2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

 

 

          «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының
8-тармағын, 59-бабының 8-7-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 43 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ережесінің 15-тармағының 6-тармақшасы және
19-тармағының 4-тармақшасының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе)

жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының бекітілген тізбесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ресми интернет ресурсына орналастырылсын.
  2. Мемлекеттік аттестаттау рәсімінің «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының және «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығының талаптарына сай өтуі қамтамасыз етілсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары А. Еділхановқа жүктелсін.

Негізі: «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығы.

 

 

Төраға                                                                                     А. Тойбаев

Дата публикации
13 февраля 2025