№ 136 от 30.10.2019 г.
«Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының 2019-2021 жылдарға
арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2019 жылғы
24 шілдедегі № 76 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
001 «Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасында:
100 «Уәкілетті органның жоғары қадағалау және мемлекеттік құқықтық статистика қалыптастыру саласындағы қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасында:
«жүргізілген социологиялық зерттеулер саны» деген жолдың «2019 жыл»
деген бағанында «1» деген цифр алып тасталсын;
«Уәкілетті органның жоғары қадағалау және мемлекеттік құқықтық статистика қалыптастыру саласындағы қызметін қамтамасыз ету» деген жолдың «2019 жыл» деген бағанында «4 431 710» деген цифрлар «4 450 933» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар» деген жолдың «2019 жыл» деген бағанында «4 431 710» деген цифрлар «4 450 933» деген цифрлармен ауыстырылсын;
104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасында:
«Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» деген жолдың «2019 жыл» деген бағанында «1 778 883» деген цифрлар «1 776 389» деген
цифрлармен ауыстырылсын;
«Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар» деген жолдың «2019 жыл» деген бағанында «1 778 883» деген цифрлар «1 776 389» деген цифрлармен ауыстырылсын;
123 «Ағымдағы әкімшілік шығыстар» бюджеттік кіші бағдарламасында:
«Ағымдағы әкімшілік шығыстар» деген жолдың «2019 жыл» деген бағанында «16 197 563» деген цифрлар «16 136 936» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар» деген жолдың «2019 жыл» деген бағанында «16 197 563» деген цифрлар «16 136 936» деген цифрлармен ауыстырылсын;
111 «Прокуратура органдарының күрделі шығыстары» бюджеттік кіші бағдарлама және 101 «Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарлама осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры Ғ. Нұрдәулетов