Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

«KAZBAT» көркем фильміне алғыс

Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі генерал-лейтенант Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлына. Алғысхат Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Менін ұлым Қалмахан Бақбаев 1995 жылдын 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында Отан алдындағы борышын өтеп жүріп апат болды. Осы күнге орайластырып, бүгінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы қапияда қаза тапқан жауынгерлер рухына арнап, түрлі еске алу шараларын ұйымдастрып келеді. Сондай игілікті істің бірі жақында ғана жүзеге асты. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен «KAZBAT» көркем фильмінің түсіріулі еді. Шымкент қаласында өткен фильмнің тусаукесеріне келінім Эльмира мен немерем Жанель – үшеуміз құрметті қонақ ретінде шақырылып, тамашаладық. Осы хатты мен айтып, немерем жазып Сізге жолдап отырмыз. Болған оқиға негізінде түсірілген аталған кинотуынды өзінің шынайылығымен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық рухты насихаттау жолында көп пайдасын тигізді деп ойлаймын. Ал енді осы мақсаттағы игілікті іске менің ұлым Қалмаханның өмірі, жүріп өткен жолы арқау болғаны – көңілге аз да болса медеу. Осылайша Отанын қорғау жолында апат болған боздақтарымызды ұмытпай, жас буынға үлгі-өнеге етудің арғы жағында терең ой, астарлы ақиқат жатқаны шындық. Он перзент сүйіп, тәрбиелеген «Батыр Ана» ретінде осындай кинотуындының жарыққа шығуына атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін. Құрметпен, старшина Қ.Бақбаевтың анасы –Ұрқия Бақбаева Шымкент қаласы, Ынтымақ ауданы, Қозы Көрпеш көшесі, № 5 үй

Дата публикации
11 декабря 2019
Дата обновления
11 декабря 2019
Тип
Обзор обращений

Сейчас читают

Информация
27 февраля 2025
Работа туристической полиции
29 мая 2024
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков
Информация
29 мая 2024
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков в Центральной военно-врачебной комиссии и военно-врачебных комиссиях ДП городов Астаны, Алматы, Шымкента и областей

Социальные медиа

Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации