ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Министрлік туралы
Комитеттер
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Аймақтар
Все материалы
Криминалдық полиция
03 июля 2021
Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығы 14%-ға төмендеді

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мал ұрлығының алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2021 жылы мал ұрлығы 14%-ға төмендеді.

Тіркелген мал ұрлықтарының негізгі бөлігі еркін жайылымнан, яғни иелері малдарын қараусыз қалдырған уақытта орын алады. Кейбір жағдайларда ұрлық мүлдем болмаған, себебі мал өрістен алыс қашықтыққа жайылып, кейін жоғалып кеткен. Мұндай өтініштер бойынша полиция дер кезінде көмек көрсетіп, іздеу жұмыстарымен де айналысады.

Ағымдағы жылы мал ұрлығын жасағаны үшін облыстың 49 тұрғыны ұсталып, алты топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді және иелеріне 500-ден астам мал қайтарылды.

Облыс бойынша қараусыз қалған малға арналған 277 айыппұл тұрағы құрылған, онда сегіз мыңға жуық мал басы қамалып, екі мыңнан астам тұрғын ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
02 июля 2021
260 есірткі сатылатын сайттың бұғатталуына Алматы полициясы бастамашы болды

Бүгінгі күні синтетикалық есірткілер мен оларды өндіруге арналған зертханалар әлемдік мәселелердің бірі болып табылады. Алматы қалалық Полиция департаменті есірткінің жаңа түрлерінің, оның ішінде синтетикалық шығу тегі айналымының жолын кесу тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар кешенін қабылдауда.

– 2021 жылдың алты айында қалада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сату фактісі бойынша 21 іс-шара жүзеге асырылды, синтетикалық есірткіні сақтаудың 66 фактісі анықталды, “синтетиканын” алты кг-нан астамы тәркіленді. Ұзақ мерзімді іс-шараның нәтижесінде біз синтетикалық есірткілерді шығаратын үш зертхананы жойдық. Жалпы, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар жаңа форматтарға ие болды. Өзекті мәселелердің бірі – синтетикалық есірткіні контактісіз әдіс, Интернет арқылы, электронды төлемдер арқылы тарату тенденциясы. Қылмыстың бұл түрін, әдетте, жалғыз адам емес, арнайы тағайындалған міндеттері бар топ жасайды. Осылайша, біз қылмыстың ұйымдасқан түрімен айналысамыз, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Спикер жақында полицияның синтетикалық есірткі өндірісі мен сатылым фактісі бойынша іс-шараны жүзеге асырғанын атап өтті. Нәтижесінде сегіз айыпталушы қамауға алынды. Өндірілген есірткілер контактісіз әдіс (құпия орындар) интернет-дүкен арқылы сатылды, қаражат банктік аударымдар жүйесі арқылы алынды.

– Жыл басынан бері ПД ЕҚКБ қала аумағындағы аймақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен бірге 1 604-тен астам граффити-жазуларды анықтады және бояу арқылы жойды, олардың құрамында есірткі заттарының таралуы туралы ақпарат бар. Сонымен қатар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды заңсыз жарнамалаудың бес фактісі анықталды. Сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары және интернет желілерін бақылаудың арқасында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ЕҚКБ қызметкерлері 260 сайтты, оның ішінде мессенджерлерді, блогтарды, әлеуметтік желілерді, есірткі және психотроптық заттарды тарату туралы заңсыз ақпараттарды анықтады. Осы сайттарды бұғаттау туралы ақпарат ҚР ІІМ-не жіберілді, – деді Алмағамбетов.

Polisia.kz

01 июля 2021
ІІМ-де Алматы халықаралық әуежайындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

ІІМ-де “Алматы халықаралық әуежайы” АҚ басшылығының бастамасы бойынша министр Ерлан Тұрғымбаев акционерлік қоғам Президенті Алп Ер Тугна Ерсоймен кездесті.

Кездесу барысында А. Ерсой министрге жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, компанияның Алматы қаласы әуежайының базасында Орталық Азияның өңірлік көліктік транзиттік торабын құру және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа жолаушылар терминалының құрылысына қатысты жоспары туралы айтып берді.

Сонымен қатар ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл басым болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ тараптар әуежайдың іргелес аумағындағы бейнебақылау тиімділігі мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде, Е.Тұрғымбаев ІІМ Алматы халықаралық әуежайы басшылығының жолаушылар мен әуе ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы стратегиялық нысанда құқықтық тәртіптің тиімді жүйесін құру бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын құптайтынын білдірді.

Әкімшілік полиция
30 июня 2021
Ауыл педагогтары СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевқа ауылдық мектептерінің басшылығынан алғыс хаттар келіп түсті.

Тайынша ауданының №1 Чкалово орта мектебінің директоры Борис Галицкий Чкалово поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлеріне өзінің ризашылығын білдірді. Соңғы жылы ауданда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттер айтарлықтай төмендеді.

Тайынша ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы Балғын Сыздықова бұл әр баламен мақсатты жүргізілген жеке жұмыстың нәтижесі екендігіне кәміл сенеді.

– Жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарау маңызды. Әдетте “қиын бала” деп аталанатындарды біз полицияның жас серігі жұмысына тартуға тырысамыз. Бөлімге шақырып, жұмысымыздың маңыздылығын көрсетеміз. “Өтіріктің өрге баспайтындығын”, кез келген қылмыстың шындығы ерте ме, кеш пе ашылатындығын жасөмпірімдер түсініп, өз көздерімен анық байқады. Көбінесе балалар жол ережесін сақтау барысында белсенді болып, мектептегі тәртіпті де сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ басқаларды біз жазғы сауықтыру лагерьлеріне, спорттық клубтарға жіберуді ұсыныс жасаймыз – бұл олардың мүмкіндікті қалай немесе қай жерде көбірек жүзеге асырылуына байланысты болмақ, – дейді ол.

Осындай хат Ғ. Мүсірепов ауданындағы Рузаевская ОМ директоры Лариса Когтевадан келіп түсті.

– Мен Рузаевка поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлеріне, кәмелетке толмағандар, сондай-ақ олардың ата-аналарының арасындағы бірлескен профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге құқық бұзушылықтардың алдын-алу саласындағы ынтымақтастығы үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Рузаевка поселкелік полиция бөлімінің барлық қызметкерлері жасаған қайырымдылық істеріне ерекше алғыс айтамыз: көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары жыл сайын азық-түлік қоржындарын, киім-кешектер, ойыншықтар, оқу құралдар мен велосипедтер алады, – деп жазды ол.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері мен мұғалімдердің бірлескен жұмысы әсіресе жазғы демалыс уақытында өзекті болып отыр.

– Қолайсыз отбасылар ерекше назарда. Үйді-үйді аралау, әңгімелер, рейдтер, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жазғы лагерьлерде балалардың жол-көлік жарақаттарын алдын алу жұмысы әлеуметтік-психологиялық қызметпен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен тығыз ынтымақтастыққа негізделген. Педагогтардың оң пікірі – бұл жер-жерлерде дұрыс тактиканың таңдалғанының белгісі, – дейді ол.

Ұлттық ұлан
30 июня 2021
Ішкі істер министрі баланы өрттен құтқарған ұландықты марапаттады

Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінде өртеніп жатқан пәтерден баланы құтқарып қалған әскери қызметші марапатталды.

Еліміздің Ішкі істер министрінің бұйрығымен ефрейтор Аслан Қожахметовке “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі табыс етілді.

Награданы жауынгерге 5573 әскери бөлімінің командирі Нұрлан Мұхамедов тапсырып, жеке құрам атынан Аслан Қожахметовке батыл әрекеті үшін алғыс білдірді.

– Ефрейтор Қожахметов сол күні демалыс болғанына қарамастан, бейбіт тұрғындарды қиындықта қалдырған жоқ. Біздің басты міндетіміз – кез келген жағдайда, тіпті өмірімізге қауіп төндіретін болса да, азаматтарға көмек көрсету. Аслан осы міндетті абыройлы орындай білді, – деді Нұрлан Санжарұлы.

Сондай-ақ, Ұлттық ұлан жауынгері осы әрекеті үшін Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен де марапатталғанын атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда әскери қызметші қою түтінді байқап, айқайлап көмекке шақырған әжейдің дауысын естиді. Дереу түтіндеген пәтерге жүгіріп келіп, ас үйден өртті өз күшімен сөндіруге тырысып жатқан баланы көреді. Жағдайды бағалаған Аслан бірден баланы қауіпсіз жерге алып шығады. Жол-жөнекей өрт сөндіру қызметіне хабарласып, өрт шыққан кіреберістің (подъездің) басқа да тұрғындарын эвакуациялауға көмектеседі.

Polisia.kz

29 июня 2021
Түркістан полицейлері 3 ай бойы іздеген жасөспірімді Шымкенттен тапты

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзінің арызында кәмелет жасына толмаған 11 сыныпта оқитын ұлы отбасылық жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлайды. Сол кезден бері ұялы телефоны өшіріліп, хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді. Аталған жайтты тіркеуге алған сайрамдық полицейлер жедел әрекетке көшті.

Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, жасөспірімнің суретін көрсетіп, жақын аймақтағы полицейлерге де бағытнама берді. Жас жігіттің достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді.

Қырағы полицейлердің күні-түні үзіліссіз, толыққанды іздестіруі нәтижесінде оның жүрген жері үш айдан кейін анықталып, жасөспірім Шымкент қаласынан жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Осылайша бастаған істің соңына жеткен полицейлер 11 сынып оқушысын отбасына дін-аман қайтарды.

Содан жасөспірімнің жақындары полицейлерге ризашылығын айтты.

Криминалдық полиция
29 июня 2021
Алматы полициясы интернет алаяқтардан қалай сақтану керектігін айтты

Бүгінгі таңда көптеген азаматтардың өмірін ұялы телефонсыз және интернетсіз елестету қиын. Азық-түлікке, тауарларға тапсырыс беру, төлемдерді төлеу және тағы басқаларын үйден шықпай-ақ жасауға болады, кейбіреулер үшін бұл уақытты, ақшаны үнемдеуге және олардың өмірін мүмкіндігінше жеңілдетуге тамаша мүмкіндік, ал басқа азаматтар үшін өте зор алаяқтық әрекеттің өрісі ашылады.

– Бес жыл ішінде жүргізілген талдау мынаны көрсетті: 2016 жылы қалада 56 интернет-алаяқтық тіркелді, 2017 жылы – 90, 2018 жылы – 142, 2019 жылы – 666, 2020 жылы – 1 677, тек осы жылдың бес айында 1 589 тіркелген. ПД-де және аумақтық бөлімшелерде алаяқтықтың осы түрін ашу үшін арнайы топтар құрылды, олар 67 интернет-алаяқты ұстады. Сонымен қатар интернет үнемі бақыланады, анықталған алаяқтық сайттар мен сілтемелердің тізімдері ішкі істер министрлігіне одан әрі бұғаттау үшін апта сайын жіберіледі. Жыл басынан бері біздің бастамамызбен жарнамалар жіберуге арналған әлеуметтік желілер мен платформалардағы 147 сайт пен алаяқтық аккаунттар бұғатталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар спикер Интернеттегі алаяқтықты ашу мен тергеу белгілі бір қиындық тудыратынын атап өтті, өйткені бұл трансшекаралық сипатта, жәбірленуші бір аймақта, қылмыскер басқа аймақта. Әр түрлі банктік шоттар, пластикалық карталар қолданылады, абоненттік нөмірлер жиі үшінші тұлғаларға рәсімделеді, қолма-қол ақша жалған адамдар арқылы жүзеге асырылады.

– Ең көп зардап шеккен платформалар: “Olx.kz”, “Kolesa.kz”, “Krisha.kz”, “Market.kz”, әлеуметтік желілер: “Instagram.com” және “Vkontakte.com”. Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері: онлайн-несиелер рәсімдеу, сайттар арқылы әр түрлі тұтыну тауарларына тапсырыс беру; банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыратын қылмыскерлердің шоттардан ақшаны ұрлауы; ақшаны тиімді салу сылтауымен әр түрлі жобаларға, ойындарға, инвестицияларға және т.б. Күмәнді жобалар мен ұсыныстардан аулақ болуға кеңес береміз. Абайлаңыз және сақ болыңыз. Бұл факторлар сіздің мүлкіңіздің қауіпсіздігінің кепілі болады, – деді Науатов.

Polisia.kz

28 июня 2021
Алматыда полицейлер ұрланған Toyota Camry 70 көлігін иесіне қайтарды

Алматыда полицейлер ұрланған Toyota Camry 70 көлігін иесіне қайтарды. Полиция қылмыстың түннің бір уағында жасалғанын хабарлады.

Қылмыстық қол сұғушылықтың нысаны Toyota Camry 70 маркалы көлік болды.

– Қаскөйлер үшеу. Олардың бірі көлігін тұраққа қойып жатқан кезде әйелге шабуылдап, оны бірнеше рет ұрып, көліктің ішіне итеріп кіргізіп, кетіп қалған. Абырой болғанда, жолда жәбірленуші көліктен шығып үлгеріп, оны полицияға хабарлаған. “Ұстау” жоспары бүкіл қала бойынша енгізілді. Көлік басқа ауданнан табылды. Күдіктілер бірнеше сағаттан кейін ұсталды, – деді Бостандық АПБ-ның бастығы Думан Аухадиев.

– Сол түні маған Бостандық аудандық ПБ-нан көліктің табылғандығы туралы хабарланды. Сәл кейінірек қылмыскерлердің ұсталғанын айтты. Қылмысты ашқаны үшін полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Оларға қызметінде сәттілік тілеймін, – деді автокөлік иесі.

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Polisia.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі
28 июня 2021
Алматы облысы бойынша ҚАЖД “Шартты” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 21 – 27 маусым аралығында өткен “Шартты” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

Іс-шара пробация қызметкерінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын-алу, сондай ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатымен ұйымдастырылған.

Жалпы іс-шараға облыс бойынша 78 пробация қызметкерлері, 48 жергілікті учаскелік полиция инспекторы тартылған болатын.

– Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша облыс бойынша сотталғандар тарапынан 32 бұзушылық анықталды. 48 адамға қатысты аудандық соттарға бас бостандығын шектеу жазаларын бас бостандығынан айыруға ауыстыруға материалдар жолданды. Сондай-ақ, жұмылдырылған қызметкерлердің күшімен іздеуде жүрген жеті сотталған адамның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта олар тергеу изоляторына қамалып, сотты күтуде, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

25 июня 2021
ІІМ полицияның жаңа формасын көрсетті

Қазақстанның ішкі істер министрлігі полицейлер үшін әзірленген жаңа үлгідегі форманы көрсетті.

Форманы әзірлеу кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аударылды, əр түрлі климаттық жағдайда қызмет атқаратын қызметкерлердің тілектері ескерілді, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе зерттелді.

Қызмет атқарудың ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналған киім болып топтастырылған.

Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі мен танымалдығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде олар үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді.

Полиция басқармалары аппараттарының әйел – қызметкерлеріне арналған киім жазғы кезеңде киюге арналған көйлекпен толықтырылған.

Қызметтердің барлық санаттары үшін “POLISIA” жарық шағылыстырғыш жазуы бар жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілері жасалды.

Қызметкерлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді. Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды.

Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді.

Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды.

Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды.

Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды.

Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Социальные сети
Twitter
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты