«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 8 және 9-баптарына сәйкес Мемлекеттiк қызмет iстерi органдарының қызметі мәселелері бойынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында Мемлекеттік қызмет істері органдарының қызметі мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 10 адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері – 3 адам, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар – 7 адам.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаяны деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңеске кандидаттарға Заңның
10-бабында көзделген талаптар қойылады.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай мекенжай бойынша жүргізіледі:
Нұр-Сұлтан қ., Абай к-сі 33 «А», 14-қабат, №1403 кабинет.
Тел. 8(7172) 75-30-97
Электронды мекенжайы: b.makhatov@kyzmet.gov.kz
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Қоғамдық қабылдау бөліміне 8 азамат өтініш білдірді.
Қабылдауға келгендердің ішінде Нұр-сұлтан қаласы және бейнеконференцбайланыс арқылы қосылған Алматы қаласы, Павлодар облысының тұрғындары болды. Олар өз сұрақтарын Агенттік төрағасының орынбасарына қоя алды.
Әр түрлі сипаттағы шағымдар түсті: жергілікті атқарушы органдардың әрекеттеріне, сот шешімдерінің орындалмауы және сот орындаушыларының әрекетсіздігіне, қылмыстық істің нәтижесімен келіспеу және т.б.
Барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсіндірмелер берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге резервке енген 300 адам шақырылды.
Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Президенттік кадр резервін құру туралы бастама өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі болғанын атап өтті.
– Сіздердің әрқайсысыңыз жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп, мемлекет игілігі үшін адал қызмет етуге ниетті екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сондықтан сіздермен кездесіп, еліміздегі өзекті мәселелер бойынша пікірлеріңізді тыңдап, кадр резервіне енген азаматтардың алдында тұрған міндеттер жөнінде өз ойымды білдіру үшін баршаңызды «Ақордаға» арнайы шақырып отырмын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елімізде мемлекеттік басқарудың жүйесі қалыптасқанын айтты. Бұл жүйе талай қиын кезеңдерде өзінің тиімділігін бірнеше рет дәлелдеді.
Қазақстан Президенті қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа әдістерді енгізу қажет деп санайды.
– Барлық жаңалықтың ортақ мақсаты – халыққа жақын болу. Шын мәнінде, біз мемлекет қызметінің сервистік моделі жайында әңгіме қозғап отырмыз. Қазақстанға қоғамның талап-тілегіне дұрыс, тиімді және әділетті жауап беретін мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі керек, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау жайында айта келіп, биылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің саны біртіндеп қысқаратынын, үнемделген қаражат тиімді жұмыс істейтін қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға жұмсалатынын атап өтті.
– Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтқанымдай, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің, сонымен қатар ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Әрине, бұл біржақты жасалмайды, олардың атқаратын қызметін қайта қарап, яғни, мемлекеттік органдардың қызметіне жатпайтын міндеттерді аутсорсинг пен азаматтық қоғам өкілдеріне жүктей отырып қысқартамыз, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы өз баяндамасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі үш қағидатына, атап айтқанда, ашықтық, инклюзивтілік және азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру мәселелеріне ерекше назар аударды.
– Қазақстан азаматтары шенеуніктерді қоғамға қатысты барлық шешімдерді билік дәліздерінде қабылдайтын қандай да бір таңдаулы топ ретінде қарамауы керек. Шенеуніктер қолжетімді болуы қажет. Мемлекеттік қызметші халықтың ортасында халық үшін жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі деуден еш жалықпаймын! – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің әрбір мүшесінен елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтетінін жеткізді.
– Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жібереміз. Қазірдің өзінде резервке өткен елу бес азамат жаңа қызметке тағайындалды, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл резервтегі 100 адамды жауапты қызметке тағайындауды, алдағы жылдарда кадрлық резервтің әлеуетін толық пайдалануды жоспарлап отырғанын айтты.
Қазақстан Президенті елімізде жүргізілетін ауқымды трансформациялар нақты салалардағы, өңірлердегі, қалалар мен ауылдардағы кішкентай өзгерістерден басталатынын атап өтіп, жастарды атқаратын қызметіне қарамай мемлекетті жаңғырту процесіне өз үлестерін қосуға шақырды.
– Бүгінгі жас буынның, оның ішінде сіздер де билікке келетін уақыт алыс емес. Сіздер мемлекетті басқару тізгінін алуға дайын болып, тиісті білім мен білікті меңгерулеріңіз қажет. Жастарымыз ел дамуының жаңа тарихи кезеңіне дайын болуы керек. Білім мен білік менмендіктен биік тұруы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін еліміздің барлық жастарына арнай отырып, жаңару үдерісі өзінің ішкі саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін айтты.
– Кадр резервін жасақтау жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды, жалғаса береді. Оның қатарына ынталы және лайықты жастар кіреді, – деді Президент.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы кадр резервіне кірген жастардың өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты атқаратынына сенімді екенін тағы да қайталап айтты.
Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының қаржы директоры Ренат Бектұров, Жапонияның ұлттық саяси зерттеулер институтының докторанты Зүлфия Сүлейменова, «Eurasia Blockchain Fintech Group Limited» компаниясының бас директоры Тілектес Адамбеков, «Өскемен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық және қорғаншылық органы, балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Юлия Овечкина және «BTS Digital» ЖШС білім беру орталығының консультанты Олжас Сәкенов сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Ақпарат көзі: akorda.kz
Былтырғы Жастар жылында жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, олардың өмірден өз орнын тауып, еңбек жолында ілгерілеуіне жағдай жасау үшін ілкімді істер қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік басқару жүйесінде де ерекше назарға алынып, ел ісіне араласатын жастарды електен өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен Президенттің кадрлық резерві жасақталып, 300 жас маман іріктелді. Осынау тың бастаманы жүзеге асыру барысы жөнінде бізге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтып берді.
Трендтерді жете түсінетін жастар іріктелді
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет екенін айтты. Осы ретте жаңадан құрылған Президенттік жастар кадр резерві мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге қаншалықты ықпал етеді?
– Жаһандану мен жаңа экономикалық сын-қатерлер жағдайындағы қазіргі таңда еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі – білімді және талапты жастар. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы ең алдымен бәсекеге қабілетті және жасампаз жастарды қолдауға бағытталды. Жобаның мәні – қажет болған жағдайда жауапты лауазымдарға тағайындалып, еліміздің дамуы жолында тиімді жұмыс істей алатын әртүрлі саладағы 300 жоғары дәрежелі мамандардың құрамын жасақтау. Резервті қалыптастыру мемлекеттік басқару саласында адам капиталын елдің пайдасына жұмылдыру үшін жасалған жұмыс болды.
Президент жаһандану заманына қарай мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге басымдық беріп отыр. Ал мемлекеттік қызметке өзгеріс әкелу үшін, бұл саланы жаңғырту үшін заманауи ойлай алатын, жоғары деңгейдегі құзыреттіліктерге ие, жаңа трендтерді жете түсінетін жаңа формациядағы жастарды жұмылдыру керек. Осы үдеден шығу үшін алдымызға Президенттік жастар кадр резервін құру міндеті қойылды.
Президенттік жастар кадр резерві – отансүйгіш жастарымызға берілген айрықша мүмкіндік, нақты қолдау. Бұл жобаны білімі мен білігі келіскен жас азаматтардың еңбек жолында, ілгері жылжуына жол ашатын әлеуметтік саты деп айтуға да болады. Іріктеудің барлық кезеңінен өткен жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық лауазымға тұруға тікелей мүмкіндік тудырады деп көзделіп отыр. Біз осы резервке ілінген жастарды көш соңында қалмай, Қазақстанның дамуындағы қозғаушы күш болады деп үміттенеміз.
Ел ісіне араласатын жастарды іріктеу жұмысы төрт айға созылды және біз оған дейін бірнеше ай бойы мұқият дайындалдық. Осы бағытта халықаралық тәжірибені зерттедік, тәсілдерді әзірлеп, толық ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шештік. Нәтижесінде, арнайы онлайн-платформа дайындалып, соның арқасында біз адам факторы мәселесін шеше алдық. Іріктеу үрдісін цифрландыру бізге толық көлемде транспаренттілік пен объективтілікке кепілдік берді. Тіпті құзыреттіліктерді бағалау офлайн кезеңінде бағалаушылардың кімді бағалап жатқанын білмеу үшін үміткерлердің жеке басына қатысты деректер шифрланды, сарапшылық комиссияда әңгімелесуде онлайн бағалауды енгіздік.
Резервшілер тізіміне жеке сектордың 106 өкілі, квазимемлекеттік сектордың 98 қызметкері және 96 мемлекеттік қызметші кірді. Бұл конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінің азаматтары белсенді қатысты. Ең көп кандидаттар Алматы қаласы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан болды. Сондай-ақ Әзербайжан, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Франция сияқты жақын және алыс шетелдерде жүрген азаматтар да қалыс қалмады.
Ұлттық комиссияның қарауымен іріктелген үміткерлердің құрамында әртүрлі этнос өкілдері бар. Олар – қазақтар, орыстар, әзербайжандар, армяндар, немістер мен татарлар.
Резервке енген жастардың көбі шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алған. Мұндай үміткерлердің үлесі – 58%. Олардың үштен екі бөлігі – магистр дәрежесіне ие. Бұған қоса тізімде 6 ғылым докторы бар.
Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы – 31 жас. Резервшілердің экономиканың түрлі салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар. Олардың көбі экономиканың түрлі секторларындағы ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істеген, қазір де істеп жатыр.
– «Біткен іске сыншы көп» дегендей, бұл іріктеудің әділдігіне күмәнмен қарағандар да табылды. Бұған не дейсіз?
– Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезінде басшылыққа алынған ең басты қағидаттар – ашықтық пен объективтілік барынша қатаң сақталғанын еш күмәнсіз айта аламын. Жоғары транспаренттілік, ашықтық және іріктеудің ұтқырлығы цифрлы онлайн-технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етілді.
Тестілеу және олардың әлеуетін бағалау кезеңдерінде кандидаттардың деректері жасырылып, бағалаушы-сарапшылардың ешқайсысы кімді бағалап жатқанын білген жоқ. Кодталған эсселер мен үміткерлердің презентациялары онлайн-платформада бір-бірін білмейтін үш сарапшымен белгіленген өлшемдер бойынша автономды бағаланды.
Құзыреттілікті бағалауды ассессмент-орталықта арнайы дайындалған асессорлар мен супервизорлар жүргізді. Асессорлар үшін үміткерлердің қайдан келгені, қандай оқуды бітіргені, қайда жұмыс істегені туралы ақпараттан тұратын профайлы қолжетімсіз болды.
Соңғы кезеңнің алдындағы кезең – сарапшылық комиссияда әңгімелесу. Оның мүшелері үміткерлерді онлайн-жүйеде бағалады. Комиссияның барлық мүшелері онлайн түрде бағасын енгізгеннен кейін олар бірден базаға түсіп отырды. Ешкімде бағаны түзету мүмкіндігі болған жоқ.
Халықаралық ұйымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері барлық үдерістердің объективтілігі үшін сыртқы бақылаушылар ретінде шақырылды. Әр кезеңнен кейін ашықтықты қамтамасыз ету үшін ұпайлары бар қатысушылардың рейтингі жарияланды. Жалпы біз іріктеу нәтижелерін барлығы оң қабылдамайтынын жақсы түсіндік және бұл – қалыпты жағдай.
Қатысушыларға қойылған негізгі талап – отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі жəне бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Басқа шектеулер болған жоқ.
Қатысуға өтініштер көп болды. Бірақ көбі тестілеу мен тестілеуді верификациялау сияқты күрделі кезеңдерден өте алмай қалды. Біз ешкімге ешқандай қолдау жасамаймыз деген түбегейлі шешім қабылдадық, ережелер барлығы үшін бірдей болды. Осы тәсілдің арқасында біз үлкен нәтижеге қол жеткізіп, ақылды, талапты, белсенді, жанып тұрған азаматтарды іріктедік. Ең бастысы, біз олардың еліміздің дамуына үлес қосқысы келетінін, отандастарының болашағына бейжай қарамайтынын байқадық. Олардың өз еліне қажет екенін сезініп, осыған шабыттанғандарын көрдік.
Өзге де сипаттағы қиындықтар болды. Мысалы, әлеуметтік желілерде тестілеуді верификациялау кезеңінде тест сұрақтарына дайын жауаптарды ұсынады деген сияқты ақпарат таралды. Тесттерді верификациялау кезеңінен өтуге арналған көптеген қызықты ұсыныс та туындаған. Алайда сұрақтар базасын ешкім білмейді, тапсырмалар бірегей, Президент жобасы үшін арнайы әзірленді. Сондықтан ондай ұсыныстар мүлдем қажетсіз болды.
Биыл резервтегілердің кем дегенде 40%-ы жұмысқа орналасады
– Енді көпшілікті іріктелген жастардың қандай қызметтің құлағын ұстайтыны қызықтырады. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесін қашан көреміз? Жалпы, биыл резервтегі жастардың қаншасын жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр?
– «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан», іріктелген жас мамандардың бүгінде 36,5%-ы инфрақұрылым мен сервистік салаларды дамыту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласында, 21,5%-ы экономикалық және қаржылық, 7%-ы сыртқы және ішкі саясат, 5%-ы әлеуметтік, 4%-ы құқықтық саясат саласында, сондай-ақ 12%-ы өңірлік және 14%-ы басқару топтарында қарастырылған қызметтерді таңдаған. Яғни, 300 іріктелген резервші салалар бойынша бөлінген. Олардың кейбіреулері жақын арада мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
2020 жылдың бірінші тоқсанында біздің агенттік әрбір резервші үшін құзыреттерді дамытудың жеке жоспарын әзірлейтінін атап өткім келеді. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы жоғары лауазымдарға резервшілерді тағайындау дәйекті мансаптық өсу жолымен жоспарланады. Агенттік резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілетуге мониторинг жүргізеді.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен тұлғалар бес жыл мерзімге резервке алынады. Ел Президенті бұдан кейінгі жұмыстарды үйлестіру үшін Үкіметке, Президент Әкімшілігіне және біздің агенттікке нақты тапсырма берді. Біз бес жыл ішінде резервке енген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуіміз керек. Олардың кейбіреуі бірден жоғары лауазымдарға ие бола алады. Кейбіріне біз бастапқыда төмендеу, бірақ одан әрі өсудің нақты перспективасы бар лауазым ұсынамыз. Ұсынылған қызметтерді құп ала ма, алмай ма, резервтегі кадрлар өздері шешеді.
Қазіргі таңда біз резервшілер тағайындалуы мүмкін бос лауазымдарға талдау жүргізіп жатырмыз. 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында, тіпті бірінші тоқсанында резервтегілердің 30%-ын жұмысқа орналастырып қалуымыз мүмкін. Жалпы жылдық меже олардың кем дегенде 40%-ын орналастыру керек. Резервтегілердің жоғары әлеуетін, құзыреттілік деңгейін, жаңашылдығын және өзгерістерге дайындығын, белсенділігін, елдің дамуына үлес қосуға деген ниетін ескере отырып, бұл жастарды табысты мансап күтіп тұр деп ойлаймын.
– Іріктелген жастардың арасында басшылық қызмет атқарған, табысы жақсы мамандар да бар. Мемлекеттік қызметтен олардың ойларынан шығатын қандай орындар ұсынылуы мүмкін?
– Негізі іріктелген жастардың ішінде жоғары дәрежелі қызметтегі адамдар аз. Дегенмен елімізде алғаш рет қолға алынған теңдессіз жобаның іріктеуінен сүрінбей өтіп, резервке қабылданған азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесінде ғана емес, квазимемлекеттік секторда да басшылық лауазымға келуіне мүмкіндік беріледі.
Резервшілер мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарына, ұлттық компаниялардың басқарушы лауазымдарына орналаса алады. Бұған қоса «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында да резервтегі тұлғаларды мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылдау мүмкіндігін қарастыратын түзетулер енгізілді. Осылайша білікті де білімді, өз елін сүйетін, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне және одан әрі дамуына үлесін қосуға ниетті жас буын өкілдеріне мемлекеттік басқару жүйесіне кедергісіз келуіне жол ашылды.
– Іріктелген жастардың көбінде мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі жоқ. Оларды тағайындау алдында тиісті оқыту қарастырылған ба? Біліктілігін арттыру бойынша қандай да бір арнайы бағдарлама бола ма?
– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметші және мемлекеттік лауазымға тағайындалатын резервшілер біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарының жоспар-кестесіне сәйкес Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау курстарында оқудан өтеді. Басқа резервшілер Академия әзірлеген тренингтік бағдарламаларда өздерінің басқару құзыреттерінің деңгейін арттыра алады. Тренингтік бағдарламалар заманауи жағдайлардағы ең өзекті бағыттарды қамтиды: ойлау дизайны, трансформациялық көшбасшылық, эмоционалды интеллект, перспективалық ойлау және сценарийлік жоспарлау, стратегиялық менеджмент, жобалық менеджмент, бизнес үдерістерді оңтайландыру және тағы басқа. Бұл туралы академияның сайтынан кеңінен танысуға болады.
Меритократия қағидаты жастардың мәртебесін көтереді
– Бұл жоба жас мамандарға әлеуметтік лифт болатынын атап өттіңіз. Жалпы аталған жобаға қоса азаматтардың қызмет бабында кедергісіз көтерілуі үшін меритократия қағидатының негізінде қандай жұмыстар жоспарланды?
– Президенттік жастар кадр резервіне енген кейбір жастарды өңір-өңірге жұмысқа жіберу жоспарланып отыр. Осылайша бұл жоба мәселелерді жергілікті жерде шешуге әсер етуі керек. Сондай-ақ аймақтарда тәжірибе жинаған жастарды орталыққа жұмысқа орналастыруды да ойластырамыз.
Мұндай жұмыстар меритократия қағидатына сәйкес бұрыннан атқарылып келеді. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып келген жастар елдімекендерде еңбек етіп, тәжірибесін шыңдады. Халықпен етене араласып, тұрғындардың талап-тілегін, мұң-мұқтажын жақсы білетін мамандардан кейін білікті басшылар да шықты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Жастардың лайықты білім алуына, алаңсыз жұмыс істеуіне теңдей мүмкіндік берілуі қажет. Ауыл мен қаладағы жас азамат үшін де, лауазымды, ауқатты немесе қарапайым шаруа отбасының баласы үшін де әлеуметтік лифттің есігі кедергісіз ашық болуы керек. Айналып келгенде, әлеуметтік теңдік дегеніміз – осы. Біз осыған қол жеткізуге тиіспіз. Мемлекеттік қызметке тағайындау барысында меритократия принципін ұстанған жөн. Азаматтарды тек біліміне, қабілетіне қарай тағайындау талабы қағаз бетінде қалмай, іс жүзінде орындалуы қажет» деп айтқан еді.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, өңірлерде бұрыннан істеп жатқан мамандарға қолдау көрсетіп, қызметте ілгерілеуіне жағдай жасаймыз. Бос орындар конкурсына қатысқан жастардың ішінен департаменттерге жұмысқа қабылдаймыз. Меритократия қағидатының негізіндегі биылғы жұмыстарды жақын арада қолға аламыз.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсау керек екенін айтты. Бұл жөнінде не айтасыз?
– Иә, Президент Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектордағы қызметшілердің санын оңтайландыруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 98 мыңға жуық. Штат санын оңтайландыру кезең-кезеңімен бірнеше жылдың ішінде жүргізіледі. Өз кезегінде бұл мемлекеттік қызметке бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
Осы тапсырманы орындаудың нақты тектіктері қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігімен пысықталып жатыр. Қысқарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу тиісті жұмыс тобымен жүргізілуде. Аталған министрлік жалпы мемлекеттік қызметтің штаттық санын белгілеу, оларға қаржы бөлу сияқты құзыреттерге ие. Талдау жұмыстарының нәтижесін осы жылдың бірінші тоқсанынан бастап көре бастаймыз.
Оңтайландыру мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп, біраз жұмысты жүйелеуге, тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Қысқарту есебінен үнемделген қаражатты білікті мамандарды ынталандыруға жұмсауға мүмкіндік береді.
– Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру жөнінде толымды мәлімет бергеніңізге рахмет.
Ақпарат көзі: Egemen Qazaqstan
«Қариясы бар елдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетудің маңызы аса зор деп білеміз. Жаңа жыл мерекесін ойын-сауық ордаларында немесе мейрамханаларда емес, қазыналы қарттар үйінде өткізген мемлекеттік қызметшілер қарияларды үлкен қуанышқа бөледі.
Күні кеше, 30 желтоқсан күні №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындаҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіұжымының, өлкемізге белгілі өнерпаздардыңқатысуымен қариялар мен ақ жаулықты аналарға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй сыйлаған әдемі кеш ұйымдастырылды.
Аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Нұргүл Жанназарова өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан аға буын қарияларға деген ыстық ілтипатын білдіруді өздерінің қасиетті парызы санайтындығын және осындай кездесу іс-шаралары арқылы жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерін дарытуды міндет деп есептейтіндігін жеткізіп, ұжым атынан үстел ойындары мен түрлі кітаптар, жеміс-жидектерді тарту етті.
Көңілді кешті жүргізген өңірімізге белгілі асаба әрі шоу-мен Рустем Таңатаров пен отбасылық «Арна» ансамблі және «Падишах» би тобы өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Балаша қуанған қарияларойын ойнап, кеңестік дәуір фильмдерінен попурри, әуезді ән мен ырғақты биді тамашалап,ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, игі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, облыстық қарттар үйіне Департамент ұжымы 2017 жылдың 1 қазанынан бастап, мерекелік атаулы күндерде құттықтап, түрлі концерттер мен театрлық көріністерге шақырып тұрады.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысын жариялады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кадрларды даярлау және жаңа буын үшін өзін-өзі іске асыру үшін жағдай жасау мәселелеріне әрқашан көңіл бөледі.
Ел Президенті лауазымына кірісу рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резерві жобасының міндеті Қазақстан жастарының өзінің ең үлкен арманын жүзеге асырып, жеке «жетістік тарихын» құруға мүмкіндік болып табылатынын атап өтті.
Финалға барлығы 13 мыңнан астам өтінім бергендерден 330 адам іріктелді. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 300 үміткер Президенттік жастар кадр резервіне алынды.
Ақтық кезеңде үміткерлердің мемлекеттік қызметте, ұлттық компаниялар мен холдингтердегі жоғары лауазымдарға ұсынуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда, тіпті аудандық деңгейге дейін лауазымға орналасуға дайындық дәрежесі, қатысушылардың жеке құзыреттерін бағалау қорытындылары бойынша адам ресурстары саласындағы сарапшылардың ұсынымдары, елдегі осы саланың қажеттілігі мен сұранысқа ие болуын ескере отырып қатысушы таңдаған бағыт, инновациялық әлеует, түрлі жетістіктер және басқалар ескерілді.
Резервшілер тізіміне жеке сектордан 102 өкіл, 98 - квазимемлекеттік сектордан және 96 - мемлекеттік қызметші кірді.
Үміткерлердің 57%-да алдыңғы қатарлы шетелдік білімі бар, 43%-ы -қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері.
Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы 31 жасты құрады. Бұл ретте резервшілердің экономиканың түрлі салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар. Олардың көпшілігі ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істейді немесе жұмыс істеген.
Цифрлық технологияларды қолдану іріктеудің ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз етті, бұл жас қазақстандықтарға олардың орналасқан жеріне қарамастан қатысуға мүмкіндік берді.
Кең өңірлік ұсынымдылықты атап өткен жөн. Қатысушылар арасында еліміздің барлық өңірлерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің (Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Франция) өкілдері бар.
Өткен қатысушылардың толық тізімі Pkrezerv.kz сайтында жарияланды.
Қазіргі уақытта іріктелген 300 резервші салалар бойынша сараланған.
Олардың кейбіреулері жақын арада мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін деп күтілуде.
2020 жылдың бірінші тоқсаны ішінде Агенттік әрбір резервші үшін құзыреттерді дамытудың жеке жоспарын жасайды.
Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына резервшілерді тағайындау дәйекті мансаптық өсу жолымен жоспарланады. Агенттік резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингін жүзеге асыратын болады.
Резервшілердің бір бөлігі қысқа мерзімді курстардан немесе қажетті құзыреттер мен дағдыларды арттыру үшін, оның ішінде Мемлекеттік басқару академиясының базасында ұзақ мерзімді оқудан өтеді.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 6 кезеңнен тұрды. Бұл-құжаттарды қабылдау, қабілеттерді тестілеу, тестілеуді верификациялау, әлеуетті бағалау, Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу және ҚР Президенті жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы.
Кезеңдердің бірінде қатысушылар өз жобаларын қорғады. Олардың ішінде еліміз үшін пайдалы болуы мүмкін - «ақылды қаланы» дамыту, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, білім беру, туризм, шағын бизнесті қолдау және тағы басқа мәселелер бойынша идеялар туралы әңгіме болды.
Естеріңізге сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды.
Жобаның стратегиялық мақсаты – тиімді менеджерлердің жаңа толқынын қалыптастыру және еліміздің жаңа буыны үшін пәрменді әлеуметтік лифтілер жүйесін құру.
Іріктеу нәтижелері бойынша пулға жаңа формацияның басқарушылары болуға қабілетті талантты және креативті жас қазақстандықтар іріктелді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Мемлекет басшысына «Президенттік жастар кадр резервінің» 4-кезеңінің қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.
Атап айтқанда, Анар Жаилғанова өткен кезеңнің негізгі критерийлері мен талаптары, сарапшылар комиссиясының құрамы жайында айтты. Оның айтуынша, үміткерлермен әңгімелесу әділ әрі конкурс ережесіне сай өтті.
Президент ақтық кезеңнің барынша ашық өтуін қамтамасыз етуді және ең лайықты үміткерлерді іріктеп алуды тапсырды.
Сілтеме: akorda.kz
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова «Temasek Foundation International» (Сингапур) қорының аға директоры Стэнли Ли, сондай-ақ Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің және Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат жоғары мектебінің өкілдерімен кездесті.
Кездесуде тараптар академиялық өзара іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша мәселелерді талқылады.
Агенттік Төрағасы мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.
«Бүгінде біздің еліміз мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және мемлекеттік аппарат жұмысын жетілдіру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Мемлекеттік қызметке жаңа формациядағы басқарушыларды тарту маңызды бағыт болып табылады.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Агенттік талантты жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болуға бағытталған Президенттік жастар кадр резервін құру бойынша жобаны іске асыруда. Жоба аса білікті және бәсекеге қабілетті жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызмет атқаруға мүмкіндік береді», - деді Агенттік төрағасы.
Сондай-ақ А.Жаилғанова Агенттік пен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы сингапурлық әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті. Агенттік өкілдері жыл сайын «Temasek Foundation International» қорының қолдауымен Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжі ұйымдастырған тренингтерге қатысады.
Өз кезегінде Стэнли Ли мырза қазақстандық әріптестерін қордың қызметімен таныстырды.
Анықтама: Темасек қоры мемлекеттік басқару, жергілікті басқару, денсаулық сақтау, білім беру, Азиядағы және одан тысқары жерлердегі табиғи апаттарға ден қою саласындағы әлеуетті арттыру бағдарламаларына қолдау көрсететін сингапурлық коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы болып табылады.
Қор адами және әлеуметтік капиталды дамытуға бағытталған, сондай-ақ неғұрлым белсенді және байланысты әлемдік қоғамдастықты қалыптастыруға ықпал ететін бағдарламаларды қолдайды.
Сингапур тарапы Темасек қорының қолдауымен 2020 жылы Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жоғары буынының басшылары мен мемлекеттік сектордың көшбасшылары үшін біліктілікті арттырудың бірлескен бағдарламасын іске асыру туралы ұсыныс жасады.
Сингапурлық әріптестердің пікірінше, бағдарлама Сингапур мен Қазақстанның жоғары буын басшылары арасында тәжірибе алмасу үшін бірегей платформаны ұсынады, оның барысында қатысушылар Сингапурдың мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, қалалық даму, қала құрылысы және басқа да қазақстандық тарапты қызықтыратын салалардағы жетістіктерімен таныса алады.
Бағдарламаға саяси деңгейдегі және «А» корпусының лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілерді – вице-министрлерді, әкімдерді, жауапты хатшыларды тарту көзделіп отыр.
Бағдарлама сингапурлық және қазақстандық құрамдастардан тұрады. Сингапур компоненті Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің және Сингапур мемлекеттік қызмет колледжінің базасында іске асырылатын болады. Қазақстандық компонентті Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қатысуымен жүзеге асыру ұсынылады.
Қазақстанның өңір елдері арасындағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерінде көшбасшылығын ескере отырып, сондай-ақ бағдарламаға Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.
Тараптар оқыту бағдарламасын ұйымдастыру мәселесін егжей-тегжейлі қарау туралы келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша Стэнли Ли мырза Анар Жаилғановаға көрсетілген қабылдау үшін алғысын білдіріп, одан әрі жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
В городе Нур-Султан завершился I Республиканский турнир по шахматам среди государтвенных служащих «Зияткер ұлт-Интеллектуальная нация».⠀
Организаторами турнира выступила Академия Шахмат Динары Садуакасовой при поддержке Министерства спорта и культуры РК, Казахстанской федерации шахмат, фонда национального благосостояния «Самрук-Казына», городского филиала НДП «Нур Отан».⠀
За победу боролись сотрудники центральных государственных органов, в количестве 27-и команд.
В упорной борьбе команда Агентства по делам государственной службы заняла 3 место.
Отметив большой успех команды, с победой участников поздравил заместитель председателя Агентства Марат Дауешов и пожелал дальнейших успехов в подобных спортивных состязаниях.
В 9 матчах команда Агентства в составе главного эксперта департамента государственной службы Армана Абданбекова и главного консультанта юридического департамента Гульнар Ибраевой одержала 4 победы, завершив 5 матчей вничью.
Стоит отметить, что набрав одинаковое количество очков, лишь по дополнительным показателям команда Агентства уступила второе место команде Министерства национальной экономики. Первое место выиграла команда Министерства сельского хозяйства.
Также в турнире были учреждены призы в личном зачете. А.Абданбеков с результатом 7 побед, 1 поражение, 1 ничья занял второе место в личном зачете среди мужчин.
Әділдік, қарапайымдылық үлгісі, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Елге қызмет ету – мінезден» республикалық байқауына қатысушылардың пікірі бойынша мемлекеттік қызметшілер дәл осы қасиеттерге ие болуы тиіс.
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде аталған конкурстың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау бойынша шара өтті.
Шараға іріктеудің конкурстық комиссия мүшелері – Агенттік төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «Qazaqstan» телеарнасының шеф-редакторы Серікзат Дүйсенғазы және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірболат Жақыпов.
Жеңімпаздарды марапаттай отырып, Дархан Жазықбаев әрбір мемлекеттік қызметші Елбасы – Тұңғыш Президент қойған қоғамға есеп беретін және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша Стратегиялық бағыттың міндеттерін іске асыруға өз үлесін қосатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қамқорлық жасайтын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін еститін және білетін, туындаған барлық проблемаларға жедел ден қоятын және оларды шешетін «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттілігін атап өтті. Мұнда халықпен байланыстың тиімді жүйесін орнату, мемлекеттік қызметшінің жоғары бейнесін сақтау маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің халықтың игілігі үшін нәтижелі қызметінсіз еліміздің жетістігі мен өркендеуіне қол жеткізу мүмкін емес», - деді Д. Жазықбаев
Байқау мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-әдептілік құндылықтарды насихаттауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Бұл ой-додаға тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де қызығушылық танытты. Оған 200-ге жуық адам қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары үш номинация бойынша бағаланды: үздік эссе / мақала, үздік бейнеролик, үздік ұсыныс.
Байқаудың нәтижесін шығару барысында, «Шығармашыл адамдарға өмір сүру қызықты, олар адам өмірінің әртүрлі салаларына, ғылымдарға, әсіресе жаңа нәрсе жасауға қызығушылық танытады. Мемлекеттік аппаратқа өз миссиясын анық түсінетін және тәжірибеде жаңа идеяларды іске асыруға қабілетті үлгілі мемлекеттік қызметшілер қажет», - деді МҚІА Төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Байқауға қатысушылар өз еңбектерінде ұлы адамдардың сөздерін, оның ішінде әлемге әйгілі философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Мінез – жанның айнасы», қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, үтір, ар, мінез деген нәрселерден озбақ», Алаш Орданың қайраткерлері - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және әрине Абай, Төле би және басқалардан тұратын қазақ зиялыларының сөздерін жиі қолданған.
Айта кету керек, бүкіл қазақ зиялылары туған халқының мүдделеріне қызмет етуді өздерінің миссиясы ретінде көрді, өйткені олардың өмірі халыққа шынайы қызмет ету және жанқиярлықпен, азаматтық, адамгершілік парыздарын саналы түрде орындаумен ерекшеленді, оны қазіргі мемлекеттік қызметшілер ұмытпауы керек.
«Үздік эссе» номинациясы бойынша марапатталды:
І орын - Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жаңылсын Утешова;
ІІ орын - Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов;
ІІІ орын - Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Әбдірахман Дәуленбаев.
«Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша марапатталды:
І орын - Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлзат Жеткергенқызы;
ІІ орын - Атырау қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Әлібек Науаров;
ІІІ орын - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі әкімінің бас маманы Бағлан Мәуленов.
«Таңдаулы ұсыныс» номинациясы бойынша марапатталады:
І орын - Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бақы ауылдық округінің бас маманы Нұрлан Әліпбаев;
ІІ орын - Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Қалмұханбет Байсариев;
ІІІ орын - Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сара Ноғаева.
Үздік жобалар Агенттіктің ресми сайтында жарияланып, мысал ретінде мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ой-дода 2019 жылғы 20 қазанда бастау алып, 15 қарашада аяқталды. байқауға қатысу үшін үміткерлер эссе, бейнеролик немесе жалпы сұрақтар бойынша ұсыныстар түрінде өз көзқарасын ұсынды:
- мемлекеттік қызметшілердің өз еліне адал қызмет етуі;
- мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара қарым-қатынас жүйесі;
- мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысына жауапты көзқарасын күшейту;
- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
- патриоттық сезімді арттыру.
Марапаттау рәсімінен кейін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері «Мемлекеттік қызметтегі этикалық нормалар: тәжірибе және болашақ» семинарына қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін одан әрі жетілдіру мәселесі талқыланды, өйткені қазіргі заманғы талаптар мемлекеттік қызметті жетілдіруді талап етеді.
«Бұл мәселеде Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі ерекше», - деп Д. Жазықбаев.
Іс-шара барысында мәжіліске қатысушылар Әдеп жөніндегі уәкілдердің мәртебесі мен өкілеттіктері, өз қызметіндегі проблемалық мәселелерді шешу тетіктері және басқа да мәселелер туралы ойларын ортаға салып, сонымен қатар алдағы 2020 жылға арналған жоспарларды талқылады. Олардың барлығы Агенттікпен зерттеліп, талданатын болады.
Агенттікте атап өткендей, ауқымды алдын алу жұмыстары мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдептілікті өрескел бұзу жағдайлары деңгейін төмендетуге алып келді.