ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Қызметі
Аймақтар
Байланыс ақпараты
Все материалы
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
21 апреля 2026
Көкшетау тұрғыны күшті әсер ететін есірткілік заттарды таратқаны үшін 8 жылға сотталды

     Ақмола облысы Атбасар ауданында күшті әсер ететін дәрілік заттарды жасыру әдісі арқылы таратумен айналысқан Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

     Сот материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында ер адам Атбасар қаласы аумағында үш рет жасырын салу әрекетін жүзеге асырғаны үшін полиция қызметкерлерімен ұсталған.

     Тергеу барысында оның қылмыстық әрекетке 2025 жылдың жазында тартылғаны анықталды. Ол мессенджер арқылы "оңай табыс" уәде еткен белгісіз жұмыс ұсынысын қабылдап, нұсқаулар бойынша тыйым салынған заттарды таратуға кіріскен. Аталған заттар дәстүрлі есірткі емес, бірақ күшті әсер ететін дәрілік препараттар санатына жатады.

     Қаңтар айында ол Атбасар қаласында кезекті тапсырманы орындау барысында ұсталды. Құқық қорғау органдары оның заңсыз әрекетін дер кезінде тоқтатты.

     Сот ер адамды кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

     Полиция қызметкерлері есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысу ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

     Сонымен қатар құқық қорғау органдары интернет пен мессенджерлердегі күмәнді жұмыс ұсыныстарына сақ болуға шақырады. Ресми еңбек шартысыз "жеңіл табыс" уәделері көбіне қылмыстық әрекеттермен байланысты болуы мүмкін.

Әкімшілік полиция
21 апреля 2026
“Құқық бұзушылыққа жол жоқ” ЖПІШ: елде жол қауіпсіздігі күшейтілді

     Жолда жүру қағидаларын бұзудың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және еліміздегі жол-көлік жағдайын тұрақтандыру мақсатында республика аумағында “Құқық бұзушылыққа жол жоқ” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

     Аталған іс-шара жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және жолдағы қайғылы салдарға тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған.

     Жол жағдайын тұрақтандыру және бақылауды күшейту қажеттілігіне байланысты Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қосымша ішкі істер органдарының күштері мен құралдары, оның ішінде патрульдік полиция жасақтары жіберілді. Олар ауқымды рейдтік жұмыстарды жүргізуге және қоғамдық әрі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.

     Шараның бір күнінде Шымкент қаласында жол ережесін бұзған 1,5 мыңнан астам бұзушылық анықталып, жолы кесілді.

     Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі өрескел құқық бұзушылыққа жол бергеннен болады, яғни жылдамдықты асыру, қарсы жүріс жолағына шығу, мас күйде көлік басқару және жүргізушілердің салғырттығынан болады.

     Жолда жүру қағидаларының талаптарын сақтау — жай ғана формалдылық емес, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік екенін еске саламыз.

— Құрметті азаматтар! “Құқық бұзушылыққа жол жоқ” іс-шарасы жақсы профилактикалық нәтиже беруде және еліміз бойынша жалғасын табады. Заң мен тәртіпті әрбіріміз сақтауымыз қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, — дейді ІІМ өкілі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
21 апреля 2026
ШҚО-да ірі есірткі қоймасы жойылды

     Өскемен қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі анықталып, жолы кесілді.

     Арнайы операция облыс прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жүзеге асырылды. 

     Жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғыны анықталды.

     Тінту кезінде күдіктінің гаражынан есірткі сақталған қойма табылды. Онда өсімдік тектес зат салынған екі қорап, көлемі 120 литр болатын жартылай толтырылған алты пластик бөшке, сондай-ақ қалдықтары бар үш бөшке және буып-түюге арналған материалдар тәркіленді.

     Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 93 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды.

     Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымы — оларды сақтау, тасымалдау немесе өткізу — мүлкі тәркілене отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.

    https://youtu.be/6g66zPZlESI

Тергеу және анықтау
21 апреля 2026
БҚО-да заңсыз балық тасымалдаған күдіктілер анықталды

     Батыс Қазақстан облысында “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында су биоресурстарының заңсыз айналымына қатысты бірнеше дерекке тосқауыл қойылды.

     Бір тәулік ішінде Атырау — Орал автожолының әртүрлі учаскелерінде, сондай-ақ елді мекендер маңында полиция қызметкерлері үш көлік құралын тоқтатты.

     Атап айтқанда, 374 шақырым Атырау — Орал автожолында, Чапаево ауылы маңында LADA LARGUS автокөлігін басқарған 1973 жылғы жүргізуші тоқтатылып, тиісті құжаттарсыз 273,5 кг балық (табан, сазан, шортан) тасымалдағаны анықталды.

     Шағатай ауылы маңында ВАЗ-2110 автокөлігін басқарған жүргізуші тоқтатылып, тиісті құжаттарсыз шамамен 10 кг бекіре тұқымдас балық және 125 дана балық (табан, сазан) тасымалдағаны анықталды. 

     Сонымен қатар Атырау — Орал автожолының бір қиылысында “УАЗ” автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Көліктің салоны мен жүксалғышын тексеру барысында жалпы салмағы 28,5 кг балық және 28 кг-нан астам өзен шаяндары табылып, тәркіленді.

     Анықталған барлық деректер бойынша заңсыз балық аулау және су биоресурстарының айналымына қатысты баптармен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта келтірілген залалдың мөлшері анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

     https://youtube.com/shorts/SXCNWnzFm60?si=5OVCEvjfWAX59i5W 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
21 апреля 2026
Астанада полиция синтетикалық есірткі өндірісіне тосқауыл қойды

     Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

     Тәжірибе көрсеткендей, есірткі таратушылар синтетикалық есірткі құралдары мен психоактивті заттарды жасырын өндіруді ұйымдастыру үшін әртүрлі химиялық прекурсорларды пайдаланады. Оларды сатып алу, сақтау және тасымалдаудың жасырын схемаларын қолдана отырып, қаскүнемдер азаматтардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті "меф" және "жылдамдық" деп аталатын есірткілерді өндіруді жолға қоюға тырысады.

     Осылайша, Астанада полиция жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде гараж кооперативінде жалпы салмағы 4 тонна болатын 200 канистрадан тұратын жасырын қойма анықталды. Онда синтетикалық есірткі дайындауға арналған прекурсорлар болған.

     Жалпы алғанда, осы жылдың басынан бастап 16 сәуірдегі ресми статистикалық деректерге сәйкес, заңсыз айналымнан 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Мамандардың бағалауы бойынша, олардан шамамен 1,5 тонна синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған.

     Ішкі істер министрлігі еске салады: прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік енгізілді және 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

     Есірткі өндіру мен таратуды ұйымдастыруға бағытталған кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында міндетті түрде тоқтатылады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
20 апреля 2026
СҚО-да 200-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді

     Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен азаматты ұстады. Күдікті – Ақмола облысының 23 жастағы жұмыссыз тұрғыны. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол бір айға жетпейтін уақыт ішінде психотроптық заттарды "жасырын орындар" арқылы таратумен айналысқан.

     Полицейлер күдіктіні Петропавл қаласындағы Набережная көшесінде ұстады. Тексеру барысында оның көзілдірік қорабынан ұнтақ тәрізді зат салынған 14 орама, сондай-ақ қалтасынан тағы 60 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 64,1 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Нәтижесінде 200-ден 250-ге дейін бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды.

     Медициналық куәландыру нәтижесі күдіктінің психотроптық заттарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

20 апреля 2026
Елордада патрульдік полицейлер адам өмірін сақтап қалуға жедел көмектесті

     Астана қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Диас Әбітбек пен Адильбек Разаков қызмет барысында жоғары қырағылық пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Олар күнделікті кезекшілік кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, кез келген төтенше жағдайға әрдайым дайын екендерін іс жүзінде дәлелдеп келеді.

     Оқиға Біржан сал көшесінде түскі уақытта болған. Патрульдеу барысында инспекторлар көшеде кенеттен жерге құлап қалған әйелді байқап, бірден оқиға орнына жеткен. Полицейлер жағдайды жедел бағалап, уақыт жоғалтпай әрекетке көшті.

     Тәртіп сақшылары сабыр сақтап, үйлесімді әрі нақты іс-қимыл жасады. Олар әйелді қауіпсіз қалыпқа келтіріп, тыныс алуын бақылауға алып, алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметіне дереу хабар беріп, медицина қызметкерлері келгенге дейін қажетті көмекті үздіксіз жалғастырды.

     Куәгерлердің айтуынша, полицейлердің шапшаң әрі кәсіби әрекеті айналадағы адамдардың абдырап қалмауына ықпал еткен. Олар оқиға орнын бақылауда ұстап, артық адамдардың жиналуына жол бермей, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

     Жедел жәрдем келген соң әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

     Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің тек құқық бұзушылықтардың алдын алумен шектелмей, адам өмірін сақтап қалуда да маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетеді. Кәсібилік, жеделдік және адамгершілік – полиция қызметінің басты қағидаттары екені тағы бір мәрте дәлелденді.

     Қала тұрғындары мен оқиға куәгерлері Диас Әбітбек пен Адильбек Разаковқа шынайы алғыстарын білдіріп, олардың батыл әрекеті мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
20 апреля 2026
ШҚО-да алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам анықталды

     Өскемен қаласында “Іздестіру” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттері үшін 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды ұстады.

     Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті автокөлік сату схемалары арқылы әрекет еткен: тиімді шарттарды ұсынып, алдын ала төлем жасатып алып, көлік құралдарын беру бойынша міндеттемелерін орындамаған.

     Ақшаның бір бөлігін қайтара отырып, ол адамдарды мәміленің заңды екендігіне сендірген. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 30 миллион теңгеден асады.

     Келісім-шарттарды рәсімдеу барысында қаскөй үшінші тұлғаларды тарту арқылы, олардың атына қарыз шарттарын ресімдеген. Ақшалай қаражатты беру көбінесе нотариустардың қатысуымен жүзеге асқан.

     Бұған дейін ер адам алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     ҚР ҚК-нің “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайы мен қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтары анықталуда.

     Полиция азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмау және өз қаражатыңызды сақтап қалу үшін кез келген қаржылық операциялар кезінде барынша мұқият болу қажеттігін ескертеді.

20 апреля 2026
Абай облысында жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 31 қылмыс ашылды

     Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызметінде заманауи әдістер мен тиімді құралдарды қолдану қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ажырамас бөлігіне айналды. Осы тұрғыда қызметтік иттердің рөлі ерекше. Олар полиция жұмысының нәтижелілігін арттырып, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ашылуына елеулі үлес қосып келеді.

     Бүгінде Абай облысы полиция департаментінде 25 қызметтік ит бар. Арнайы дайындықтан өткен бұл иттер есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, із кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау бағыттарында тиімді қызмет атқарады.

     Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен өңірде түрлі санаттағы 31 қылмыс ашылған. Бұл көрсеткіш олардың құқық қорғау саласындағы маңызын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесін айқын көрсетеді.

     Абай облысы полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының бастығы, полиция подполковнигі Дулан Тугомбаевтың айтуынша, қызметтік иттер қылмыстарды ашумен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, терроризмге қарсы іс-қимыл жүргізу және қауіпсіздікті нығайту бағыттарында да маңызды рөл атқарады.

– Қызметтік иттер полиция қызметкерлерінің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Кинологтармен бірлесе отырып, олар түрлі қауіп-қатердің алдын алу шараларына белсенді қатысады. Бұл – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің бірі, – деді ол.

     Қызметтік иттер мен кинологтардың жоғары деңгейдегі даярлығы, сондай-ақ олардың қылмыспен күрестегі нәтижелі жұмысы құқық қорғау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыра түсуде.

Әкімшілік полиция
20 апреля 2026
Астанада “Артық жүк” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

     Астанада жол-көлік инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында “Артық жүк” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

     Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жүк көліктерінің шамадан тыс жүктелу деректерін анықтауға, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмауға және жол жамылғысына келетін залалдың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде. Рейдтер қала көшелерінде, ірі магистральдарда, өнеркәсіптік аймақтарда және құрылыс нысандары маңында ұйымдастырылуда.

     Сонымен қатар тек жүк көліктері ғана емес, жеңіл автокөліктер мен баламалы көлік құралдары да бақылауға алынған. Әсіресе, соңғы уақытта кеңінен таралған электр самокаттарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау деректеріне ерекше назар аударылуда.

     Жүргізілген тексерулер нәтижесінде барлығы 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 126 құқық бұзушылық электр самокаттарын пайдалану барысында тіркелген. Негізінен, бұл тротуарларда жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіру және жол қозғалысы ережелерін елемеу фактілері.

     Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 308 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Олардың қатарында құжатсыз басқару, техникалық талаптарға сай келмеу және көлікті мас күйде жүргізу деректері бар.

     Полиция қызметкерлері жүргізушілермен және қала тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы мәдениетін арттыруға ерекше мән беруде. Жүк көліктерінің жүргізушілеріне көлікті белгіленген нормадан артық жүктемеудің маңыздылығы, ал электр самокат пайдаланушыларына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілуде.

     Мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған. Қазіргі уақытта “Артық жүк” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

     Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Социальные сети
Twitter
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты