гектарына 75 тонна көлемінде қант қызылшасы жиналып, өткізілген. Бұл жерде қант қылшасының өнімділігі аномальды жоғары болып тұр.
9.3. 2023 жылы 26 қарашада басым дақылдарды өндіруге субсидия бөлу туралы «Құрақты» ПСК-нан жалпы 20 га егістік жерінен 3320,8 тонна көлемінде қант қызылшасына 83 020,9 мың теңге субсидия төлеуге өтінімі түскен.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2023 жылы Жетісу облысында қант қылшасының өнімділігі 431,4 ц/га, яғни гектарына 43,1 тонна болған. Ал, «Құрақты» ПСК-ның жалпы 20 га егістік жерінен 3320,8 тонна, яғни гектарына 166 тонна көлемінде қант қызылшасы жиналып, өткізілген. Бұл жерде қант қылшасының өнімділігі аномальды жоғары болып тұр. Осының салдарынан төленген субсидяларды жымқыру тәуекел деңгейі жоғары (аудиторлық есептің 29, 32, 35 тармақтары).
10-тармақ. «Алаколь-Агро» ЖШС субсидия сомасы 245 054,4 мың теңге.
«Алаколь-Агро» ЖШС (Тапсырыс беруші) мен «Aspan Energi kz» ЖШС (Орындаушы) арасында, ұңғымалардан айналмалы суару машиналарына су беру үшін суару жүйесін салу жұмыстарын жүргізуге 2022 жылғы 8 желтоқсанда 490 108,8 мың теңгеге №3/22 шарт жасалған.
Қаржы қаражатының көзі «BNK Leasing» ЖШС-гі есебінен инвестиция сомасы 490 108,8 мың теңгені құраған.
«Алаколь-Агро» ЖШС (қарыз алушы) «BNK Leasing» ЖШС (қарыз беруші) және «Aspan Energi kz» ЖШС (Орындаушы) арасында үш жақты 2023 жылы 13 қаңтарда №1 қарыз шарты 490 108,8 мың теңгеге жасалған.
Инвестициялық жоба мақсаты инфрақұрылым салу және суару жүйесіне дейін су беру. Жобаның қуаты №24-255-007-217 кадастірлі жер телімі 614 гектарға орналасқан.
Нысан 2023 жылғы 26 сәуірдегі пайдалануға қабылдау актісімен қабылданған.
«Алаколь-Агро» ЖШС-нен 2023 жылғы 21 шілдеде «Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту» №11 бағыттың паспорт жобасы бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған екінші кезең үшін 245 054,4 мың теңгеге өтінім түскен. Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі-50% пайыз.
Аталған жоба бойынша «Алакөл Агро» ЖШС-нің директоры Е.У.Турехановтың түсініктемесінен, нысанның доңғалақ электроқозғалтқыштары, кабельдер, приборлар, трансформатор тетіктері ұрланып, нысан 2024 жылы мүлдем қолданбағанын мәлімдеді.
«Алакөл Агро» ЖШС-нің заңгері Ж.Сеитов, аудит барысында 614 га. жер бойынша «Суару жүйесінің электр сымдары мен электрқозғалтқыштары ұрланғаны туралы» 2023 жылы 25 қыркүйектегі арыз тіркелгені туралы Алакөл ауданының полиция бөлімінің №34035003201 талон-хабарламасын берді. Аудитке ұсынылған талон-хабарламасының Алакөл ауданының полиция бөлімінде шынайы тіркелгендігі туралы мәліметті алуға мүмкіндік болмады.
Сонда, жоғарыда баяндалған мәліметтерді ескерсек, егер жабдықтар 2023 жылы 25 қыркүйекте ұрланған болса, жұмыс жасамайтын жобаға 2023 жылғы 28 желтоқсанда жұмыс органының (Басқарма – жұмыс органы болып табылады) қарап-тексеру актісі формальды жасалып, «Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту» жобасына жұмыс органы инвестициялық субсидияларды беруге негізсіз оң шешім шығарғанын көрсетеді.
Басқарманың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы Б.Ж.Солтангуловтың 2024 жылғы 1 қазандағы түсініктемесінен, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің басшысы Н.Амировты «Алаколь-Агро» ЖШС-нің 245 054,4 мың теңге және 362 148,9 мың теңге бойынша нысандарына өз автокөлігімен алып барып, жолдың бойында қалған. Н.Амиров «Алаколь-Агро» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, нысанды көруге өзі барған. Ал, Б.Ж.Солтангулов нысандарды өз көзімен көрмегенін және қарап-тексеру актісіне қол қоймағандығын, Басқарма басшысы Н.Кененбаевтың да қарап-тексеруге онымен бармағандығын баяндаған.
Аудит барысында берілген Басқарма башысы Н.С. Кененбаевтың түсініктемесінен, аталған нысан бойынша қарап-тексеру актісін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бұрынғы басшысы Н.Амиров пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы Б.Ж.Солтангулов жүргізгендерін баяндаған. Басқарма басшысы өзінің қарап-тексеруге қатыспағанын баяндады.
Соған қарамастан, Басқарма тарапынан жұмыс органы басқарма басшысы Н.С. Кененбаев және құрамында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы Б.Ж.Солтангулов қарап-тексеру актісімен инвестициялық жоба талаптарға сәйкес деп, 2023 жылы 28 желтоқсанда шешім қабылдаған.
Қабылданған шешім нәтижесі бойынша 2023 жылы 28 желтоқсанда, Қазақсан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының» (бұдан әрі- №317 қағидалар) 32 тармағына сәйкес, Басқарма мен «Алаколь-Агро» ЖШС арасында инвестициялық субсидиялау шарты және сатып алынатын техниканы, машиналар мен жабдықтарды мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімі жасалып, 2024 жылы 1 наурызда қаржы институты «BNK Leasing» ЖШС-нің арнайы шотына 245 054,4 мың теңге аударылған.
Мамандар тобы № 317 Қағидасының 1-тарауы 4 тармағының талабын сақтамаған, жобаның паспорты бойынша құжаттарды тексеруді, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін, сатып алынған жабдықтың жобалардың паспорттарында көзделген шарттарға сәйкестігін қарап-тексеруді, сондай-ақ белгіленген жабдықтың бар-жоғын, өндірістік қуаттардың жүктелуіне қолжеткізілудің қарап-тексеру актісін формальді түрде жасаған. Себебі, 2023 жылғы 28 желтоқсанда жасалған қарап-тексеру актісінде, жобаның жұмыс істеп тұрғаны фото және бейнематериалдарымен расталмаған (аудиторлық есептің 66-тармағы).
11-тармақ. Басқарма тарапынан №317 Қағидасының 3-тарауы 28-тармағының талабы сақталмай, СМАЖ-да мамандар тобының қарап-тексеру актісінің негізінде немесе инвестициялық жобаның ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтамай, инвестициялық субсидияларды беруге негізсіз оң шешім шығарған. Яғни, қарап-тексеру актісі формальды жасалып, жұмыс органы 245 054,4 мың теңге инвестициялық субсидияларды негізсіз төленген.
Аудитпен нысанды бақылау өлшемімен тексеріп қарау негізінде, нысан іске қосылмағаны және пайдалануға беру актісі формальді жасалғаны байқалады. Атап айтқанда, «Алакөл Агро» ЖШС-гі тереңдігі 500 м дейінгі 5 (бес) дана ұңғымаларды, су алу жүйесіне дейінгі су алу, су беру құрылғыларын және су сорғыларды көрсете алмады. Электр желілері бойынша нысан электр желілеріне қосылмаған және электр есептегіштері орнатылмағаны көрінді. Суару жүйелерінің барлығында доңғалақ электроқозғалтқыштары жоқ. Осының салдарынан нысан бүгінгі күнге қолданылмай тұрғаны анықталды (аудиторлық есептің 67-тармағы).
12-тармақ. Басқарма тарапынан №317 Қағиданың 7-тарауының 38- тармағының 3), 5) тармақшаларының талаптары сақталмай, Қағиданың 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жылына кемінде 1 (бір) рет құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау жүзеге асырылған инвестициялық жобалар бойынша бизнес-жоспарға сәйкес өндіргіштігі және/немесе өнімділігі және/немесе өнімді өткізу және/немесе өндірістік қуаттылықтар жүктемесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуіне, жылына кемінде 1 (бір) рет негізгі немесе қайталама қызмет түрі тиісті қызметтің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) бөлімдеріне жататын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге инвестордың іс-әрекеті/әрекетсіздігіне мониторинг функцияларын жүзеге асырылмаған.
№ 317 Қағиданың 7-тарауының 39 тармағының талаптары сақталмай, Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген мониторинг шарттарын орындау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілгені туралы есепті қалыптастыру үшін сұратылатын ақпараттың тізбесін СМАЖ-ға жолдау арқылы қажетті ақпаратты сұратпаған.
Инвестордың сұратылған ақпаратты көрсетілген мерзімдерде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынбауы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық субсидиялауды тоқтату және төленген инвестициялық субсидияларды қайтаруды талап ету туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады (аудиторлық есептің 68-тармағы).
(Анықтама ретінде, № 317 Қағидасының 2-Қосымшасының №11 жоба паспортында Инвестициялық салымдарды өтеу үлесін есептеп анықтауына мән берсек, қуаттылықтың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін барынша 1га рұқсат етілетін құн 800 000 теңге. Яғни, 614 га*800 000 тг = 491 200,0 мың теңгеге дейін рұқсат етілген. Ал, жоба құны 490 108,8 мың теңгені құрағанын ескерсек. Сонда жобаның құнын барынша рұқсат етілген соммаға жеткізілген. Демек, бұл жобаның мақсаты барынша субсидия сомасын ұлғайтып, субсидияны шығару болып тұр.
Сонымен қатар, «Алаколь-Агро» ЖШС-не «24255007217» кадастірлі жер телімі 614 га жеріне «Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ-нен бірінші кезеңінде лизингтік негізде айналмалы әсер ететін жаңбырлатқыш машинаны субсидиялауға 2022 жылдың 30 мамырында 216 000,0 мың теңге төленген.
Қорытындылай келе, «Алаколь-Агро» ЖШС-не 2022 жылы жабдықтар сатып алуға - 216 000,0 мың теңге, 2023 жылы инфраструтураға - 245 054,4 мың теңге осы нысан бойынша жалпы барлығы 461 054,4 мың теңге мемлекеттік субсидия төленген.
Анықтама ретінде, осындай жобаларды салып беретін «KazGROW» компаниясының осы 614 га жер теліміне коммерциялық ұсынысын ескерсек, жоба құны 244 522 АҚШ долларын құраған. Яғни, бүгінгі күнге осы жобаны 117 370,5 мың теңгеге салуға болар еді және мемлекеттің субсидиялау үлесі 58 685,2 мың теңге ғана болар еді. Сонда аталған жобаның құнын «Алакөл Агро» ЖШС-гі барынша негізсіз ұлғайтқаны байқалады.)
13-тармақ. Алаколь-Агро» ЖШС субсидия сомасы 362 148,9 мың теңге.
Алаколь-Агро» ЖШС (Тапсырыс беруші) мен «Aspan Energi kz» ЖШС (Орындаушы) арасында резервуардан айналмалы жаңбырлатқыш машиналарына су беру үшін, суару жүйесін салу жұмысын жүргізуге 2023 жылы 20 шілдеде 724 297,8 мың теңгеге №22/23 қызмет көрсету шарты жасалған.
Қаржы қаражатының көзі «BNK Leasing» ЖШС-гі есебінен инвестиция сомасы 724 297,8 мың теңгені құраған.
Алаколь-Агро» ЖШС (қарыз алушы), «BNK Leasing» ЖШС (қарыз беруші) және «Aspan Energi kz» ЖШС (Орындаушы) арасында 2023 жылы 7 тамызда жылы үш жақты №7 қарыз шарты 724 297,8 мың теңгеге жасалған.
Инвестициялық жоба мақсаты инфрақұрылым салу және суару жүйесіне дейін су беру. Жобаның қуаты №24-255-050-103 кадастірлі жер телімі 1100 гектар.
Нысанды 2023 жылы 11 тамызда пайдалануға қабылдау актісімен қабылданған.
«Алаколь-Агро» ЖШС-нен 2023 жылдың 29 тамызында «Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту» №11 жобасының паспорты бағыты бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған екінші кезең өтінімі 362 148,9 мың теңгеге түскен. Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі-50%.
Аталған жоба бойынша нысан 2023 жылдың тамызында пайдалануға берілгенін ескерсек. Яғни, нысан 2023 жылы суару маусымы аяқталған уақытта беріліп, жыл соңына дейін қолданылмағаны көрінеді. Ал, «Алакөл Агро» ЖШС-нің директоры Е.У. Турехановтың түсініктемесінен, аталған нысанның доңғалақ электроқозғалтқыштары, кабельдер, приборлар, трансформатор тетіктері ұрланып, нысан 2024 жылы мүлдем қолданбағанын айтқан. «Алакөл Агро» ЖШС-нің директоры Е.У. Турехановтың 1 100 га жері бойынша аудитке ұсынған арыз және талон-хабарламасы (полиция бөлімінің) көшірмелерінің мерзімі 2023 жылдың 1 наурызынан 2024 жылға 1 наурызы мерзіміне қолмен түзетілгені байқалады. Аудитке ұсынылған №243334035000541 талон-хабарламасының Алакөл ауданының полиция бөлімінде нақты тіркелгендігі туралы мәліметті алуға мүмкіндік болмады.
Сонда, жоғарыда баяндалған мәліметтерді ескерсек, егер жабдықтар 2023 жылға 1 наурызға дейін (шынымен) ұрланған болса, 2023 жылғы 1 тамызда пайдалануға беру актісі формальді жасалғаны және 2023 жылғы 28 желтоқсандағы жұмыс органының қарап-тексеру актісі формальды жасалып, «Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту» жобасының іске аспағанына қарамастан, жұмыс органы инвестициялық субсидияларды беруге негізсіз оң шешім шығарған.
Басқарманың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы Б.Ж.Солтангуловтың 2024 жылғы 1 қазандағы түсініктемесінен, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің басшысы Н.Амировты «Алаколь-Агро» ЖШС-нің 245 054,4 мың теңге және 362 148,9 мың теңге бойынша нысандарына өз автокөлігімен алып барып, жолдың бойында қалған. Н.Амиров «Алаколь-Агро» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, нысанды көруге өзі барған. Ал, Б.Ж.Солтангулов нысандарды өз көзімен көрмегенін және қарап-тексеру актісіне қол қоймағандығын, Басқарма басшысы Н.Кененбаевтың қарап-тексеруге онымен бармағандығын баяндаған.
Аудит барысында берілген Басқарма башысы Н.С. Кененбаевтың түсініктемесінен, аталған нысан бойынша қарап-тексеру актісін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бұрынғы басшысы Н.Амиров пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы Б.Ж.Солтангулов жүргізгендерін баяндаған. Басқарма басшысы өзінің қарап-тексеруге қатыспағанын баяндады.
Соған қарамастан, Басқарма тарапынан (жұмыс органы) басқарма башысы Н.С. Кененбаев және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы Б.Ж.Солтангулов құрамында қарап-тексеру актісімен инвестициялық жоба талаптарға сәйкес деп 2023 жылы 28 желтоқсанда шешім қабылдаған.
Қабылданған шешім нәтижесі бойынша 2023 жылы 28 желтоқсанда №317 Қағиданың 32 тармағына сәйкес, Басқарма мен «Алаколь-Агро» ЖШС арасында инвестициялық субсидиялау шарты және сатып алынатын техниканы, машиналар мен жабдықтарды мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімі жасалып, 2024 жылы 1 наурызда қаржы институты «BNK Leasing» ЖШС-нің арнайы шотына 362 148,9 мың теңге аударылған.
№317 Қағидасының 1-тарауының 4 тармағының талабы сақталмай, мамандар тобы жобаның паспорты бойынша жобаның паспортында көзделген шарттарға сәйкестігіне құжаттарды тексеруді, инвестордың объектісін, сатып алынған жабдықты қарап-тексеруді міндетті түрде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса отырып, сондай-ақ өндірістік қуаттылықтар жүктемесіне қол жеткізуге қарап-тексеру актісін формальді түрде ғана жасаған. Себебі, қарап-тексеру актісі 2023 жылы 28 желтоқсанда жасалып, жобаның жұмыс істеп тұрғанына фото және бейнематериалдарымен расталмаған (аудиторлық есептің 70-тармағы).
14-тармақ. Басқарма тарапынан №317 Қағидасының 3-тарауы 28-тармағының талабы сақталмай, СМАЖ-да мамандар тобының қарап-тексеру актісінің негізінде немесе инвестициялық жобаның ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтамай, инвестициялық субсидияларды беруге негізсіз оң шешім шығарған. Яғни, қарап-тексеру актісі формальды жасалып, жұмыс органы 362 148,9 мың теңге инвестициялық субсидияларды негізсіз төленген.
Аудитпен нысанды бақылау өлшемімен тексеріп қарау негізінде, аталған нысан іске қосылмағаны және пайдалануға беру актісі формальді жасалғаны байқалады. Атап айтқанда, суару жүйелерінің барлығында доңғалақ электроқозғалтқыштары жоқ. Осының салдарынан нысан бүгінгі күнге қолданылмай тұрғаны анықталды (аудиторлық есептің 71-тармағы).
15-тармақ. Басқарма тарапынан № 317 Қағиданың 7-тарауының 38 тармағының 3), 5) тармақшаларының талаптары сақталмай, осы Қағидалардың 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жылына кемінде 1 (бір) рет құрылыс-монтаждау жұмыстарын субсидиялау жүзеге асырылған инвестициялық жобалар бойынша бизнес-жоспарға сәйкес өндіргіштігі және/немесе өнімділігі және/немесе өнімді өткізу және/немесе өндірістік қуаттылықтар жүктемесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуіне, жылына кемінде 1 (бір) рет негізгі немесе қайталама қызмет түрі тиісті қызметтің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) бөлімдеріне жататын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге инвестордың іс-әрекеті/әрекетсіздігіне мониторинг функцияларын жүзеге асырмаған.
№ 317 Қағиданың 7-тарауының 39 тармағының талаптары сақталмай, Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген мониторинг шарттарын орындау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілгені туралы есепті қалыптастыру үшін сұратылатын ақпараттың тізбесін СМАЖ-ға жолдау арқылы қажетті ақпаратты сұратпаған.
Инвестордың сұратылған ақпаратты көрсетілген мерзімдерде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынбауы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық субсидиялауды тоқтату және төленген инвестициялық субсидияларды қайтаруды талап ету туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады (аудиторлық есептің 72-тармағы).
(Анықтама ретінде, № 317 Қағидасының 2-Қосымшасының №11 жоба паспортында Инвестициялық салымдарды өтеу үлесін есептеп анықтауына мән берсек, қуаттылықтың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін барынша 1гектарға рұқсат етілетін құн 800 000 теңге. Яғни, 1100 га*800 000 тг = 880 000,0 мың теңгеге дейін рұқсат етілген. Ал, жоба құны 724 297,8 мың теңгені құраған. Сонда жобаның құнын барынша рұқсат етілген соммаға жеткізілген. Демек, бұл жобаның мақсаты барынша субсидия сомасын ұлғайтып, субсидия алу болып тұр.
Сонымен қатар, «Алаколь-Агро» ЖШС-не «24255050103» кадастірлі жер телімі 1100 га жеріне «Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы» ММ-нен бірінші кезеңінде лизингтік негізде айналмалы әсер ететін жаңбырлатқыш машинаны субсидиялауға 2022 жылдың 30 мамырында 360 000,0 мың теңге төленген.
Қорытындылай келе, «Алаколь-Агро» ЖШС-не 2022 жылы жабдықтар сатып алуға - 360 000,0 мың теңге, 2023 жылы инфраструтураға - 362 148,9 мың теңге жалпы осы нысан бойынша барлығы 722 148,9 мың теңге мемлекеттік субсидия төленген.
Анықтама ретінде, осындай жобаларды салып беретін «KazGROW» компаниясының осы 1100 га жер теліміне коммерциялық ұсынысын ескерсек, жоба құны 993 762 АҚШ долларын құраған. Яғни, бүгінгі күнге осы жобаны 477 005,7 мың теңгеге салуға болар еді және мемлекеттің субсидиялау үлесі 238 502,8 мың теңге ғана болар еді. Сонда аталған жобаның құнын «Алакөл Агро» ЖШС-гі барынша негізсіз ұлғайтқаны байқалады.)
«Жетісу облысының дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» нысаналы индикаторларына қол жеткізуі.
«Жетісу облысын дамыту бағдарламасы» Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 12-35 шешімімен бекітілген.
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2022 жылға даму бағдарламасының 2-ші мақсатында, 4 макроиндикатор, 11 нысаналы индикаторларға, 3-ші мақсатында, 1 макроиндикатор, 5 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қарастырылған. Соның ішінде қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлар:
16-тармақ. «Жоғары сапалы тұқым сатып алуды субсидиялау көлемінің өсуі есебінен 1,2 есе ұлғайту» индикаторына қол жеткізілмеген. Басқарманың даму бағдарламасында 2022 жылға 104,2% жеткізу жоспарланып, нақты 103,5% орындалған.
Индикаторға қол жеткізбеу себебі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 10 қазандағы №317 бекіткен АӨК бойынша ұлттық жоба көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне сәйкес сатып алынған тұқымдардың көлемі тоннамен ескеріледі, бұл ретте ағымдағы жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлері (бұдан әрі – АШТӨ) тұқымдарды негізінен егіс бірліктерінде сатып алынған (аудиторлық есептің 76-тармағы).
17-тармақ. «Минералды тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау көлемінің өсуі есебінен 1,4 есе ұлғайту» индикаторына қол жеткізілмеген. Басқарманың даму бағдарламасында 2022 жылға 99,8% жеткізу жоспарланып, нақты 70,4% орындалған.
Орындалмау себебі минералды тыңайтқыштар көлемінің азаюы, олардың сатып алу құнының қымбаттауына байланысты болған (аудиторлық есептің 77-тармағы).
18-тармақ. «Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемін ұлғайту» индикаторына қол жеткізілмеген. Басқарманың даму бағдарламасында 2022 жылға 28 300 000 мың теңгеге жеткізу жоспарланып, нақты 14 400 000 мың теңгеге орындалған.
2022 жылы 3 200 000 мың теңге сомасына 15 инвестициялық жоба іске асырылған, 9 000 000 мың теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Екі инвестициялық жоба 2023 жылға өтпелі болғандықтан, жоспар орындалмаған (аудиторлық есептің 78-тармағы).
19-тармақ. «Тамақ өнімдерін өндіруге негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемін ұлғайту» индикаторына қол жеткізілмеген. Басқарманың даму бағдарламасында 2022 жылға 2 100 000 мың теңгеге жеткізу жоспарланып, нақты 1 900 000 теңгеге орындалған.
2022 жылы азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына 1 900 000 мың теңге тартылған, қуаттылығы жылына 1300 тонна қызылша целлюлозасын қайта өңдеу бойынша «Құрақты» ПСК нысаны салынған. Сонымен қатар, облыс көлемінде азық-түлік өндірісін дамытуға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде (аудиторлық есептің 79-тармағы).
«Жетісу облысын дамыту бағдарламасы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсанындағы № 11-65 шешімімен бекітілген. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2023 жылға даму бағдарламасының 2-ші мақсатында, 4 макроиндикатор, 11 нысаналы индикаторларға, 3-ші мақсатында, 1 макроиндикатор, 5 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қарастырылған. Соның ішінде қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлар:
20-тармақ. «АӨК өнімі экспортының жалпы көлеміндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 69 % ұлғайту» индикаторына қол жеткізілмеген. Басқарманың даму бағдарламасында 2023 жылға 69% жеткізу жоспарланып, нақты 59,8% орындалған.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 26,2 млн АҚШ доллары сомасыда АӨК өнімі шетелге экспортталған. Оның ішінде қайта өңделген өнім 15,7 млн АҚШ доллары немесе 59,8%.
Орындалмау себебі 2023 жыл ішінде енгізілген шектеуге және әкетуге тыйым салуға немесе бұрын енгізілген тыйымдар мен шектеулерді ұзартуға байланысты болған (аудиторлық есептің 80-тармағы).
21-тармақ. «Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жер көлемі үлесін 10,2 мың га ұлғайту» индикаторына қол жеткізілмеген. Басқарманың даму бағдарламасында 2023 жылға 10,2 мың га ұлғайту жоспарланып, нақты 9,3 мың га орындалған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша кепіл мүлкі құнының жетіспеушілігіне және қажетті жабдықты сатып алу үшін айналым қаражатының болмауына байланысты су үнемдеу технологияларын қолдану алаңы 9,3 мың га құрады (аудиторлық есептің 81-тармағы).
22-тармақ. «Алма өндірісін 25,0 мың тоннаға ұлғайту» индикаторына қол жеткізілмеген. Басқарманың даму бағдарламасында 2023 жылға 25,0 мың тоннаға ұлғайту жоспарланып, нақты 21,2 мың тоннаға орындалған.
Қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты жеміс ағаштарының гүлдену кезеңінде 2023 жылы 21,2 мың тонна өндірілді (аудиторлық есептің 82-тармағы).
Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің жоспарлануы және орындалуы:
«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (бұдан әрі - №195 Бұйрық) сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы жергілікті бюджет шығыстарының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.
23-тармақ. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерін, бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін қамтиды.
Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары мен штат санының лимиттері өзгерген жағдайларда бюджетті түзетуге байланысты тиісті бюджеттік бағдарламалар өткізу актісі мен бөлу теңгеріміне сәйкес олардың қаржыландыру көлемдері, нәтижелер көрсеткіштері мен бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсері көрсеткіштерінің өзгеруімен қайта бекітіледі.
Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес Басқарма басшысы Н.Кененбаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсанда №47-б н/қ бұйрығы негізінде 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілген.
Алайда, Бюджет кодексінің 32-бабының 2, 4-тармақтарының талабы және № 195 бұйрығының 18 тармағының талабы сақталмай, 2022 жылдың 001 бюджеттік бағдарламасы жасақталмаған (аудиторлық есептің 83-тармағы).
24-тармақ. Басқарма 2022 қаржы жылындағы есепті кезеңіне «Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен (бұдан әрі – №629 нұсқаулық) бекітілген «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» нұсқаулығын басшылыққа алған.
Нұсқаулықтың әзірлену мақсаты республикалық және жергілікті бюджеттерді тиімді атқару мақсатында бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мониторинг рәсімдерін жүйелеу, сондай-ақ бюджет түсімдерінің атқарылуын қадағалап отыру болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп 2022 қаржы жылындағы есепті кезеңіне.
Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы: 001 «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».
Бюджеттiк бағдарламаның түрi: облыстық.
Мазмұнына қарай: Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Іске асыру тәсiлiне қарай: жеке.
Ағымдағы/даму: ағымдағы.
Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекттік саясатты іске асыруда мемлекттік қызметшілерді қолдау.
Бюджеттік бағдарламалардың сипаты: Қызметшілерге еңбекақы төлеу, салық төлеу, іс-сапар шығындарын төлеу, басқарманы ұстау, бухгалтерлік есеп және мүліктік есеп жүргізу.
|
Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар |
Өлшем бірлігі |
Жоспар |
Іс жүзiнде |
Ауытқуы (4-баған - 3-баған) |
Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған/ 3-баған х100) |
Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» |
мың теңге |
85 760,0 |
85 642,4 |
-117,6 |
99,9 % |
Нәтижеге қол жеткізілген |
|
Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны |
мың теңге |
85 760,0 |
85 642,4 |
-117,6 |
99,9 % |
|
|
Бюджеттiк бағдарламаның тікелей нәтижесі |
адам |
12 |
11 |
-1 |
99,9 % |
Нәтижеге қол жеткізілген |
№629 нұсқаулығының 50-тармағының 2), 3), 4) тармақтарының талаптары орындалмай, түсіндірме жазбасында бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы мәліметтер толық ашылып көрсетілмеген (аудиторлық есептің 84-тармағы).
25-тармақ. 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Облысқа қарасты ирригациялардың жай-күйін жақсарту.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:: Облысқа қарасты ирригацияларға қажетті техникалық жабдықтарын сатып алу.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары.
|
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
Өлшем бірлігі |
Есепті жыл |
Ағымдағы жылдың жоспары |
Жоспарлы кезең |
||
|
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
||
|
Ведомстволық бағыныстағы мемлекттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары |
Мың теңге |
|
216 112,0 |
|
|
|
|
Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
Мың теңге |
|
216 112,0 |
|
|
|
|
Қажетті техникалар сатып алу
|
|
|
7 |
|
|
|
Басқарма 2022 қаржы жылындағы есепті кезеңіне «Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті» № 629 нұсқаулығын басшылыққа алған.
Нұсқаулықтың әзірлену мақсаты республикалық және жергілікті бюджеттерді тиімді атқару мақсатында бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мониторинг рәсімдерін жүйелеу, сондай-ақ бюджет түсімдерінің атқарылуын қадағалап отыру болып табылады.
Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы: 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары».
Бюджеттiк бағдарламаның түрi: облыстық.
Мазмұнына қарай: Халықты азық-түлікпен, өнеркәсіптік шикізатпен қамтамасыз етуге және дамып келе жатқан экономика жағдайында аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін арттыруғы бағытталған Ауыл шаруашылығын басқару саласында бірыңғай мемлектттік саясатты жүргізу.
Іске асыру тәсiлiне қарай: жеке.
Ағымдағы/даму: ағымдағы.
Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары. «Сарканирригация» ШЖҚ МКК үшін арнайы техника сатып алу.
Бюджеттік бағдарламалардың сипаты: Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары. Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар:
|
Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар |
Өлшем бірлігі |
Жоспар |
Іс жүзiнде |
Ауытқуы (4-баған - 3-баған) |
Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған/ 3-баған х100) |
Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» |
мың теңге |
216 112,0 |
149 106,9 |
67 005,1 |
69 % |
Жеткізуші тарапынан техника уақытылы жеткізілмеген |
|
Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны |
мың теңге |
216 112,0 |
149 106,9 |
67 005,1 |
69 % |
|
|
Бюджеттiк бағдарламаның түпкiлiктi нәтижесі |
дана |
7 |
4 |
3 |
57,4 % |
Нәтижеге қол жеткізілмеген |
Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармақшасын талабын бұза отырып, бекітілген бюджет қаражатының көлемімен тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.
Сонымен қатар, Бюджет кодексінің 32-бабының 8-тармағының талабына сәйкес, бағдарлама басшысы бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты (аудиторлық есептің 85-тармағы).
26-тармақ. №195 бұйрығының 8 тармағының 8) тармақшасының талаптары сақталмай және №629 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» нұсқаулығының 49 тармағының және 50-тармағының 3), 4) тармақтарының талаптары орындалмай, мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланыстыры жоқ, жоспарлы көрсеткіштер бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес толтырылмаған және түсіндірме жазбасында бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштері туралы мәліметтер, соңғы үш жылда бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын игеру серпініне талдаулар көрсетілмеген.
Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармақшасын талабын бұза отырып, бекітілген бюджет қаражатының көлемімен тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген (аудиторлық есептің 86-тармағы).
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Аудит барысында қабылданған шаралар болмады.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына және осы қаражаттарды пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсер уақытылы қол жеткізілмеуіне жол беріліп, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары», ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы», ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидасының, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» нұсқаулығының талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерін сақтамау себебінен жалпы сомасы 3 333 908,1 мың теңге.
Оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 613 389,8 мың теңге (бюджет есебіне қайтаруға жататыны 613 389,8 мың теңге);
2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 0 теңге;
3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау – 2 720 518,3 мың теңге;
4) Жіберіліп алған мүмкіндіктер, экономикалық шығындар – 2 009,8 мың теңге;
5) Жүйелі кемшіліктер – 4 дана;
6) Рәсімдік бұзушылықтар – 17 дана.
Демек анықталған фактілер Басқарма басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді және мемлекеттік аудит объектілердің қызметінің тиімділігін бағалау мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жоғарыда баяндалған бұзушылықтар мен кемшіліктер келесі салдарға әкеп соқтыруы мүмкін:
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1) 2025 жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;
2) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей «Қызылшоқы» ЖШС-нен №24-260-034-439 жер кадастіріндегі 38 га жер көлеміне 1435,3 мың теңге негізсіз қайталанып төленген субсидияны бюджетке өндіріп алу қамтамасыз ететілсін (аудиторлық қортындының 6-тармағы);
3) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей «Қызылшоқы» ЖШС-нен өз атына жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығы тіркелмеген №24-260-034-428, №24-260-034-439 кадастірлі жалпы жер телімі 109 га жеріне есептелген 4219,0 мың теңге негізсіз төленген субсидияны бюджетке өндіріп алу қамтамасыз ететілсін (аудиторлық қортындының 7-тармағы);
4) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС-нен өз атына жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығы тіркелмеген №24-262-032-492 кадастірлі жер телімі 40 га жеріне есептелген 532,2 мың теңге негізсіз төленген субсидияны бюджетке өндіріп алу қамтамасыз ететілсін (аудиторлық қортындының 8-тармағы);
5) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей «Алаколь-Агро» ЖШС-нен 245 054,4 мың теңге негізсіз төленген субсидияны бюджетке өндіріп алу қамтамасыз ететілсін (аудиторлық қортындының 11-тармағы);
6) 2025 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей «Алаколь-Агро» ЖШС-нен 362 148,9 мың теңге негізсіз төленген субсидияны бюджетке өндіріп алу қамтамасыз ететілсін (аудиторлық қортындының 14-тармағы).