Ашық диалог интернет-порталында жұмыс істеу қағидалары бекітілді

Ашық диалог интернет-порталында жұмыс істеу қағидалары бекітілді

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға енгізілген түзетулер негізінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган болып айқындалды. Осыған орай, Министрлік 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 «Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты бекітті.  Осы бұйрық Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 22660 мемлекеттік тіркеуден өтті. (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/163514?lang=ru).

Қағидалар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы сұрау салуларды жіберу және қарау тәртібін айқындайды. Қағидалар сондай-ақ ашық диалог интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамалар жүргізу тәртібін көздейді.

Қағидаларда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің «Ашық диалог» порталына тиісті сілтемелерді көрсете отырып, ресми интернет-ресурста және (немесе) жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда құлақтандыруды орналастыру міндеті көзделген:

1) интернет-конференция өткізілетін күнге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын оны өткізу туралы;

2) порталда іске қосылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сауалнама жүргізу;

Пікір жинақтауды жүргізу ұзақтығы бір айдан асқан жағдайда, құлақтандырулар кемінде екі аптада бір рет орналастырылады.

Сонымен қатар, Қағидаларға сәйкес «Ашық диалог» порталының пайдаланушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға интернет-конференциялар өткізуге өтінімдер беру мүмкіндігіне ие.