Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі

Агенттік Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларынның 5-тарауына сәйкес тестілеуді ұйымдастырудың келесідей тәртібі бекітілген:

26. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамлар жіберіледі.

Тестілеуге қатысу үшін кандидат қолхатта көрсетілген уақыттан кешікпей тестілеу залына келуі тиіс.

27.Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.

28.Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген адамдар ол туралы операторға тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

29.Тестілеу кестесі автоматты түрде айқындалады.

30.Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар «Б» корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.

31.Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

32.Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.

Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.

32-1. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.

Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 10-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.

Тестілеуден өту үшін тіркелген адамды қайта тестілеуге осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Акт жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жол беріледі.

33.Тестіленуші адам осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған жағдайда оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.

Бұл ретте оператор бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – Акт) толтырады.

Акт толтырылған адамлар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған адамлардың тестілеу нәтижелері жойылады.

34.Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады.

Мұндай жағдайда, «Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеуге осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында айқындалған тәртіпте жазыла алады.

35.Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.

36.Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.

37.Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамдарға тестілеу операторының қолы қойылған, мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.

Дата публикации
06 декабря 2022