МАЗМҰНЫ
1. |
Жалпы ережелер |
3-4 |
2. |
Міндеттері мен басым бағыттары |
4-5 |
3. |
Прокуратура органдарының функциялары мен өкілеттіктерінің аражігін ажырату |
5-6 |
4. |
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қамтамасыз ету |
|
4.1. |
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталуын заңдылығын қадағалау |
6-8 |
4.2. |
Оқиға орнына шығу және прокурордың іс-қимыл тәртібі |
8-9 |
4.3. |
Адамды ұстаудың заңдылығын тексеру |
9-11 |
4.4. |
Адамды күдікті деп танудың заңдылығын және оның іс-әрекетінің саралануын тексеру |
11 |
4.5. |
Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығын тексеру |
11-12 |
4.6. |
Қылмыстық істердің және материалдардың қадағалануы, тергелуі және аумақтылығы бойынша тапсыру |
12-13 |
4.7. |
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерінің үзілу заңдылығын тексеру |
13 |
4.8. |
Қылмыстық істі тоқтатудың заңдылығын тексеру |
14 |
5. |
Айыпталушыны сотқа беру |
14-15 |
6. |
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қадағалауды ұйымдастыру және заңдылықтың бұзылуына ден қою |
15-17 |
7. |
Қылмыстық процесте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау |
16-18 |
8. |
Қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау |
18 |
9. |
Прокурордың кезекшілігін ұйымдастыру |
18-19 |
10. |
Жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау |
19-20 |
11. |
Процесс прокуроры |
20-21 |
12. |
Қылмыстық процеске қатысушылардың қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген залалды өтеу құқықтарын қамтамасыз ету |
21-22 |
13. |
Талдау жұмысын ұйымдастыру |
22-23 |
14. |
Қорытынды ережелер |
24 |
15. |
Нұсқаулықтың №1 қосымшасы (қылмыстың жекелеген түрлері бойынша қылмыстық қудалауды қадағалау ерекшеліктері) |
|
1. |
Адам өлтіруді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау |
25-26 |
2. |
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау |
26-29 |
3. |
Есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау |
29 |
4. |
Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау |
29-30 |
16. |
Нұсқаулықтың №2 қосымшасы (процестік құжаттарды қарау, келісу (келісуден бас тарту), оларға қол қою және бекіту схемасы) |
31-35 |
17. |
Нұсқаулықтың №3 қосымшасы (қабылданатын негізгі процестік шешімдерді келісу бойынша прокурордың іс-қимыл алгоритмі) |
36-39 |
18. |
Нұсқаулықтың №4, 5 қосымшалары (адамды қызметтік үй-жайдан (уақытша ұстау камерасынан) және қамаудан босату туралы қаулы) |
40-42 |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№165 бұйрығымен бекітілген
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын
қадағалауды ұйымдастыру бойынша
нұсқаулық
Осы Нұсқаулық (бұдан əрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (бұдан əрі - ҚПК), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жəне прокуратура органдарының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге де заңнаманың қолданылуын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
2) қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
3) қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру болып табылады.
1) қылмыстық процесте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы жəне уақтылы қарау;
3) қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу құқықтарын қамтамасыз ету;
4) кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша ерекше қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
аражігін ажырату
1) Қылмыстық қудалаудан артықшылықтар мен иммунитетке ие адамдарға қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды ҚПК-нің 57-тарауында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Қызмет республика бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау саласындағы жұмысты ұйымдастырады және қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттарының (әскери аппараттарды қоспағанда), Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Облыс прокурорларына Бас прокуратура басшылығының не Қызмет бастығының жазбаша тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергеп-тексеретін нақты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүктеуге жол беріледі.
Облыс прокурорлары Бас прокуратура басшылығының не Қызмет бастығының тапсырмалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергеп-тексеретін нақты қылмыстық істер бойынша жекелеген тергеу әрекеттерінің және процестік шешімдердің заңдылығын да тексереді;
2) облыстар прокуратуралары: сотқа дейінгі тергеп-тексерудің облыстық органдарының іс жүргізуіндегі; азаптаулар туралы; құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы; сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар туралы; екі және одан да көп адамды өлтіру туралы; ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы; терроризм және экстремизм фактілері бойынша; қоғамдық резонанс тудырған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Облыс прокуратурасы аумақтық ерекшеліктерді, төменгі тұрған прокуратуралар қызметкерлерінің штаттық санын, жүктемесі мен дайындық деңгейін негізге ала отырып, тергеу органдарының облыстық аппараттарының қылмыстық істері бойынша қадағалауды ұйымдастырудың өзге тәртібін айқындауы мүмкін.
Облыстар прокурорлары облыстық прокуратуралардың арнайы прокурорлары тергеп-тексеретін қылмыстық істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
3) Бас əскери прокуратура және оған бағынысты прокуратуралар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерінде, әскери құрылымдары мен құрамаларында және мекемелерінде əскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге; əскери жиынды өтеу кезінде запастағы азаматтарға; əскери міндеттерін өтеуге байланысты əскери бөлімдерде, құрамаларда және мекемелерде немесе осы бөлімдердің орналасқан орындарында азаматтық қызметші адамдарға қатысты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
4) Бас көлік прокуратурасы және оған бағынысты прокуратуралар автомобиль (халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу бөлігінде), темір жол, су, əуе көлігі, метрополитен, сондай-ақ ғарыш қызметімен, құбыр көлігі (су құбырын және құбыр көлігінде жымқыру (ойып салу) фактілерін қоспағанда) объектілеріндегі апаттар, кеден саласында жəне осы салалардың мекемелері, кəсіпорындары жəне ұйымдарында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
5) қала, аудандық прокуратуралар қалалық, аудандық және оларға теңестірілген тергеп-тексеру органдары бөлімшелерінің қылмыстық істері бойынша, тергеп-тексеру органына қарамастан, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген істерді қоспағанда, қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
6) ҚСжАЕК және оның аумақтық органдары статистикалық ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында процестік құжаттардағы мәліметтердің Қағидаларға сәйкес электрондық ақпараттық-есептік құжаттарда көрсетілетін мәліметтерге (прокуратура органдарында сақталатын қадағалау іс жүргізуінің материалдары бойынша) сәйкестігін тексереді;
4.1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау заңдылығын қадағалау
Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болған барлық материалдарды зерделейді, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті себептердің және іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлардың болуын, сондай-ақ мерзімдердің және процестік тәртіптің сақталуын тексереді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ұсынатын қылмыстық-құқықтық статистика мәліметтерінің объективтілігі мен анықтығын, статистикалық мәліметтердің дерекқорына енгізілген уақтылығы мен негізділігін және олардың іс материалдарына сәйкестігін, сондай-ақ ҚПК-нің 181-бабының 5-тармағында және ҚПК-нің 179-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен берілген және жіберілген өтініштер мен хабарламалардың келіп түсуін бақылауды ҚСжАЕК қызметкерлері жүзеге асырады.
Есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде ҚҚ бөлімшелері прокурорлары мен ҚСжАЕК қызметкерлерінің өзара іс-қимылы жедел және тікелей ақпарат алмасуға, сондай-ақ бірлескен тексерулер жүргізуге негізделеді.
Қадағалаушы прокурорларды ақпараттық-есепке алу құжаттарында көрсетілген мәліметтердің сәйкес келмейтіндігі туралы ақпараттандыру (мысалы, саралау фабулаға, тергеп-тексеру нысанына, қылмыс субъектісіне және т.б. сәйкес келмейді) қадағалау іс жүргізуіндегі процестік шешімдердің көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін жүргізіледі. Бұл ретте, прокурорлар ҚСжАЕК қызметкерлерінің қадағалау іс жүргізулеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Есепке алу-тіркеу тәртібі талаптарының анықталған бұзушылықтары бойынша ҚСжАЕК қызметкерлері:
1) есепке алудан жасырылған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды СДТБТ-ға тіркеу туралы мәселені шешу үшін прокурорға тексеру материалдарын қоса бере отырып жібереді;
2) сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы туралы мәселені шешу үшін анықталған, есепке алудан жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты тіркемеу немесе өзге де нысанда жасырған кінәлі лауазымды адамдардың түсініктемелерін прокурорға жібереді;
3) прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.
Уәкілетті органдарда криминалдық сипаттағы ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтерді (мысалы, дене жарақаттары бар адамдардың жүгіну фактілері, салықтық тексерулердің нәтижелері және басқалары бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жіберу белгісіне тексеруді ҚСжАЕК қызметкерлері ай сайын жүргізеді.
- Бас прокуратурада - Қызмет;
- облыс прокуратурасында - ҚҚ бөлімшесі материалдарды алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Қоғамдық мүдделерді қорғау бағыты бойынша талдаулар мен тексерулердің нәтижелері бойынша қалалық, аудандық прокуратуралар мен облыс прокуратурасы анықтаған материалдарды СДТБТ-да тіркеу туралы баянатты облыс прокуроры не оны алмастыратын адам келіседі.
4.2. Оқиға орнына шығу және прокурордың іс-қимыл тәртібі
Әскери немесе көлік прокуратуралары елеулі қашықтықта болған кезде әскери бөлімдер мен мекемелердің орналасқан жерінде не әскери қызметшілер, көлікте жасаған осындай оқиғалар орындарына облыс прокуратурасы басшысының тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар шығады, олар тиісінше әскери немесе көлік прокурорларын 12 сағат ішінде ақпараттандырады.
Қажет болған жағдайда прокурор ЖТТ-ға күдіктілерді, жәбірленушілерді, куәларды тінтуді, олардан алуды, куәландыруды, ұстауды және олардан жауап алуды, уәкілетті органдардан қажетті мәліметтер алу туралы сұрау салуды жіберуді, криминалистикалық зерттеулер мен сот сараптамаларын тағайындауды тапсыра алады.
4.3. Адамды ұстаудың заңдылығын тексеру
Ұстап алудың заңдылығын тексеру және бұлтартпау шарасын таңдау кезінде күдіктінің негіздері мұқият анықталады, оның бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары, іздеуде болғаны, пробациялық бақылау талаптарын сақтауы туралы ҚСжАЕК жүйелері бойынша мәліметтердің болуы, сондай-ақ қылмыстық іс-әрекетті жалғастырудың алғышарттары және тергеуден және соттан жасырыну мүмкіндігі зерделенеді.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда прокуратура органының басшысы ұсталған адамды өз қаулысымен дереу босатады, кейін кінәлі адамдарға қатысты шаралар қолданады, ол туралы 24 сағат ішінде жоғары тұрған прокуратураға (осы Нұсқаулықтың №4 қосымшасына сәйкес қаулы шығара отырып) жедел ақпарат (арнайы хабарлама) жібереді.
Тексеруді түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері бейнетүсірілімді пайдалана отырып жүргізу ұсынылады.
Тергеп-тексеру органы әскери және көлік прокуратураларынан елеулі қашықтықта болған кезде, олардың хабарламасы бойынша аумақтық прокурорлар күдіктіні ұстаудың заңдылығын тексеруді дереу ұйымдастырып, кейін оның нәтижелері туралы ақпараттандырады.
УҰИ бірнеше прокуратураның аумағында орналасқан немесе оны бірнеше қылмыстық қудалау органдары пайдаланған кезде оны тексеруді ол орналасқан аумақтағы прокуратура не облыс прокуроры немесе оның орынбасары бекіткен тексеру кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
Тексеру барысында прокурорлар ұсталғандардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың, әйелдердің, мүгедектер мен қарт адамдардың құқықтарының сақталуына, УҰИ-да ұстау режимі мен шарттары туралы талаптардың, сондай-ақ ҚПК-нің 150-бабы ережелерінің мүлтіксіз орындалуына назар аударады.
Әскери және көлік прокуратураларының УҰИ-ды тексеруі адамды ұстау туралы хабарлама келіп түскен кезде жүзеге асырылады.
Прокурор УҰИ-ды уәкілетті мемлекеттік органдардың гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайлардың сақталуы белгісіне, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері бойынша - жылына кемінде 1 рет тексеруді ұйымдастырады.
Қызметтік үй-жайларға тексеру жүргізетін прокуратура қызметкері өз қаулысымен 3 сағаттан артық тергеу әрекеттерін жүргізбестен заңсыз ұсталған адамды прокуратура органы басшысының ауызша келісімі бойынша (осы Нұсқаулықтың №5 қосымшасына сәйкес қаулы шығара отырып) босатады.
4.4. Адамды күдікті деп танудың заңдылығын және оның іс-әрекетін саралауды тексеру
Адамды күдікті деп тану, оның іс-әрекетін саралау және қайта саралау туралы қаулылардың заңдылығын тексеру кезінде адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді (қылмыстық қудалауды) болғызбайтын мән-жайлардың жоқтығын көрсететін, қатысты және жол берілетін дәлелдемелердің (оларды басқа нақты деректермен салыстыруды қоса алғанда) жеткілікті жиынтығының болуы анықталады.
ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен ұсталған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған жағдайда, қаулының заңдылығын тексеруді және оны келісуді прокурор күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтінішхатты келісу туралы мәселені шеше отырып, бір мезгілде жүзеге асырады.
4.5. Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығын тексеру
Кәмелетке толмағандарға қатысты көрсетілген бұлтартпау шараларын таңдау мәселелеріне (ҚПК-нің 541-бабы) ерекше назар аударылады.
Күдік болған және күдіктенудің заңдылығын қосымша тексеру, ұстап алынған адамның жеке басын зерделеу қажет болған кезде прокурор тиісті хаттаманы рәсімдей отырып, одан жауап алуды ұстау орны бойынша жүргізеді.
Күдік үшін негіздердің жеткіліксіздігі уәждері бойынша өтінішхатты қолдаудан бас тартылған жағдайда, прокурор күдікті деп тану және оның әрекетін саралау туралы қаулыны келісуден бас тартады.
- сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекеттерін ұзарту себептері, қарқындылығы, уақтылығы және дәйектілігі;
- материалдарды прокурорға және сотқа ұсыну мерзімдері мен рәсімдерін сақтау (ҚПК-нің 151-бабы).
Күзетпен ұстау және үйқамақ мерзімін тергеп-тексеру мерзімінен артық ұзартуға жол берілмейді.
Тергеп-тексеру органдарының материалдарды ұсыну мерзімдерін бұзуы қабылдаудан және қараудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
Бекіту (санкция) қаулының бірінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышында тиісті бұрыштамамен көрсетіледі, прокуратураның елтаңбалық мөрімен расталады (істі электрондық форматта жүргізген кезде бұрыштаманы елтаңбалық мөрмен куәландыру талап етілмейді).
Орнын ауыстырудан (этаппен жөнелтуден) прокурордың бас тартуы уәждері мен негіздері көрсетіле отырып, хатпен ресімделеді.
4.6. Қылмыстық істерді және материалдарды қадағалануы,
тергелуі және аумақтылығы бойынша тапсыру
Тергеулігі бойынша басқа облысқа берілген қылмыстық істерді қайтару Қызмет арқылы жүргізіледі, онда іс бойынша қабылданған процестік шешімдердің негізділігін зерделеу олар келіп түскен кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық істі құқық қорғау органының орталық аппаратының немесе арнаулы органның іс жүргізуіне тапсыру Қызмет арқылы жүргізіледі.
Электрондық форматта тергеп-тексерілетін қылмыстық істі сұрау кезінде төмен тұрған прокурордың ұстанымы қылмыстық істі (материалды) ұсынбастан, жазбаша түрде баяндалады.
Республика шегінде - Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
облыс шегінде - облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
көлік прокурорларының қадағалауындағы және әскери қызметшілерге қатысты – тиісінше Бас көлік және Бас әскери прокурорлар мен олардың орынбасарлары анықтайды.
4.7. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзудің заңдылығын тексеру
Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны келіскен жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ол туралы процеске қатысушыларды хабардар етеді.
Қылмыстық іс материалдарын талап ету және зерделеу қажет болған жағдайларда, келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімді прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде қабылдайды.
Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыға келісім білдірілгеннен не келісуден бас тартылғаннан кейін дереу қылмыстық қудалау органына жіберіледі.
4.8. Қылмыстық істі (қылмыстық қудалауды) тоқтатудың заңдылығын тексеру
1) қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе оның бір бөлігінде тоқтату туралы қаулыны бекітеді;
2) уәжді қаулымен қаулыны бекітуден бас тартады және қажетті тергеу және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады;
3) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген өзге де негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады.
Прокурор ҚПК-нің 290-бабы 1-бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көзделген шешімдерді қабылдау кезінде заттай дәлелдемелердің тағдыры, бұлтартпау шараларының күшін жою, мүлікке тыйым салу, лауазымнан уақытша шеттету, процестік мәжбүрлеудің басқа да шаралары, қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе одан әрі жүзеге асыру туралы мәліметтердің бар болуын тексеруге, ал қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде өз бетінше тоқтату кезінде оларды қаулының қарар бөлігінде көрсетуге міндетті.
Аталған мәселелерді шешу және мүдделі адамдарды хабардар ету үшін қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адамға жіберіледі.
Күдіктіге қатысты таңдап алынған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылған жағдайда қаулының көшірмесін прокурор күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне орындау үшін дереу жібереді.
ҚПК-нің 289-бабының 2-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша прокурор олардың тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Адамды тәртіптік немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіздер анықталған жағдайларда қаулыда қажетті материалдарды ҚПК-нің 35-бабының 9-бөлігінде көзделген тәртіппен уәкілетті органға жіберу туралы мәліметтердің болуына назар аударылады.
Қылмыстық істер ҚПК-нің 289, 290-баптарының талаптары орындалғаннан кейін 3 тәулік мерзімде архивте сақтауды ұйымдастыру үшін ҚСжАЕК-тің аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі, ал бекітуден бас тартқан кезде одан әрі тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін дереу сотқа дейінгі тергеу органына жіберіледі.
Айыптау актісі бекітілгеннен кейін прокурор оны айыпталушыға тапсыруды және оның құқықтарын түсіндіруді қамтамасыз етеді, ол туралы айыпталушыдан тиісті қолхат алынады, ол іс материалдарына қосып тігіледі.
Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау мерзімі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ынтымақтастық туралы процестік келісімдер институтын қолдану тәртібі туралы бұйрығымен регламенттеледі.
Прокуратура органдарының басшылары ҚПК-нің 201-бабын, санкциялау туралы өтінішхаттарды, қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін және басқа да материалдарды сақтай отырып, қылмыстық істердің, оның ішінде электрондық форматта тергеп-тексерілетін істердің уақтылы бөлінуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ҚПК-де және осы Нұсқаулықта көзделген оларды тексеру мен қарау мерзімдерін бақылайды.
Процестік шешімді келісу не бекіту үшін мерзімді есептеу оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адам СДТБТ-ға енгізген кезден, сондай-ақ қылмыстық іс прокуратура кеңсесіне келіп түскен күннен басталады (сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істерді қоспағанда, олар бойынша келісу мерзімін есептеу қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адам СДТБТ-ға процестік шешімді енгізген кезден басталады).
Анықталған заң бұзушылықтар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қаулыларының күшін жою, сондай-ақ нақты деректерді жол берілмейтін деп тану арқылы жойылады.
Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар анықталған кезде прокурор сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады.
Жауапты қызметкер прокурорлық қадағалау актілерін ҚСжАЕК (WEB СДТБТ, «Қадағалау») ақпараттық жүйелерінде дереу ресімдейді.
Прокурордың нұсқауларының орындалуын бақылау мақсатында оларды орындаудың нақты және қисынды мерзімдері белгіленеді.
Жария және жасырын тергеу әрекеттерін (құпиялылықты сақтай отырып) жүргізу туралы нұсқаулар сондай-ақ күшін жою, келісуден бас тарту, істі қосымша тергеп-тексеруге қайтару туралы қаулыларда және заңдылықты бұзуды жоюға бағытталған басқа да қаулыларда жазылуы мүмкін.
51.Тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы қаулы заңдылықтың бұзылуына жол берген нақты лауазымды адамдарға қатысты шығарылады.
Қадағалау актісін қолдау және жіберу мәселесі келіп түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады.
Қажет болған жағдайда прокурорлар тергеп-тексеру органының қадағалау актілерін қарауына қатысады.
1) прокуратура органының басшысына дереу баяндалады;
2) азаптаулар туралы арыз, хабар ҚК-нің 146-бабы бойынша СДТБТ-да дереу тіркеледі.
Прокуратура органының басшысы СДТБТ-да азаптау туралы арызды, хабарламаны тіркегеннен кейін дәлелдемелерді сапалы бекітуді және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуді, оның ішінде;
1) жәбірленушіден азаптаудың барлық мән-жайлары (оқиға болған уақыт, орын, сауалнама деректері, барлық қатысы бар адамдардың, көрген адамдардың және т.б. сипаттамасы) және арыз беруші көрсеткен лауазымды адамдардың егжей-тегжейлі сипатталуымен жауап алуды;
2) оқиға орнын тексеру, бейнебақылау камераларының жазбаларын алуды және сақтауды;
3) жәбірленушінің куәландырудан және сот-медициналық сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді. Егер бұрын ұсталған адамға қатысты куәландыру жүргізілген болса, куәландыру актісін алып қоюға және оның сақталуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;
4) ҚПК-нің 12-тарауында көзделген өтініш берушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол қамауда болған жағдайда – дәлелдемелер бекітілгенге не тергеп-тексеру аяқталғанға дейін оған бөтен адамдардың кіруін шектеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда прокурор қылмыстық істі өз іс жүргізуіне қабылдағаннан кейін кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуі мүмкін.
Қалалық, аудандық прокурор тоқтату туралы қаулыны бекіткеннен кейін қылмыстық іс 3 тәулік ішінде облыс прокуратурасына жіберіледі.
Қорытындыда:
1) тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның және оның басшысының;
2) қылмыстық істі қадағалаған, айыпталушыны сотқа берген прокурордың, сондай-ақ прокуратура басшысының;
3) қылмыстық қудалауға бастамашылық жасау және ақталатын адамға келтірілген зиянды өтеу үшін процеске өзге де қатысушылардың іс-әрекеттерінің заңдылығына баға беріледі.
Бұл ретте, қылмыстық процесте азаматтардың бұзылған конституциялық құқықтарын анықтау, жою және қалпына келтіру бойынша прокурор қабылдаған шаралардың уақтылығы ескеріледі.
Қызметтің аймақтық прокуроры қорытындыны зерделеу нәтижелері бойынша анықтама жасайды, ол Қызмет бастығымен келісіледі.
Процеске қатысушылардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша ҚПК-нің 105-бабында көзделген тәртіппен уәжді қаулы шығарылады.
ҚПК-нің 106-бабында көзделген тәртіппен шығарылған сот шешімімен келіспеген жағдайда прокурор жария етілген кезден бастап үш тәулік ішінде оны апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат береді.
Кезекшілік прокуратура органы басшысының қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Прокурордың кезекшілігі және жұмыс кестесі туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, қабылдау уақыты, қызметтік телефон нөмірі) полиция ғимаратына кіреберісте, ведомстволық сайттарда және т. б. орналастыру ұсынылады.
Кезекші прокурордың жұмыс орнын кезекші бөлім үй-жайының жанында орналастыру, ҚСжАЕК және «Қадағалау» ақпараттық жүйелеріне қол жеткізе отырып, байланыс құралдарымен және компьютерлік техникамен жарақтандыру ұсынылады.
1) келушілерді электрондық есепке алу жүйесін міндетті түрде пайдалана отырып, қызметтік және өзге де үй-жайларды тексереді;
2) адамдарды УҰИ-ға қамауға алудың заңдылығын, прокурорға, ұсталғандардың туыстарына хабарламалардың уақтылы жіберілуін және олардың медициналық куәландырылуын тексереді;
3) өз өкілеттіктері шегінде кезекшілік барысында тікелей жүгінген азаматтардың шағымдарын шешу жөнінде шаралар қабылдайды;
4) қылмыстық істерді және басқа да материалдарды зерделейді.
1) Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) бастығы, орынбасарлары және қызметкерлері;
2) облыстардың прокуратураларында – облыстардың прокурорлары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар, олардың ЖІ, ҚБҚ және ЖТӘ заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасарлары, ЖІ, ҚБҚ және ЖТӘ бөлімшелерінің қызметкерлері;
3) қалалық, аудандық прокуратураларда – қалалық, аудандық прокурорлар не олардың міндеттерін атқаратын адамдар, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен ЖІҚ және ЖТӘ заңдылығына қадағалау функционалды түрде жүктелген қызметкерлер.
Тергеу судьясының тапсырмасы бойынша ЖТӘ заңдылығын тексеруді ЖІ, ҚБҚ және ЖТӘ бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ҚҚ бөлімшесі жүзеге асырады.
Тексерулер барысында ЖТӘ санкциялау үшін негіз болған ұсынылатын материалдарда қамтылған мәліметтердің құпиялығын, құпиялылық режимін және басқа да қорғау шарттарын сақтау қамтамасыз етіледі.
Процестік прокурорлар қоғамдық резонанс тудырған немесе дәлелдеу белгісіне өзекті және күрделі болып табылатын қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша не процестік басшылық нысанында тұрақты қадағалау және қылмыстық қудалау органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің іс-қимылдарын уақтылы үйлестіру қажет болатын басқа да істер бойынша тағайындалады.
Процесс прокурорын тағайындау кезінде оның жұмыс тәжірибесі, мамандануы және жүктемесі ескеріледі.
Бірнеше облыстардың немесе аудандардың аумағында қылмыс жасаған немесе тергеу әрекеттерін (сот отырыстарын) жүргізген, тергеудің күрделілігі мен көлемі үлкен болған кезде процесс прокурорларының тобы айқындалуы және топтың жетекшісі тағайындалуы мүмкін.
Процесс прокуроры айқындалған қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлген жағдайда, қажет болған кезде прокуратура басшысы процесс прокурорын айқындайды.
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық іс ауыстырылған, жұмыстан шығарылған, қадағаланудағы немесе оған қылмыстық іс бойынша одан әрі қадағалауды немесе мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар өзгерген жағдайларда тоқтатылады;
2) еңбекке уақытша қабілетсіздігі, еңбек демалысы, науқастануы не қылмыстық іс бойынша қадағалауды жүзеге асыруға уақытша кедергі келтіретін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда тоқтатылады.
Процесс прокурорын прокуратура органының басшысы ауыстырған кезде уәжді қаулы шығарылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде процестік прокурорға қарсылық білдіру туралы мәселені оны тағайындаған прокурор не жоғары тұрған прокуратураның басшысы шешеді.
Жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке залал келтіруге байланысты істер бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап қылмыстық қудалау органдарын күдіктінің, айыпталушының мүлкін анықтауға және оған тыйым салуға бағдарлайды.
Оларды өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап қоюдың болуына қарамастан, мүлікке, банк шоттарына және т. б. тыйым салу жөнінде шаралар қабылдайды.
Қылмыстық істерді сотқа жібере отырып, сондай-ақ ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 12) тармақтары негізінде іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыларды бекіту кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының процестік шығындар сомасын және өзге де шығындарды өндіріп алу туралы өтінішхатын алдын ала талап етіп алдыра отырып, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде тиісті талап қоюлар енгізу туралы мәселелерді шешеді.
Прокурорлардың талдамалық іс-әрекеті Қызметте және прокуратураларда тақырыптық және аймақтық қағидаттар бойынша ұйымдастырылады.
Аймақтық қағидат төмен тұрған прокуратура қызметінің тиімділігін және аумақтағы заңдылықтың жай-күйін талдауды көздейді. Төмен тұрған прокуратуралардың қадағалау қызметіне мониторинг жүргізу, жұмысты сапалы ұйымдастыру және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою қадағалау практикасын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Төмен тұрған прокуратуралардың қадағалау қызметін мониторингілеу, оны сапалы ұйымдастыру және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою қылмысты және оның жекелеген түрлерін қадағалаудың, бағалаудың және болжаудың, заңдылықтың, құқық тәртібінің және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйінің, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесін дамыту мен оның жұмыс істеуінің маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Төмен тұрған прокуратуралардың және олардың қадағалауындағы қылмыстық қудалау органдарының қызметінде анықталған, әсіресе жүйелі сипаттағы бұзушылықтар, сыни ескертуелер, экспресс-талдаулар түрінде немесе талдаулар, анықтамалар және қорытындылау (шолу) түріндегі ақпараттық хаттар түрінде ресімделеді.
Сыни ескертулер анықталған заң бұзушылықтардың және қадағалау қызметіндегі кемшіліктердің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, төмен тұрған прокуратуралардың атына жіберіледі.
Экспресс-талдау жергілікті жерлерде дереу жаппай немесе нақты ден қоюды талап ететін статистикалық деректердегі үрдістерді, құбылыстарды немесе ауытқушылық өзгерістерді жедел зерделеу қажет болған кезде жүргізіледі. Онда статистикалық мәліметтер, анықталған бұзушылықтар, проблемалық мәселелер, тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетіледі. Экспресс-талдаудың нәтижелері мен анықталған бұзушылықтар жедел жоюды талап етеді.
Тоқсан сайын:
1) қылмыстық процестегі адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалаудың жағдайы;
2) қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін, сондай-ақ ҚПК-нің 105 және 106-баптарының тәртібімен қаралған шағымдарды қарау кезіндегі заңдылықтың жағдайы;
Жартыжылдық бойынша:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету жөніндегі заңдылықтың жағдайы;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды, баянаттарды, шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау кезіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалаудың жағдайы;
3) мынадай:
- адам өлтіру, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар және жеке адамға қарсы өзге де өзекті қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
- сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы туралы;
- терроризм және экстремизм туралы;
- ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы;
- адам саудасы туралы қылмыстық істер бойынша қадағалаудың жағдайы бойынша талдайды.
Талдау нәтижелері облыс прокурорының қол қоюымен Бас Прокурордың орынбасарының атына есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне жіберіледі.
Прокуратура органының басшылары қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері бойынша қызметкерлердің мамандануын дамытуға шаралар қабылдайды.
Қызмет, облыс прокуратуралары Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, ҚСжАЕК-мен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, заңгер-ғалымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады; практикалық қызметте пайдалану үшін анықтамаларды, қорытындыларды, шолуларды, прокурорлық қадағалау актілерін, ұсыныстарды, әдістемелік және басқа да материалдарды жіберу арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қадағалау практикасы туралы ақпаратпен алмасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
Қылмыстық қудалау
заңдылығын қадағалауды
ұйымдастыру бойынша
нұсқаулықтың №1 қосымшасы
Қылмыстың жекелеген түрлері бойынша қылмыстық қудалауды қадағалаудың ерекшеліктері
1.1. Кісі өлтіру қылмыстары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлар зорлықпен өлтіру, өмірлік маңызы бар органдарға пышақ және оқ жарақаттарын келтіру белгілері бар мәйіттерді анықтау фактілерін СДТБТ-да тіркеуге ерекше назар аударады, айқын емес жағдайларда қылмыс жасалған салдарлар бойынша – тиісінше адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу бабы бойынша саралануға тиіс.
Тергеу процесінде, тергеу іс-әрекеттерін жүргізгеннен, қылмысты ашқаннан, кінәлі адамдарды әшкерелегеннен, өлтірудің барлық мән-жайларын анықтағаннан кейін прокурорлар сотқа дейінгі тергеу органын қылмыстық іс бойынша түпкілікті саралауды айқындауға (адам өлтіру, қажетті қорғаныстан асып кеткен кезде адам өлтіру, аффект жағдайында адам өлтіру, абайсызда өлтіру, өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру және т.б.) бағдарлайды.
1.2. Прокурорлар азаматтардың хабар-ошарсыз кеткені туралы арыздар мен хабарламаларды СДТБТ-ға қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етеді, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығы мен уақтылығына және қылмыстық істердің тоқтатылуына ерекше назар аударады. Адамдарды іздестіру туралы арыздарды дереу СДТБТ-ға тіркей отырып, оларды қабылдаудан негізсіз бас тарту фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды.
Бұл ретте, іздестіріліп жатқан адам қылмыстық құқық бұзушылықтың құрбаны болды деп пайымдауға негіз беретін белгілерге, оның ішінде сұралған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтың ықтимал жасалғанын көрсететін айғақтарының болуына; адамның кету ниеті туралы деректердің және өзінің жақындарынан кетіп қалуын, ұзақ уақытқа үйден кетуін, тұрғын үйінің ауысуын жасыру үшін себептердің болмауына; кенеттен қайтыс болуына, есінің немесе уақыт пен кеңістікте бағдарлануының жоғалуына әкеп соғуы мүмкін аурудың болмауына; хабар-ошарсыз жоғалған адам ұзақ уақыт болмаған жағдайда оларсыз жүріп-тұра алмайтын тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша жеке құжаттарының, заттарының (киімдерінің) және ақша қаражатының болуы; хабар-ошарсыз жоғалған адамда қылмыскерлердің назарын аударуы мүмкін ақша қаражатының немесе басқа да құндылықтардың болуы; автокөлікпен бірге, сондай-ақ бір мезгілде екі және одан да көп адамның жоғалып кетуіне және басқаларына ерекше назар аударылады.
1.3. Прокурорлар ҚПК-нің 271-бабының сараптамаларды міндетті түрде тағайындау туралы талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді.
1.4. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде, егер іс үшін маңызы бар мән-жайларды, табылған дәлелдемелердің (қанның, шәуеттің, биологиялық текті бөлшектердің), мәйіттің қалдықтарының нақты адамға, адам денесінің бір бөлігінің бір мәйітке немесе бірнешеуіне тиесілігін өзге сараптамалық зерттеулер дұрыс анықтай алмаса, жеке басын сәйкестендіру үшін сот молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындау қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша алынған қол іздері бойынша сот дактилоскопиялық сараптамаларды міндетті түрде тағайындау қамтамасыз етіледі.
1.5. Айына кемінде бір рет Полиция департаменттерінің басшылығымен бірлескен мәжілістерде анық емес жағдайларда жасалған кісі өлтіруді ашу және тергеу жөніндегі ЖТТ басшыларының және осы істер бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлардың есептері тыңдалады.
2.1. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша СДТБТ-да өтініш, хабарлама тіркелген кезден бастап түпкілікті процестік шешім қабылданғанға дейін ерекше қадағалау белгіленеді.
Аталған санаттағы қылмыстық істерді тергеуге қадағалауды жүзеге асыратын прокурорларды іріктеуге қойылатын ерекше тәртіп пен талаптар (істердің ерекше санатына байланысты жыныстық тиістілігіне дейін) енгізіледі.
2.2. Ерекше тетік деп қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрбір әрекетіне және процестік шешіміне тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқау беру және өзге де шараларды қабылдау арқылы тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету түсініледі, олар мынаған бағытталған:
1) қылмысты бейтарап, жылдам және толық ашу;
2) қылмыс жасаған адамды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту;
3) кәмелетке толмаған жәбірленушінің жеке (жеке және отбасылық) өмірінің құпиялығы мен қол сұғылмаушылығына құқығын қамтамасыз ету;
4) қылмыс құрбандарын оңалтудың уақтылы және толық болуына, психологиялық көмек көрсетуге (оның ішінде ата-аналарына немесе қамқоршыларына/қорғаншыларына консультациялық көмек) бақылауды ұйымдастыру;
5) қылмыстың мән-жайлары туралы ақпаратқа қол жеткізуді және оны таратуды шектеу тетігін енгізу;
6) кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану;
7) іс бойынша шағымдар мен өтінішхаттарды жедел қарау және шешу;
8) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде түпкілікті шаралар қабылдау, өзінің қызметтік міндеттеріне байланысты кәмелетке толмаған жәбірленушінің қауіпсіздігі үшін жауаптылықта болған адамдарды (әлеуметтік қызметкерлер, білім беру және медицина мекемелерінің қызметкерлері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, учаскелік инспекторлар, пробация қызметінің қызметкерлері және басқалар) әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу, оның ішінде ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілетін ұсынулардың сапасын және оларды қараудың толықтығын қамтамасыз ету.
Ерекше қадағалау шеңберінде прокуратура басшысының осы санаттағы қылмыстық істерді айына кемінде екі рет тыңдауы қамтамасыз етіледі.
2.3. Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы әрбір іс бойынша СДТБТ-да тіркелген кезден бастап 24 сағат ішінде процестік прокурор тағайындалады.
Жәбірленуші адам кәмелетке толмаған қыз бала болып табылған жағдайларда әйел жынысты процестік прокурор тағайындалады (штатында болған кезде).
Прокуратура басшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді сапалы жүргізу үшін процестік прокурорлардың балалар психологымен және педагогымен алдын ала консультация жасай отырып, кәмелетке толмағандардан жауап алудың барлығына қатысуын, олардың оқиға орнына жеке шығуын, сондай-ақ олардың кейінгі тергеу барысына қатысуын қамтамасыз етеді.
2.4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәтінен бастап қылмыстық қудалау органдары заңнамада көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, зардап шеккен кәмелетке толмағандарға қажетті медициналық, психологиялық және оңалту, оның ішінде құпиялылық шараларын сақтай отырып, қадағалау актілерін енгізу және оларды Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс (шұғыл) отырыстарында тұрғылықты жерін өзгерту және басқа оқу-тәрбие орындарына ауыстыруды жабық режимде қарау мүмкіндігін қоса алғандағы көмекті көрсетуге бағдарланады.
2.5. Тәрбие, білім беру және медициналық мекемелерде (балабақшаларда, мектептерде, интернаттарда, колледждерде, лагерьлерде және т.б.) орын алған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы сексуалдық зорлық-зомбылық фактілері СДТБТ-да тіркелген әрбір жағдайда кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты адамдардың әрекетсіздігі, салғырт қарау және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді дереу бастау қамтамасыз етіледі.
Осы санаттағы істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау органдары жауапты адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзу түрінде туындаған қоғамдық қауіпті салдарлар арасындағы себеп-салдарлық байланысты дәлелдеуге бағдарланады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде мынадай себептер анықталады:
1) мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде кәмелетке толмағандарды (жас балаларды) мерзімді медициналық тексеріп-қарау және қабылдау барысында, әсіресе «тәуекел тобындағы» балаларға қатысты анықталған балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық (оның ішінде тиісті ұқыптылық және қызметтік міндеттерін тиісінше орындау кезінде өзінің айқындығына байланысты анықталуы мүмкін болатын) белгілері туралы медицина қызметкерлерінің, психолог дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің уақтылы анықтамауы және полиция органдарын хабардар етпеуі»;
2) өздерінің қызметтік функцияларына байланысты назар аударуға, ата-аналары, өгей әкелері, педагог мамандары не өзге де адамдар тарапынан балалардың бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қылмыстарға (олардың әрекетсіздігінің, салғырт қарауының және міндеттерін тиісінше орындамауының себептері, жүргізілген қызметтік тексерулер, тәртіптік, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы) уақтылы назар аударуға, жауап беруге және болдырмауға міндетті әлеуметтік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын тиісінше ұйымдастырмауы;
3) пробация қызметтері қызметкерлерінің және учаскелік полиция инспекторларының бақылауындағы және (немесе) қадағалауындағы адамдардың балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасауына олардың әрекетсіздігі және салғырттығы салдарынан жол берілуі (есепке алынған адамдардың бақылау, жеке істерін зерделей отырып, осындай адамдарды тікелей бақылаған учаскелік полиция инспекторы мен пробация қызметінің әрекетсіздігі және салғырт қарауының себептерін, олардың дербес жауаптылыққа және олардың басшыларының жауаптылыққа тартылуын, жүргізілген қызметтік және сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді анықтау керек);
4) қоғам үшін қауіпті сексуалдық сипаттағы бұзылуы бар адамдардың зорлық-зомбылыққа бейім екендігі туралы олардың жыныстық қылмыс жасалғанға дейін белгілі бола тұра (медициналық айғақтар және сарапшылардың, дәрігер-психологтардың қорытындылары бойынша) балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасауына жол берген лауазымды адамдардыңәрекетсіздігі және салғырттығы (мұндай адамдарды бақылауға тікелей жауапты лауазымды адамдардың әрекетсіздігі және салғырт қарауының себептерін, олардың дербес жауаптылыққа және олардың басшыларының жауаптылыққа тартылуын, жүргізілген қызметтік және сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді анықтау керек);
2.6. Кәмелетке толмаған жәбірленушілердің, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының қауіпсіздік шараларын және дербес ақпараттарының құпиялығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында прокурорлық қадағалау шараларымен тергеу органдары жеке мәліметтерге қолжетімділікті, оның ішінде бүркеншік есімді пайдалану арқылы шектеуге бағдарланады.
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасын бұзу, көрінеу жалған ақпарат тарату, сондай-ақ сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету фактілері анықталған жағдайда осындай фактілерді СДТБТ-да тіркеу туралы мәселе дереу шешіледі.
Ерекше қадағалау шеңберінде тергеу әрекеттерін жүргізгенге дейін де, жүргізгеннен кейін де күдіктінің және басқа да адамдардың тарапынан болуы мүмкін қысымды болдырмау шаралары қабылданады.
Күдіктінің және өзге де адамдардың тарапынан күш қолдану қаупі төнген осындай әрбір факті бойынша процестік прокурор қылмыстық қудалау органына қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігі туралы ресми ескертпе шығару үшін дереу жазбаша нұсқау береді.
2.7. Осы санаттағы істер бойынша прокурорлық қадағалау шараларымен қылмыстың жасалу мән-жайларын, себептері мен жағдайларын, жәбірленуші мен күдікті адамның психофизиологиялық жай-күйін, оның ішінде оның зорлық-зомбылыққа бейімдігі белгісіне анықтау үшін қажетті сот сараптамаларының (сот-медициналық, геномдық, биологиялық, психологиялық-психиатриялық, одорологиялық, ұсақ бөлшектер және т.б.) барлық түрлерінің тағайындалуының уақтылығы мен реттілігі қамтамасыз етіледі.
2.8. Қылмыстық істің мерзімдерін үзу туралы шешімді келісу немесе тоқтату туралы қаулыны бекіту кезінде облыс прокурорының қабылданған шешіммен келіскендігі туралы қорытындысын қоса бере отырып, қылмыстық іс материалдарын 10 күндік мерзімде Бас прокуратураға жіберу қамтамасыз етіледі.
3.1. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың (бұдан әрі – есірткі) заңсыз айналымы туралы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық сатыларында, сондай-ақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау қажеттігі туралы мәселені қарау кезінде прокурорлар есірткіні сатып алудың және өткізудің мән-жайларын анықтайды, процестік шешім қабылдай отырып, оларды өткізетін адамды анықтайды, қажет болған кезде қылмыстық қудалау органдарына тиісті нұсқаулар береді.
Материалдарда есірткіні тұтынушылардың айғақтары не олардың есірткіні өткізушіден сатып алғаны туралы өзге де анық деректер болған әрбір факт бойынша оған адамның белгілі болуына немесе болмауына қарамастан, СДТБТ-да хабарламаны тіркеу және есірткіні тарататын адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылданады.
3.2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қауымдастықтар) жасаған есірткі қылмыстары туралы қылмыстық істер, сондай-ақ есірткіні алу, есепке алу, сақтау, беру және жою кезіндегі заңдылықты сақтау мәселелері ерекше бақылауға алынады.
Прокурорлар есірткіні жою жөніндегі комиссиялардың қызметіндегі заңдылықтың сақталуын ай сайын тексереді.
4.1. Прокурорлар жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істерді тергеудің барысы мен сапасын бақылауды тұрақты негізде қамтамасыз етеді, бұл ретте дұрыс саралауға назар аударылады. Осындай құқық бұзушылықтарға арандату фактілеріне және қабылданған шешімдердің заңдылығына ерекше назар аударылады.
4.2. Кінәлі адамдардың әрекеттерін сыбайлас жемқорлық емес сипаттағы іс-әрекеттерге қайта саралау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында да, сотта да осыған негіз болған себептер мен олардың заңдылығы мұқият зерттеледі.
4.3. Экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар және мемлекетке материалдық залал келтірумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша құқыққа қарсы қол сұғушылықтар келтірген залалдың өтелуін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалау органдарының ақша қаражатын және басқа да мүлікті анықтау бойынша уақтылы шаралар қабылдауына, сондай-ақ мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге және оған тыйым салуға уақтылы шаралар қабылдауға негізгі назар аударылады.
4.4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚПК-нің 260-бабының 2-бөлігі тәртібімен жоспардан тыс тексеруді, құжаттамалық ревизияны немесе өзге де қызметтік тексеруді келісуді прокуратура органдарының басшысы жүзеге асырады.
4.5. ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, прокурорлар ҚПК-нің 55-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген залалды өтеу бойынша, қысқартылған қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу бойынша, сондай-ақ мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету бойынша тергеу органдары қабылдап отырған шаралардың толықтығын тексереді.
Осы мақсатта прокурорлар жазбаша нұсқаулар беру арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын заңсыз олжаланған ақша қаражаты мен мүліктің тұрған жерін анықтауға, олардың түпкілікті алушыға дейін заңдастырылуы, сондай-ақ күдіктінің немесе үшінші тұлғалардың меншігіндегі мүліктің қылмыстық жолмен алынғаны не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынғаны туралы дәлелдемелерге бағдарлайды.
4.6. ҚПК-нің 71-тарауында көзделген жағдайларда прокурорлар күдіктінің, айыпталушының мүлкін сотқа дейін тәркілеу рәсіміне бастамашылық жасайды.
Қылмыстық қудалау
заңдылығын қадағалауды
ұйымдастыру бойынша
нұсқаулықтың №2 қосымшасы
Процестік құжаттарды қарау, келісу (келісуден бас тарту), оларға қол қою және бекіту схемасы
Қылмыстық істер бойынша процестік шешімдер жөнінде
ҚПК-де белгіленген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас Прокурордың бірінші орынбасары, орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, Бас Прокурордың аға көмекшілері мен көмекшілері, Қызмет бөлімшелерінің бастықтары, Қызметтің аға прокурорлары мен прокурорлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорлары және олардың орынбасарлары, ҚҚ бөлімшелерінің бастықтары, олардың орынбасарлары, ҚҚ бөлімшелерінің аға көмекшілері мен көмекшілері, аға прокурорлары мен прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, аға прокурорлар мен прокурорлар.
Прокурордың келісуі мен бекітуі қаулыны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру жолымен, ал қағаз түрінде ресімделген іс жүргізу шешімдері мен іс-әрекеттері бойынша қаулының бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышына прокурордың лауазымы, тегі, аты-жөні және қол қойған күні көрсетіле отырып, оның қолымен куәландырылатын «Келісемін», «Бекітемін» деген белгілер қою арқылы жүзеге асырылады.
- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, Бас Прокурордың аға көмекшілері мен көмекшілері, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, процесс прокуроры;
- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің бастығы, оның орынбасарлары, облыс прокурорының аға көмекшілері мен көмекшілері, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, процесс прокуроры;
- қалалық, аудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің аға прокурорлары және прокурорлары, прокуратураның аға прокурорлары және прокурорлары, процесс прокуроры.
- Бас прокуратурада - Бас Прокурор, оның орынбасарлары,
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
– қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында - облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің бастығы;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында-облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚК бөлімшесінің бастығы;
– қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында-облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚК бөлімшесінің бастығы;
– қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында-облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің бастығы;
– қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, Қызмет бөлімшелерінің бастықтары, процесс прокуроры;
- облыс прокуратурасында-облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің бастығы, процесс прокуроры;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің бастығы, процесс прокуроры.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, процесс прокуроры;
- облыс прокуратурасында-облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің бастығы, процесс прокуроры;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, қылмыстық істі қарауда мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры,оның орынбасарлары.
Бұлтартпау шараларын таңдау туралы және басқа да шешімдер бойынша
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, процесс прокуроры;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, процесс прокуроры.
– Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, сондай-ақ Қызмет бастығы қылмыстық қудалау органдарының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасары;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында - облыс прокуроры, оның орынбасарлары, басқарма бастығы;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасарлары.
Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша
- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, сондай-ақ өтініштің дәлелдері қанағаттандырылған жағдайда оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, сондай-ақ өтініштің дәлелдері қанағаттандырылған жағдайда оның орынбасарлары;
– қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, сондай-ақ өтініштің дәлелдері қанағаттандырылған жағдайда оның орынбасарлары.
Прокурорлық ден қою актілері және басқа да шешімдер бойынша
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары;
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы;
- облыс прокуратурасында- облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры.
- Бас прокуратурада - Бас Прокурор, оның орынбасарлары;
- облыс прокуратурасында - облыс прокуроры, оның орынбасарлары;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, процесс прокуроры;
- облыс прокуратурасында - облыс прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры.
- Бас прокуратурада-Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Қызмет бастығы және оның орынбасарлары, Қызмет бөлімшелерінің бастықтары, процесс прокуроры;
- облыс прокуратурасында - облыс прокуроры, оның орынбасарлары, ҚҚ бөлімшесінің бастығы, процесс прокуроры;
- қалалық, аудандық прокуратурада-аудан прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры.
Қылмыстық қудалау
заңдылығын қадағалауды
ұйымдастыру бойынша
нұсқаулықтың №3 қосымшасы
Қабылданатын негізгі процестік шешімдерді келісу (бекіту)
бойынша прокурордың іс-қимыл
А Л Г О Р И Т М І
Прокуратура органдарының басшыларына:
жұмыс уақыты ішінде әрбір 4 сағат сайын СДТБТ ақпараттық жүйесіне қылмыстық қудалау органынан келісуге не процестік шешімдерді бекітуге келіп түсу мәніне жеке мониторинг жүргізу;
процестік шешім келіп түскен кезден бастап 1 сағат ішінде оның заңдылығын тексеру үшін сәйкесінше бөлуге сәйкес уәкілетті не процестік прокурорларға беруді;
мониторинг процесінде ҚПК және осы Нұсқаулықта көзделген мерзімдерді бақылау, сондай-ақ уәкілетті не процесс прокуроры қабылдаған процестік шешіммен келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру;
қадағалаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, іс бойынша қарама-қайшы шешімдердің қабылдануын болдырмау мақсатында нақты қылмыстық іс бойынша барлық процестік шешімдерді тексеруді бір уәкілетті прокурорға тапсыру;
уәкілетті прокурорлар дайындаған процестік құжаттардың жобаларын алдын ала тексеруді және қол қоюды қамтамасыз ету ұсынылады.
заңдылықты тексеру және келісім білдіру
(келісуден бас тарту) тәртібі
Дереу, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей қабылданатын келісу не келісуден бас тарту туралы шешімдер бойынша уәкілетті не процесс прокурорларына:
Қабылданатын шешім прокуратура органының басшысымен алдын ала келісіледі, ол басып шығарылған, қадағалау іс жүргізуіне қосып тігілетін процестік құжатта өзінің келісімін білдіреді.
Өз басшысының мақұлдауын алған соң уәкілетті прокурор:
қабылданған процестік шешіммен келіскен жағдайда СДТБТ-да тиісті «Келісемін» батырмасын басады;
адамды күдікті деп танумен келіспеген жағдайда - келісуден бас тарту туралы уәжді қаулы қалыптастырады және оған ЭЦҚ-мен қол қояды.
Адвокаттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының кәсіптік және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыстар жасаған кездегі оларды күдікті деп тану туралы және іс-әрекеттерін саралау туралы қаулыларды келісу не келісуден бас тарту туралы шешімдерді тек прокуратура органының басшысы қабылдайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзуді келісу не келісуден бас тарту туралы шешім бойынша уәкілетті не процестік прокурорларға:
жұмыс уақыты ішінде әрбір 3 сағат сайын СДТБТ ақпараттық жүйесіндегі қадағалау журналына прокуратура органының басшысынан тексеру үшін іс жүргізу шешімдерінің келіп түсуі мәніне тексеру жүргізу;
процестік шешімді тапсырманы алған сәттен бастап 2 күн ішінде оның заңдылығы мен негізділігі тұрғысынан тексеру (істі талап етіп алдыру қажет болған жағдайда, сұрау салу 1 күн ішінде жіберіледі, бұл ретте заңдылықты тексеру мерзімі мерзімді үзу туралы қаулы келіп түскен күннен бастап 10 тәуліктен аспауы тиіс) ұсынылады.
Қабылданатын шешім прокуратура органының басшысымен алдын ала келісіледі, ол басып шығарылған, қадағалау іс жүргізуіне қосып тігілетін процестік құжатта өзінің келісімін білдіреді.
Өз басшысының мақұлдауын алған соң уәкілетті прокурор:
қабылданған процестік шешіммен келіскен жағдайда СДТБТ-да тиісті «Келісемін» батырмасын басады;
адамды күдікті деп танумен келіспеген жағдайда - келісуден бас тарту туралы уәжді қаулы қалыптастырады және оған ЭЦҚ-мен қол қояды.
бекіту не бекітуден бас тарту
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды бекіту не бекітуден бас тарту туралы шешім бойынша уәкілетті не процестік прокурорларға:
жұмыс уақыты ішінде әрбір 3 сағат сайын СДТБТ ақпараттық жүйесіндегі қадағалау журналына прокуратура органының басшысынан тексеру үшін іс жүргізу шешімдерінің келіп түсуі мәніне тексеру жүргізу;
прокуратура кеңсесіне материалдар келіп түскен сәттен бастап 7 күн ішінде қылмыстық істі зерделей отырып, процестік шешімді заңдылық пен негізділік мәніне тексеру ұсынылады;
Уәкілетті прокурор:
Уәкілетті прокурор «Қадағалау» жүйесінде қылмыстық істі ҚСжАЕК-нің аймақтық бөлімшесінің архивіне не бекітуден бас тартылған жағдайда - сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жіберуді дереу ресімдейді.
Дереу, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей қабылданатын бекіту не бекітуден бас тарту туралы шешімдер бойынша уәкілетті не процестік прокурорларға:
Уәкілетті прокурор:
Уәкілетті прокурор «Қадағалау» жүйесінде қылмыстық істі сотқа жіберуді не бекітуден бас тартылған жағдайда - анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, ал ҚПК-нің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда - облыстық ҚСжАЕК-нің аймақтық бөлімшесінің архивіне жіберуді дереу ресімдейді.
Облыс прокурорлары ведомстволық бақылауды жүзеге асырады және төмен тұрған прокурорлардың қылмыстық істер бойынша негізгі процестік шешімдерді келісуі мен бекітуінің (келісуден, бекітуден бас тарту) заңдылығы, негізділігі және уақтылығы үшін дербес жауаптылықта болады.
Облыстық прокуратуралардың ҚҚ бөлімшелерінің аймақтық бақылау прокурорлары СДТБТ ақпараттық жүйесіне тұрақты мониторинг жүргізеді, қалалық, аудандық прокуратуралар қабылдайтын іс жүргізу шешімдерінің (келісу, келісуден бас тарту, бекіту, бекітуден бас тарту) заңдылығы мен уақтылығын зерделейді, заңсыз шешімдерге жедел әрекет етеді, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді уақтылы жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Облыстардың прокуратуралары ҚҚ бөлімшелерінің аймақтық бақылау прокурорлары көрсетілген шешімдерді төмен тұрған прокуратура іс жүргізу шешімін келіскен (келісуден бас тартқан) не бекіткен (бекітуден бас тартқан) күннен бастап 10 тәулік ішінде зерделейді. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, облыс прокуратурасының ҚҚ бөлімшесінің аймақтық бақылау прокуроры оның күшін жою туралы қаулының жобасын дайындайды, ол қол қою үшін облыс прокуратурасының басшылығына, облыс прокуратурасының ҚҚ бөлімшесінің бастығына енгізіледі.
Қызметтің аймақтық бақылау прокурорлары облыстардың прокуратуралары мен қалалық, аудандық прокуратуралардың келісу, бекіту (келісуден бас тарту, бекіту) туралы қабылдайтын шешімдерінің заңдылығын, негізділігін және уақтылығын тексеру үшін СДТБТ ақпараттық жүйесіне жалпы республикалық мониторинг жүргізеді, сондай-ақ облыс прокуратураларының олардың қалалық, аудандық прокуратуралардың қадағалау функцияларын іске асыруына ведомстволық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысына баға береді.
Төмен тұрған прокурор келісу (бекіту) туралы не келісуден (бекітуден) бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 тәулік өткен соң Қызметтің аймақтық бақылау прокуроры мұндай шешіммен келіспеген жағдайда, оның күшін жою туралы қаулының жобасын дайындайды, ол Бас прокуратураның басшылығына, Қызмет бастығына не оның орынбасарларына қол қою үшін енгізіледі.
Төмен тұрған прокуратуралардың және олардың қадағалауындағы қылмыстық қудалау органдарының қызметінде анықталған, әсіресе жүйелі сипаттағы бұзушылықтар Қызметтің және облыс прокуратураларының сыни ескертулері, жедел талдаулары және ақпараттық хаттары түрінде ресімделеді, сондай-ақ Бас прокуратура мен облыс прокуратураларының қорытынды алқаларындағы бұзушылықтар тізіліміне және басқа да материалдарға енгізіледі.
Сыни ескертпелерді, экспресс-талдауларды және ақпараттық хаттарды жіберген кезде міндетті түрде анықталған бұзушылықтарды жою және тиісті жауапты ұсыну мерзімі көрсетіледі.
Қылмыстық қудалау
заңдылығын қадағалауды
ұйымдастыру бойынша
нұсқаулықтың №4 қосымшасы
Бұлтартпау шарасын қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты
күдіктіні күзетпен ұстаудан босату туралы
ҚАУЛЫ
_________________ 202__ жылғы «__» _______(толтырылған орны)
Прокурор _______________________________ азамат _____________________
(прокуратураның атауы, сыныптық шені, Т. А. Ә.)(Т.А.Ә.)
қатысты ұстау хаттамасын қарап, №________________қылмыстық іс материалдарын зерделеп,
АНЫҚТАДЫ:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жасалған құқық бұзушылықтың қысқаша мән-жайы, күдіктінің Т. А. Ә., СДТБТ-ның тіркеу нөмірі, ұстау және УҰИ-ға қамау күні баяндалады)
ҚР ҚПК-нің 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырылады не істі объективті тергеуге немесе оны сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық қызметпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізетін орган өз өкілеттіктері шегінде осы адамдарға ҚР ҚПК-нің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқылы.
ҚР ҚПК-нің 136-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау кезінде, егер ондай болса, неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарау қажет.
ҚР ҚПК-нің 138-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі және ҚР ҚПК-нің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеу кезінде жасалған қылмыстың ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы, отбасында асырауындағылардың болуы, күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланыстарының беріктігі, күдіктінің, айыпталушының беделі, жұмыс түрі, күдіктінің, айыпталушының, тұрақты жұмыс немесе оқу орны, мүліктік жағдайы, тұрақты тұрғылықты жерінің болуы және басқа да жағдайлар ескерілуі тиіс.
ҚР ҚПК 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес ҚР ҚПК-нің 136-бабында аталған негіздер болмаған кезде жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз болып табылмайды.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(УҰИ-ға қамауға алынған адамды босатудың негізі баяндалады)
Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабын, ҚР ҚПК 133-бабының 1-бөлігі 2-тармағын, 198-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
(УҰИ атауы)
(УҰИ атауы)
___________________________________ жіберілсін.
(қылмыстық қудалау органының атауы)
Прокурор ________________________ _________________
(прокуратураның атауы) (қолы) (аты-жөні)
Қылмыстық қудалау
заңдылығын қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулықтың №5 қосымшасы
Адамды қызметтік үй-жайдан (уақытша ұстау камерасынан) босату туралы
ҚАУЛЫ
_________________ 202__ жылғы «__» _______
(толтырылған орны)
«___» сағ. «_ _ _» мин.
Прокурор _________________________________,
(прокуратураның атауы, сыныптық шені, Т. А.Ә.)
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары заңдылығының сақталуына_________________________________
(қылмыстық қудалау органының атауы)
тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексеру барысында,
АНЫҚТАДЫ:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(анықталған бұзушылықтың қысқаша мән-жайы, жеткізілген күдіктінің Т. А. Ә.)
Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабын, ҚР ҚПК-нің 133-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
(қылмыстық қудалау органының атауы)
босатылсын.
(қылмыстық қудалау органының атауы)
жедел кезекшіге (тергеушіге, анықтаушыға)берілсін.
Прокурор _____________________ _________________
(прокуратураның атауы) (қолы) (аты-жөні)
Қаулының көшірмесін алдым: жедел кезекші (тергеуші, анықтаушы) _________________________________.
(қылмыстық қудалау органының атауы)