Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дін саласы

 

1. Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер туралы

2024 жылдың 4 тоқсаны бойынша ел аумағында 18 конфессияны қамтитын 3999 діни бірлестік тіркелген (2858 - исламдық, 347 - православтық, 91 - католиктік, 592 – протестант, 57 - Ехоба куәгерлері, 23 - Жаңа апостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 – иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер).

Жалпы ғибадат үйлер саны – 3788 (2857 - мешіт, 302 - православ шіркеуі, 116 - католик шіркеуі, 421 - протестанттық ғибадат үйі, 55 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 25 - Жаңа Апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагога, 3 - Кришна санасы қоғамы, 2 - Бахаи ғибадат үйі, 1 - буддисттік ғибадатхана).

 

2. Қазақстан Республикасындағы миссионерлер туралы

Елімізде ресми 452 миссионер тіркелген, олардың 417 - шетелдіктер, 35 - Қазақстан Республикасының азаматтары (cенімдер контексінде:  католиктер - 244, елуінші күн шіркеуі - 70, Кришна санасы қоғамы - 40, мормондар – 31, пресвитериандық шіркеу - 24, православтар - 20, баптистер - 5, Жаңа апостолдық шіркеу - 7, Ехоба куәгерлері – 4, Жетінші күн адвентистері - 3, иудаизм – 2, лютерандық – 1, буддизм - 1).

 

3. Дін саласындағы құқық бұзушылықтар туралы

2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша діни қызмет саласында 60 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453, 489-баптары бойынша құқық қорғау органдары және өңірлік Дін істері басқармаларымен 19 факт анықталды.

Бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, ең алдымен, әкімшілік шараларды барынша азайта отырып, алдын алу-профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына шоғырландырылған.

 

4. Өңірлердегі АТТ жұмысы туралы

Дін мәселелері бойынша құрамында 2739 маманы бар 236 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарады.

Жыл басынан бастап АТТ дәріскерлері 2 млн 649 тыс. астам адамның қамтылуымен шамамен 65 мың іс–шара өткізілді.

АТТ қызметі ең алдымен халықтың мақсатты санаттарына жастар, сенушілер, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіп орындардың қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету және т.б. бағытталған.

 

5. Қазақстан Республикасындағы дінтану сараптамасы туралы

2024 жылғы 4 тоқсанда дінтану сараптамасы жүргізілген 1474 материалдың 886 – оң, 233 – теріс қорытынды берілді. Сондай-ақ, 355 материал діни емес, шет тілдерінде және ақаулы екендігі анықталды.

561 интернет-ресурстың мазмұны талданды, олардың ішінен құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтитын 159 интернет-ресурс сілтемесі анықталды.

 

6. ҚазақстанРеспубликасындағы діни оқу орындары туралы

2024 жылғы 4 тоқсандағы жағдай бойынша елімізде 14 рухани оқу орны бар. Ондағы студенттердің жалпы саны - 5617 адам.

Анықтама ретінде: Исламдық бағыт - 12 («Нұр-Мүбарак» университеті - 1, медресе колледжі - 9, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты - 1, ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты - 1).

Христиандық бағыт - 2 (Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы).

 

Документы
Ақпарат
15 апреля 2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті
ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасы
Тіркелген рухани (діни) білім беру ұйымдарының тізбесі (2025 ж. 1 тоқсан)
Ақпарат
15 апреля 2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті
ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасы
Дінтану сараптамасы нәтижелері бойынша оң қорытынды алған әдебиеттер тізімі (2025 ж. 1 тоқсан)
Ақпарат
15 апреля 2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті
ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы
ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы
Өңірлік жұмыс және ішкі үйлестіру басқармасы
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік діни бірлестіктердің тізбесі (2025 ж. 1 тоқсан)
Новости
Полезные материалы
Түркия Республикасы Дін істері басқармасымен (Диянет) Стратегиялық сессиясындағы Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б. Бәкіровтің баяндама тезистері
Павлодар облысындағы АҚДМ Стратегиялық сессиясындағы Дін істері комитеті төрағасының орынбасары А. Хатиевтің баяндама тезистері
Ақтөбе облысындағы АҚДМ Стратегиялық сессиясындағы Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б. Бакировтың баяндама тезистері
Медиагалерея
События
17 сентября
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының мүшелері Нұр Сұлтанда жиналды
23 октября
Астанада ІІІ республикалық имамдар форумы өтті
28 ноября
Құрметті журналистер!
Реализуемые проекты
«Қазақстан Республикасындағы діни ахуал туралы» және «Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты бағалауы» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеулер
Перейти
Ел жастарын экстремистік және деструктивті діни ағымдарға тарту қаупін азайту мақсатында Жастар қозғалысының экстремизмге қарсы қызметін ұйымдастыру
Перейти
Услуги
Организации
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық» КЕАҚ
Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Неліктен Қазақстанда «Ехоба куәгерлері» діни бірлестігінің қызметіне Ресей Федерациясындағы секілді тыйым салынбайды?

«Ехоба куәгерлері» діни бірлестігі Қазақстан Республикасының Әділет органдарында ресми тіркелген және өз қызметін елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Бірлестіктің діни қызметіне қатысу ерікті негізде құрылады. Қоғамның әр мүшесі одан шығуға құқылы.

Діни бірлестіктің басшылығы тарапынан мәжбүрлеу шаралары көрсетілген жағдайда, қауымның әрбір мүшесі бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Ресей Федерациясындағы Иегова куәгерлерінің айналасындағы жағдайға қатысты Ресей Федерациясының сот органдарының шешімдері оларға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салуға негіз болып табылмайды.

Мешіттерде дыбыстық қысым деңгейі қалай реттеледі?

Дыбыстық қысым деңгейі  ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 ақпандағы №169 бұйрығымен бекітілген «Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтерге» сәйкес түнгі және күндізгі уақытта да дыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейі 55-тен 70 дБА-ға дейін айқындалған ережемен реттеледі.

Дін істері комитеті жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) басшылығын және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерін дыбыс қысымының деңгейін белгіленген нормаларға сәйкес келтіру, сондай-ақ діни қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.

Дыбыс қысым деңгейінің бұзылу фактісін тексеру және анықтау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ СЭБК) құзыретіне кіреді. Дыбыстың қысым деңгейі рұқсат етілген гигиеналық нормативтерден асқан жағдайда еліміздің азаматтары                   

ҚР ДСМ СЭБК жүгінуге құқылы.

Қажылыққа баруға жәрдем көрсетуіңізді сұраймын?

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті қажылықты ұйымдастыруға қатысты келесіні хабарлайды.

Қажылық жасау  тек діни іс-шара болып табылады, себебі Исламдағы бес міндеттің біріне жатады.

Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

Осыған орай, қажылықты ұйымдастыруды тікелей Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (бұдан әрі – ҚМДБ) жүзеге асырады. ДІК және басқа да бірқатар мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында  жекелеген ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚМДБ басшылығына жүгінуді орынды деп санаймыз. Сонымен бірге, шариғатқа сәйкес қажылықты орындау міндеті, тек тиісті жағдайға, оның ішінде қаржылай жағынан мүмкіндігі бар мұсылмандарға ғана қатысты болып табылады.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы