ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Қызметі
Аймақтар
Байланыс ақпараты
Все материалы
26 июля 2024
СҚО-да су тасқыны кезінде кәсібилік танытқан бірқатар полицей марапатталды

24 полиция офицері мен бір полиция старшинасы — марапатталған кезекті топтың ішінде Петропавл полицейлері ғана емес, сонымен қатар Тайынша, Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандарының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полицейлері бар. СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов марапаттарды табыстап, сақшылардың әрқайсысына қызметі үшін алғысын айтты.

Ерекше қызметімен көзге түскен полицейлер “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медальдарын, “ІІМ үздігі” төсбелгілерін, ІІМ алғыс хаттары мен грамоталарын алғаны үшін әріптестері мен ардагерлердің қошеметіне бөленді. Бұдан бөлек, министрлік солтүстікқазақстандық үш полицейдің еңбегін ерекше атап өтті: Тайынша ауданы ПБ Келлеровка ауылындағы поселкелік полиция бөлімшесінің бастығы Абылайхан Өтегенов, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ПБ аға мемлекеттік автоинспекторы Төлеген Болатов пен Шал ақын ауданы ПБ патрульдік полиция инспекторы Ерден Кокашев ҚР ІІМ-нің Құрмет грамоталарын алды.

Сәуір айындағы алапат су тасқыны кезінде Петропавл қалалық полиция басқармасының және бірқатар аудандағы жеке құрам құтқарушылармен, әскери қызметшілермен, еріктілермен және әкімдікпен бірге халыққа жан-жақты көмек көрсете отырып, тәулік бойы ең күрделі және қауіпті учаскелерде болды. Полицейлер төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ету бойынша мол тәжірибе жинады. Мұның барлығы алдағы уақытта халық пен мемлекеттің игілігі үшін түрлі міндеттерді шешу кезінде аса қажет болады.

25 июля 2024
ШҚО полицейлері сараптама тағайындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді

24 шілде күні полиция департаменті бастығының орынбасары Қазбек Тақжановтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институты өкілдерінің қатысуымен қылмыстық құқық жаңа құрамы (ҚР ҚК-нің 108-1, 109-1 баптары)  бойынша сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің проблемалық сұрақтары, сондай-ақ сот-медициналық сараптамалар жүргізу әдістемесіндегі өзгерістерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Өскемен қаласы ПБ және оның аумақтық бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары, тергеу, анықтау және жергілікті полиция қызметі бөлімдері мен бөлімшелерінің бастықтары қатысты. ҚАПБ басшылары мен олардың орынбасарлары бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.

Өз сөзінде Тақжанов сот сараптамасының маңыздылығын, оның сот ісін жүргізу шешімін шығару үшін қажетті объективті және шынайы деректерді алуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі екенін атап өтті. 

Сарапшылар өз кезегінде “денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін жәбірленуші күдіктілер мен басқа адамдарды сараптамалық зерттеу” әдістемесіне жаңа өзгерістер енгізді. 

Талқылау барысында жаңа заңнама аясында сараптамаларды тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралып, онда ШҚО бойынша ССИ-дың өкілдері бірлескен жұмысты жақсарту үшін егжей-тегжейлі жауаптар мен ұсынымдарымен бөлісті.

24 июля 2024
Ішкі істер министрі жұмыс сапарымен ШҚО-ға барды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ермек Көшербаевпен бірге өңір активімен кездесіп, Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысын талқылады.

Кездесу барысында өңірдің ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі, сондай-ақ Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығының ғимараттарын реконструкциялау мен күрделі жөндеуден өткізу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша тергеу изоляторын, Өскемен қаласының сол жағалау және Үлбі полиция бөлімдерінің ғимараттарын, сонымен қатар облыстық департаменттің басқа да нысандарын салу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ІІМ басшысы облыс әкімімен бірлесіп, Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңадан құрылған Катонқарағай және Марқакөл аудандарының полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық жағдайын тексеріп, ағымдағы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы шешім қабылданды.

Өз кезегінде өңір әкімі жергілікті атқарушы органдарға полицияның тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға қаражат бөлу мәселелерін жедел қарқынмен шешуді тапсырды.

23 июля 2024
Брифинг: “Жаз мезгіліндегі балалар қауіпсіздігі”

Спикер: Шыңғыс Алекешев – департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі.

https://www.facebook.com/events/1218374192689654/


Криминалдық полиция
22 июля 2024
ІІМ: Іздеуде жүрген 100-ге жуық қылмыскер ұсталды

1-18 шілде аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ІІМ жедел қызметтері 97 қылмыскерді ұстады, оның 28-і шет мемлекеттердің сұрауы бойынша. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 115 адамның орналасқан жері анықталды.

Алматыда іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды. Ер адам көрші мемлекеттің ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитеті бөлген 400 млн теңгеден астам субсидияны жымқырды деп күдікке ілінген.

Маңғыстау полицейлері Жаңаөзен тұрғынына дене жарақатын келтірген бұзақыны ұстады.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды.

Айта кету керек, қылмыскерлерді іздестіру тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, сонымен қатар халықаралық келісімдер негізінде шет елдерде де жүзеге асырылып, онда іздестіру топтары жіберіледі.

Мәскеу облысының Химки қаласында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде қазақстандық азаматтар құрықталды. Олар өткен жылдың қаңтар айында Шымкентте жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Жәбірленушілердің бірі алған жарақаттарынан көз жұмған. Аталмыш іс бойынша барлық күдіктілер ұсталды.

Санкт-Петербург қаласында 36 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2019 жылы семейлік тұрғынды алдап, құны 50 млн теңге болатын бульдозерді иемденген.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құзырлы органдары ұсталғандарды экстрадициялау туралы мәселені қарастырып жатыр.

Әкімшілік полиция
19 июля 2024
ІІМ жүргізуші куәлігін алуға “көмектесетін” алаяқтар туралы ескертеді

ІІМ жүргізуші куәлігін алуға “көмектесетін” алаяқтар туралы ескертеді.

– Әлеуметтік желілерде белгілі бір сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсететіндер туралы ақпараттар таралуда. Осындай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Алаяқтардың алдын ала төлемді сұрап алып, артынан ізін суытатынын да атап кеткен жөн.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды мұқият болуға және күмәнді келісімдерден аулақ болуға шақырады.

Мұндай тәсілмен жүргізуші куәлігін алу мүмкін емес! – деп атап өтті ведомствода.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өтіп, қажетті санат бойынша курсты аяқтағаны туралы куәлік алу қажет.

Кейін сол санат бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну керек.

Ол үшін жеке басты куәландыратын құжаттарды, автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлікті, медициналық анықтаманы, жүргізуші куәлігін дайындау үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсыну қажет.

Емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда азаматқа көлік құралын басқаруға арналған жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұл міндетті рәсімдер.

– Күдікті ұсыныстар анықталған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет, – деді ІІМ-де.

Көші-қон қызметі
18 июля 2024
ІІМ елдегі көші-қонды бақылау жұмысы туралы айтты

Ішкі істер министрлігі көші-қонды бақылау жұмыстарының жартыжылдық қорытындысын шығарды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Алты мың шетелдік республика аумағынан шығарылды. Олар енді бес жыл бойы елге кіре алмайды. 6,5 мың шетелдіктің елде болу мерзімі қысқартылып, елден шығуы қамтамасыз етілді.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін екі мың жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Тұрақты тұратын шетелдіктер арасында екі мың заң бұзушы анықталып, олардың елде тұруға ықтиярхаты күшін жойды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
17 июля 2024
Полиция адам саудасына қарсы күресті күшейтуде

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда бұрын заңнамалық деңгейде белгіленбеген және алғаш рет “адам саудасының құрбаны”, “адам саудасының ықтимал құрбаны”, “адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері” және басқа да ұғымдар қарастырылған. Мәселен, Заңды әзірлеу кезінде ведомство негізгі тәсілдерді анықтады.

Халықаралық тәжірибе енгізілді – төрт “П” тұжырымдамасы: серіктестік, алдын алу, қудалау және жәбірленушілерге көмек.

Мысалы, біріншісі – мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың кешенді жұмысын, адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық және өңірлік комиссияларды және халықаралық ынтымақтастық негіздерін қамтитын адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесін қалыптастыру.

Екіншісі – алдын алу тетіктерін жетілдіру, атап айтқанда, тәуекелдерді бағалау және алдын алу шараларын жүргізу. Бұл адам саудасына ықпал ететін себептерді талдауды, кейіннен барынша азайту және пәрменді шаралар қабылдау үшін оның таралу нысандары мен ауқымын зерттеуді көздейді.

Үшіншісі – қудалау. Заңда адам саудасының барлық нысаны, оның ішінде мәжбүрлі еңбек, қайыр сұрау, жыныстық қанау және органдарды алу үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық заңнамаға сілтеме нормасы енгізіледі.

Төртінші – көмек көрсету. Адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға көмектесу көптеген ратификацияланған халықаралық шарттардың міндетті нормасы саналады. Заң жәбірленушіге мемлекет тарапынан өз құқықтары мен қорғау шараларын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Жәбірленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктері оларды полицияға жүгінуге ынталандырады және істерді сотқа жеткізуге ықпал етеді.

ІІМ бүгінгі күні қолданылып жүрген адам саудасы құрбандарының барлық құқығы сақталғанын және заңда көрсетілгенін атап өтті.

Заң алғашқы жариялған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енеді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
17 июля 2024
Адам саудасына қарсы күрес туралы заң қарсы іс-қимыл субъектілерінің шеңбері мен рөлін анықтайды

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның бір ерекшелігі – адам саудасының құрбандарын қайта бағыттау тәртібін енгізу, яғни көмек көрсету үшін одан әрі қайта бағыттай отырып, оларды уақытылы және дұрыс сәйкестендіру бойынша үйлесімді жұмыс атқару.

Мысалы, қазір бұл тәртіп бойынша тек полиция мен үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді, яғни полиция фактіні анықтайды, жәбірленушіні көмек көрсету үшін оларға бағыттайды немесе керісінше, ҮЕҰ бұл туралы “102” арнасына хабарлайды. Шекара қызметі фактіні анықтаған жағдайда ақпарат полицияға, ал жәбірленуші ҮЕҰ-ға жіберілетін болады.

Осындай іс-қимыл алгоритмі Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктерінде және адам саудасына қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілерінде болады. Сондай-ақ жеке тарау ең осал санат ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға арналған.

Жалпы, арнайы Заңның қабылдануы адам саудасына қарсы іс-қимылдың бүкіл жүйесін реттеудің базалық негізін құрады, сондай-ақ қарсы іс-қимыл субъектілерінің шеңбері мен рөлін, олардың арасындағы өзара іс-қимыл тетігін айқындайды. Адам саудасын адам саудасының тәуекелдерін бағалау сияқты жаңа тетіктер арқылы төмендетеді, бұл кемшіліктерді, жаңа қатерлерді анықтауға және оларға уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ ықтимал құрбандарды полиция ғана емес, басқа да мемлекеттік органдардың анықтай алуына мүмкіндік береді.

Заң алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 5 қыркүйекте қолданысқа енгізілетінін хабарлады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
17 июля 2024
Адам саудасына байланысты қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

“Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңы. Адам саудасымен байланысты қылмыстардың жаңа құрамы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енеді.

Заң шеңберінде Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты – адам саудасына байланысты қылмыстар енгізіледі және “сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер” деген жаңа ұғым енгізілмек.

Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік енгізіледі:

​• адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу;​

• осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатта жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау;

• телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау.

ҚК-нің 134, 308 және 309 және ҚР ӘҚБтК-нің 450-баптары бойынша ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар Заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады. Бұл ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.​

Адам саудасына қатысты қылмыстар бойынша татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату алынып тасталады.​

Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға құқығы көзделді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

Социальные сети
Twitter
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы