Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018жылғы«18» 06
№ 80бұйрығымен
бекітілген
|
Прокуратура органдарында
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді
ұйымдастыру жөніндегі
н ұ с қ а у л ы қ
ҚПК 58-бабының 1-бөлігінде көрсетілген прокуратура органдарының басқа бөлімшелерінің прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚПК-да және осы Нұсқаулықта көзделген жағдайларда және тәртіпте жүзеге асырады.
1) Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, бақылау-әдістемелік басқармасының (бұдан әрі - БӘБ) бастығы;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының(бұдан әрі – Бас Прокурор), Қызметтің аға көмекшілері, көмекшілері;
3) басқарма бастықтары және олардың орынбасарлары, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері, көмекшілері, басқарманың аға прокурорлары, прокурорлары(криминалистер) болып табылады.
2.Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру
1) шектелмеген адамдар қатарының[1] және (немесе) мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, Қылмыстық Кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 3-бабының 4) тармағында көрсетілген кең қоғамдық резонанс не ауыр зардаптар туғызған;
2) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соққан азаптаулар бойынша;
3) ҚК-нің 17-тарауында көзделген, күрделі болып табылған және қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқығын елеулі түрде бұзылуына әкеп соққан;
4) прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты істер басымды санаттар болып табылады.
Өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша тергеп-тексерудің объективтілігін, толықтығын және жеткіліктілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, оның ішінде нақты істі тергеп-тексеру кезінде құқық қорғау және арнайы органдар мүдделерінің ведомствоаралық қақтығысы кезінде ҚПК-де көзделген тәртіппен, осы Нұсқаулыққа сәйкес одан әрі тергеп-тексеру арнайы прокурорға тапсырылуы мүмкін;
5) прокуратура органдарының тексеруі барысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражаттарды игеру кезінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, көлеңкелі экономика саласында анықталған.
Бас Прокурордың тапсырмасы бойыншаосы санаттағытергеп-тексеруді Қызметтің, облыс прокуратураларының немесе оларға теңестірілгенпрокуратуралардың арнайы прокурорларына жүктелуі мүмкін.
1) ҚПК-нің 194-бабына сәйкес тергеу, тергеу-жедел тобының құрамына енгізілген кезде;
2) ҚПК-нің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттілігі болған кезде;
3) тергеп-тексерудің объективтілігін және толықтығын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайлардақылмыстық қудалау органының неқылмыстық процеске қатысушының жазбаша өтінішхаты бойынша (ҚПК-нің 193-бабы 1-бөлігінің 12)тармақтасына сәйкес) жүргізеді.
Келісу дәлелді өтінішхат жолдау арқылы, қажет болған жағдайда іс материалдарының көшірмелерін қоса бере отырып жүргізіледі. Оларды зерделеу және талдау негізінде 3 тәулік ішінде Қызмет бастығының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған дәлелді себептері көрсетілген хатымен істі қабылдау келісіледі не келісуден бас тартылады.
Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың негіздемелері болған кезде Қызметке қажет болған жағдайдаіс материалдарының көшірмелерін қоса тіркей отырып, уәжделген өтінішхат жолданады.
Қызмет ұсынылған материалдардың осы Нұсқаулықтың басымды өлшемдеріне сәйкестігін тексеріп, 3 тәулікішінде Бас Прокурордың атына істі іс жүргізуге қабылдаудың дұрыстығы туралы қызметтік жазбаны ұсынады не істі іс жүргізуге қабылдаудан бас тартады.
Қызмет бастығы Бас Прокурордың прокурордың істі іс жүргізуге қабылдау тапсырмасы туралы аумақтық бөлімшелерді жазбаша хабардар етеді (іске Бас Прокурордың тапсырмасын растайтын құжат ретінде қоса тіркеледі).
Көрсетілген мерзім ішінде Қызмет іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы аумақтық бөлімшелерге жазбаша хабардар етеді.
13-1) Қадағалаушы прокурор тексеру барысында 9-тармақтың 1), 5) тармақшаларында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтап, материалдарды арнайы прокурорлардың іс жүргізулеріне қабылдау мүмкіндіктерін арнайы прокурорлар бөлімшесімен келіседі.
Арнайы прокурор 3 тәулікке дейін материалдарды зерделеп, негізделген анықтама толтырып, облыс немесе оған теңестірілген прокурорға, Қызмет бастығына өзінің ұстанымын баяндайды.
Аталған қылмыстық істерді арнайы прокурордың іс жүргізуіне қабылдау осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес жүргізіледі.
15.Тергеу және тергеу-жедел топтарын (бұдан әрі-ТТ, ТЖТ) құру ҚПК-нің 194-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Қызмет Бастығы, оның орынбасарлары және басқарма бастықтары ҚПК 194-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес облыс прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорлары қатарынан тергеу топтарын құра алады.
Арнайы прокурордың жетекшілігімен ТТ-ны (ТЖТ) ҚПК-нің 194-бабының 3-бөлігіне сәйкес Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыс және оларға теңестірілгенпрокурорлар құрайды.
ТТ-на (ЖТТ) тергеушілер және басқа да қудалау органдарының жедел қызметкерлерінің кандидатураларын енгізу олардың басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.
Тергеп-тексеру жоспары нақты тергеу әрекеттерініңтізбесінен жедел шұғыл-іздестіру шараларынан, олардың іс жүргізу мерзімінен және орындаушыларынан тұруы тиіс.
Бекітілгеннен кейін жоспардың көшірмесі дереу Қызметке жолданады.
Тікелей басшылығына оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс жолдана отырып, жүйелі немесе өрескел бұзушылығы үшін қызметкер ТТ-ның (ТЖТ) құрамынан шығарылады.
Іс бойынша сонғы шешім қабылданғаннан кейін топ жетекшісі ТТ-ның (ТЖТ) мүшелерінің жұмыс орны бойынша қылмыстық қудалау органына іске қатысу уақытының аяқталуын көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлайды.
Өзін жақсы жағынан танытқан ТТ-ның (ТЖТ) мүшелеріне қатысты топ жетекшісі оларды марапаттау туралы өтінішхат жасайды.
Бас әскери прокуратураны және көлік прокуратурасын қоспағанда, мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына енгізілетін ұсынымдарБас Прокуратура арқылы жолданады.
1) Бас прокуратурада – Қызмет бастығы, оның орынбасарлары;
2) облыс прокуратураларында және оларға теңестірілгендерде – басқарма бастығы, оның орынбасары шешеді.
Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі ҚПК, Қазақстан Республикасы Үкімет қаулыларымен Бас Прокурордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Бас прокуратурада – Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, оның орынбасарлары, БӘБ-тің бастығы;
Облыс прокуратурасында және оған теңестірілген прокуратурада – облыс прокуроры, оған теңестірілген прокурор және Басқарма бастығы жүзеге асырады.
тергеп-тексеру жоспарларын бекіту;
нұсқаулар беру және оларды орындау бойынша бақылау;
Қызметтің, облыс және оларға теңестірілген прокуратура басқармаларының арнайы прокурорларының, сондай-ақтергеу-жедел топтары мүшелерінің тергеп-тексеру нәтижелері туралы тыңдалуы;
Қызметке ай сайын тергеп-тексеру нәтижелері туралыақпарат ұсыну;
тергеу әрекеттерін жүргізудің және процестік шешім қабылдаудың, сондай-ақ электронды ақпараттық-есепке алу құжаттарын ұсынудың уақтылы болуын тексеру;
ҚПК-да және осы Нұсқаулықта көзделген басқа шаралалар арқылы жүзеге асырылады.
конституциялық құқықтың бұзылуы;
ҚПК-нің 302-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы және ҚПК 323-бабы тәртібінде істерді қайтару;
ҚПК-нің 626-бабы 4-бөлігінің тәртібінде істерді қайтару;
ҚПК-нің 405-бабы 2-бөлігінің тәртібінде жеке қаулылар шығару;
ҚПК-нің 105, 106-баптарының тәртібінде шағымдарды қанағаттандыру;
прокурорлар тергеп-тексеретін істер бойынша мерзімін үзу және тоқтату туралы қаулылардың күшін жою фактілері туралы ақпараттандырылады.
істерді тергеп-тексеру әдістемелерін әзірлеу;
сот-тергеу практикасын талдау;
істерді зерделеу және олар бойынша нұсқаулар әзірлеу, аймақтарға практикалық көмек көрсету;
осы Нұсқаулықта көзделген жағдайларда, арнайы прокурорлардың аймақтарда істі іс жүргізуге қабылдауын келісу;
облыс және оларға теңестірілгенпрокуратуралардың аумақтық басқармаларында арнайы прокурорларды тағайындауды және босатуды келісу негізінде жүзеге асырылады.
қылмыстық істерді тергеп-тексеру(қылмыстық істер санын, қылмыстық құқық бұзушылықтың түрлері мен санаттарын,тергеп-тексеру нәтижелерін), оның ішінде азаптау туралыжәне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралыжай-күйі;
өзге қылмыстық қудалау органдары бастағанқылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізуінеқабылдаудың негізділігін;
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімдерін үзудің, тоқтатудың негізділігін;
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және күзетпен ұстаудың, үйқамақта ұстаудың мерзімдерін сақтауды;
қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың өтелуін;
қылмыстық істерді тергеуге алынғандығы бойынша қылмыстық қудалау органдарына жолдау (не қайтару) негізділігін;
күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану практикасын;
ҚПК-нің 105 және 106-баптары тәртібінде арнайы прокурорлардың шешімдеріне шағымдану практикасын, сондай-ақ ҚПК-нің 405-бабыныңтәртібінде соттардың жеке қаулыларды шығару практикасын;
ҚПК-нің 323-бабының тәртібінде прокурордың және соттың істерді қосымша тергеп-тексеруге қайтаруын;
ақтау негіздері бойынша соттың ақтау үкімдерін және істерді тоқтату қаулыларын шығаруын көрсете отырып, тоқсан сайын талдау жүргізіледі.
Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың қолы қойылғанталдау нәтижелері Қызмет бастығының атына тоқсан сайын есептікезеңнен кейінгі айдың 3-ші күніне жолданады.
Қызмет осы бағыт бойынша жұмыстың жағдайын тоқсан сайын есеп беру кезеңінің келесі айының 15-ші күніне дейін талдайды.
прокуратура органдарының басқа құрылымдық
бөлімшелерімен өзара іс-қимылы
Осы мақсаттарда Қызмет Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
[1]«Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» ҚазақстанРеспубликасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы №60 бұйрығыменбекітілгенМемлекеттік, жергіліктіөкілдіжәнеатқарушыоргандардың, жергіліктіөзін-өзібасқаруоргандарыныңжәнеолардыңлауазымдыадамдарының, меншікнысанынақарамастанөзге де ұйымдардың, сондай-ақоларқабылдайтынактілер мен шешімдерін, заңдыкүшінеенген сот актілерін, атқарушылықісжүргізу, азаматтықжәнеәкімшілікістербойыншасоттамемлекетмүдделерінбілдірубойыншақадағалаудыұйымдастыружөніндегі нұсқаулықтың 8-тармағы 3-тармақшасының 5-абзацы. ҚазақстанРеспубликасыныңӘділетминистрлігінде 2018жылғы 17 мамырда№16894 болып тіркелді.