Прокуратураның жолданымдарды қарау бойынша құзыреті

 Прокуратураның жолданымдарды қарау бойынша құзыреті

 

Әлеуметтік-экономикалық саладағы жолданымдар

           Мемлекеттік органдардың қылмыстық-процестік, азаматтық-процестік заңнамамен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен реттелмейтін әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жолданымдар

 

 

1. Орны толмас салдарлар қаупі кезінде (адамдардың өмірі, денсаулығы және елдің қауіпсіздігі үшін);

2. Шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін-өзі қорғауға қабілетсіз адамдардың құқықтарының бұзылуы туралы (жеке, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты);

3. Мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу туралы.

Аталған санаттарды прокурорлар тек мынадай жағдайларда ғана қарайды:

- құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты бұзушылықтар немесе олардың басталу қаупінің туындауы;

- уәкілетті әкімшілік органның не оның лауазымды адамдарының шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау.

Егер келіп түскен жолданым (мысалы, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне) жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмесе, онда мемлекеттік органдар тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жолданымдарын қоспағанда, олар тікелей уәкілетті органдарға жіберілуге тиіс.

 

 

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бойынша жолданымдар

        Азаматтық процестік кодекстің және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормаларын қолдануға байланысты жолданымдар (азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне шағымдар)

Бас прокуратурада мыналар қарауға жатады:

- АПК-нің 54-бабының 2-бөлігінде, 435-бабының                            2-бөлігінде көзделген азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдар, шағымданудың 6 айлық мерзімі (АПК-нің 436-бабының 1-бөлігі) шегінде (қоғамдық мүдделерді немесе өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілетін кезде шектелмеген адамдар қатарының, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттілігін сот танығанда) арыз беруші кассациялық сатыға жүгіну құқығын іске асырғаннан кейін;

- АПК-нің 31-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік істер бойынша кассациялық сатының қаулыларына шағымдар (салық, кеден, бюджет қатынастарынан, қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану және молықтыру саласындағы қатынастардан туындайтын, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер ету; мемлекеттен және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде мемлекеттік сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы; сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы; әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) жеке, психикалық және өзге де мән-жайлар оларды немесе шектелмеген адамдар қатарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуі мүмкін болғанда; прокурордың қатысу қажеттілігін сот танығанда) арыз беруші Жоғарғы Сот Төрағасына жүгіну құқығын іске асырғаннан кейін шағымданудың 3 айлық мерзімі шегінде.

Бас прокуратурада мыналар қарауға жатпайды:

- соттардың іс жүргізуіндегі істер бойынша, сондай-ақ дау санатына қарамастан соттардың заңды күшіне енбеген шешімдеріне шағымдар (соттарға жіберілуге жатады);

- АПК-нің 54-бабының 2-бөлігінде көзделмеген азаматтық істер бойынша сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттар (жеке-құқықтық, корпоративтік даулар және т.б. бойынша);

- арыз беруші сот актілерін Жоғарғы Сотқа даулау құқығын іске асырғанға дейін АПК-нің 54-бабының 2-бөлігінде көзделген азаматтық істер бойынша кассациялық наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттар (АПК-нің 442-бабының 4-бөлігі);

- Жоғарғы Соттың қаулыларын қоса алғанда, күшіне енген сот актілеріне АПК-нің 31-бабының 2-бөлігінде көзделмеген әкімшілік істер бойынша наразылық келтіру туралы өтінішхаттар;

– заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беру мерзімін өткізіп алған жағдайда (АПК-нің 436-бабының 1-бөлігі -                    6 ай; АПК-нің 169-бабының 3-бөлігі - 3 ай);

- судьялардың іс-әрекеттеріне шағымдар (Жоғары Сот Кеңесіне ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберіледі,                        «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 38-1, 44-баптары).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

сот актілерінің заңдылығын қадағалау бойынша жолданымдар

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің нормаларын қолдануға байланысты жолданымдар (әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілеріне шағымдар)

Бас прокуратурада мынадай өтінішхаттар қаралуға жатады:

- кассациялық сатыдағы сотқа қаулыларға дербес шағымдану құқығы іске асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы.

- ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген қайта қарауға негіздер болған кезде (мынадай: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз қатарының құқықтары мен заңды мүдделерін не өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануының біркелкілігін бұзатын жағдайларда).

Егер өтініш берушілер сот қаулыларына өз бетінше шағым жасау құқығын іске асырмаса не ӘҚБтК-нің 851-бабының                    5-бөлігінде көзделген оларды қайта қарауға негіздер болмаса, өтінішхаттар Бас прокуратурада қарауға жатпайды (Жоғарғы Сотқа жіберіледі).

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жолданымдар

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жолданымдар

Егер сот актілерін орындау мынадай құқықтар мен мүдделерді қозғаса, олар прокуратура органдарында қаралуға жатады:

- шектелмеген адамдар қатары;

- өздерін қорғай алмайтын  (мүмкіндіктері шектеулі балалар, жетім балалар, қамқорлығынсыз қалған балалар, 1-топтағы мүгедектер, әрекетке қабілетсіз адамдар және басқалар) адамдар (немесе олардың өкілдері);

- қоғамдық және мемлекеттік мүдделер (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет ақшасымен байланысты өндіріп алу жағдайларын қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері жатпайды).

Прокуратура органдарында мыналар қарауға жатпайды:

- жеке борыштарды және жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын адамдардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша жолданымдар (уәкілетті органға жіберіледі);

- сот актілерін орындамағаны үшін борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арыздар (ішкі істер және әділет органдарына жіберіледі).

Соттарда қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау бойынша жолданымдар

Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларын қолдануға байланысты жолданымдар (қылмыстық істер бойынша сот актілеріне шағымдар, сондай-ақ тергеушінің, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша прокурордың әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдері)

        Бас прокуратурада мыналар қарауға жатады:

        ҚПК-нің 484-бабының 1-бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен наразылық келтіру туралы өтінішхаттар (Жоғарғы Сот апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін бірінші сатыдағы соттар шығарған заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға, сондай-ақ апелляциялық сатының үкімдері мен қаулыларына өтінішхаттар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды), олар бойынша істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға не қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды дұрыс қолданбауға жол берілгендер.

         Процеске қатысушылардың мынадай жолданымдары прокуратура органдарының қарауына жатпайды:

          - тергеушінің, прокурордың айыптау актісімен сотқа берілген қылмыстық істер бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдану туралы                   (ҚПК-нің 305-бабының 3-бөлігі);

        - үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы (ҚПК-нің 484-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы);

       - ҚПК-нің 486, 489-баптарының негізінде, ҚПК-нің                                488-бабының талаптарына сәйкес келмейтін қылмыстық істер бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы, прокуратура органдарына келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қараусыз қайтарылады (өтінішхатты берген адамға өтінішхаттарды қайтаруға негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін Бас прокуратураға қайта жүгінуге немесе сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатпен тікелей Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінуне оның құқығы түсіндіріледі);

- ҚПК-нің 487-бабында көзделген кассациялық наразылық келтіру мерзімдері өткен сот актілеріне кассациялық наразылық келтіру туралы (келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, заңды тиісті түрде түсіндіре отырып, қараусыз қайтарылады).

Жазаны орындаудың заңдылығын қадағалау бойынша жолданымдар

Қылмыстық-атқару кодексінің нормаларын қолдануға байланысты жолданымдар (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне қамалған адамдарды ұстаудың заңдылығына және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындаудың заңдылығына шағымдар және т.б.) және үкімдерді орындауға байланысты сот актілері

 

Прокуратура органдарында мыналар қарауға жатады:

-.қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде қамаудағыларға азаптауды және басқа да рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын қолдану туралы;

-.жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы;

- сот актілерімен келіспеу туралы (бірінші сатыдағы соттың үкімі, бірінші және екінші сатыдағы соттардың жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату/ауыстыру және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге ауыстыру, жаза мерзімін қысқарту және т.б.);

- ҚАЖ мекемелеріне қамалған адамдарды ұстаудың заңдылығы;

- ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын, есепке алынатын және қадағаланатын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша;

- бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындаудың заңдылығы.

Мынадай мәселелерге байланысты жолданымдар прокуратура органдарының қарауына жатпайды:

-.сотталғандарды коммуналдық-тұрмыстық, киім-кешекпен, еңбекпен қамтамасыз ету, тамақпен қамтамасыз ету және сапасы, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер көрсету;

-.бастауыш, орта, арнайы және жоғары біліммен қамтамасыз ету;

- еңбек қағидаларын бұзу және қорғау;

-.жәрдемақыларды, зейнетақыларды, еңбек ақыны және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу;

- басқа өңірлердің ҚАЖ мекемелеріне ауыстыру;

-.қолданылған тәртіптік жазалар мен көтермелеулерді заңды бұза отырып қолдану;

-.тінту іс-шараларымен келіспеу (тыйым салынған заттарды алып қою);

-.мекемелерде жазаны өтеу шарттарымен келіспеу, сотталғандардың құқықтары мен міндеттерін бұзу (кездесулер беру, сәлемдемелер алу, тауарлар сатып алу, телефон арқылы сөйлесу және т.б.);

- мінез-құлық дәрежесін анықтау;

-.мекемелер әкімшіліктерінің жауаптарымен келіспеушілік;

- мәдени-тәрбие жұмысы;

-.лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері (азаптауды және өзге де рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын қоспағанда);

-.айыппұл және мүлікті тәркілеу түріндегі қылмыстық жазаларды орындауға байланысты сот актілерін орындау кезінде сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) ;

-.қолданыстағы заңнамамен регламенттелген ҚАЖК мекемелерінің жолданымдарын қарау тәртібін бұзу.

 

Дата публикации
02 апреля 2022